Home » Балабақша » «Табиғатты сүйесің бе! Дәстүріңді білесің бе?»

«Табиғатты сүйесің бе! Дәстүріңді білесің бе?»

«Өнерлі бала сүйкімді» дегендей рухты көтерер әсем ән, мың бұралған би, ұлттық киіммен оркестрде халық музыкасын ойнаған балғындарға қарап шын сүйсінесің…
Өнерпаздыққа, сұлулыққа тәрбиелеген жандармен танысуыға асығып, адалдықпен, еңбексүйгіштікке, табандылыққа үйрету үшін төккен теріне алғысыңды білдіруге асығасың.
Мектепке дейінгі ұйымдар арасындаға әр түрлі тақырыпта өтіп жатқан қалалық кластерлер әр балабақшаны өз қырынан тануға мүмкіндік береді.
Жолымыз түсіп, есігін ашқан жаңа орта Нұр-Сұлтан қаласындағы №49 «Алтынай» балабақшасы. Ашылғанына 10 жыл толған білім ордасындағы 10 топта таза қазақ тілінде білімі алатын  200 ден аса бүлдіршінге жоғарғы санатты, 3 бірінші, 8 екінші санатты тәрбиешілер мен пән мұғалімдері  тағылым тәрбие беріп келеді. Шағын ұжымда бірлікпен ғана бағындырып келе жатқан педагогтардың жетістігі әр шәкіртінің биігі.
Балабақша қабырғасында жүріп Халықаралық ХII музыкалық фестивальдан I орын, қалалық театрлық қойылымнан
II орын, қалалық «Брейн ринг» ЖЖЕ-де II орын, өрт қауіпсіздігіне байланысты өткен сайыста III орын, тілдер мерекесі күніне орай өткен байқауда көркем сөз оқудан аталымға, «Бала шабыт», «Ақкөгершін» фестивальдерінде III орын иеленген жеңімпаздармен таныстық.
Сөзге емес, іске жақын ұжымның ғылыми жетекшілері Ақжарқын Бәделқызмен бірлесе «Этноэкологиялық тәрбие» атты әдістемелік құрал шығаруы ұжымның ізденісі мен жаңашылдығының көрнісі.
12 ақпан күні өткен кластердің тақырыбын да «Табиғатты сүйесің бе! Дәстүріңді білесің бе?» деп алып бүгінгі күннің өзекті  мәселесі экологиялық тәрбиені жүзеге асыруда балалардың ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіре отырып, туған жеріміздің табиғатын қорғауға тәрбиелеуді өз бағыттарына қосқан  ұжым судың қасиетін, қоршаған орта үшін маңызын балаларға түсіндіруді мақсат еткен.
Алғашқы сөз ұзақ жыл білім саласында жемісті еңбек етіп,  ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып келе жатқан тәжірибелі маман балабақша меңгерушісі Керимбекова Салтанат Купшиловнаға берілді.Серіктес 6 балабақшадан жиналған бүлдіршіндерге жеңіс, ұжымына сәттілік тіледі.  Екінші жыл қатарынан жұмыс жасап келе жатқан алты балабақша бірлескен экологиялық бағыттағы кластердің  жетекшісі №63 «Әсем-ай» балабақшасының меңгерушісі Байботанова Аида Жұманқызы өткен жылы педагогтар жұмыстарын көрсеткен кластердің биылғы бағыты балалар және ата-аналармен жұмысты көрсету екенін түсіндірді.
Барлық балабақшаның педагогтары да өз ізденістерімен экологиялық бағытта балаларға берген ақпараттарын, тәжірибелік жұмыстардың нәтижесін де осы күні көрсетті.
Балалар арасында өткен сайысқа №54 «Нұрай», №68 «Балбұлақ», №94 «Сұңқар», №92 «Жауқазын», №63 «Әсем-ай», №49 «Алтынай» балабақшаларының үш тәрбиеленушіден құралған көшбасшылары қатысты.
Барлық балабақшаның тәрбиешілері тақымын қысқан сайысқа Гуманитарлық колледжінің аға оқытушысы, 40 жыл шәкірт тәрбиелеп келе жатқан педагогтар арасында есімі таныс ұлағатты ұстаз Бургегулова Капия Касымовна, «Өрлеу» БАҰО АҚ оқытушысы Боранбаева Ләйла Қайырбекқызы және  №77 «Қошақан» балабақшасының әдіскері Сомшина Ақмарал Есимхановна  төрелік жасады. Сәлемдесудің сан түрін көрсеткен сайыскерлер екінші бөлімге топ басшыларының қойылған сұрақтарға  берген дұрыс жауаптарынан кейін өтті.  «Табиғатты жырлаймын» өз өнерлерін ортаға салған бүлдіршіндер ән мен биден бір-бірінен кем түспеді. Әр бөлімнің ортасында топ басшылары жасырылған хаттарды тауып сұрақтарға жауап беріп отырды.
Сайыстың ең қызықты әрі тартысты кезеңі сахналық қойылым. №63 «Әсем –ай» шәкірттері су көзі жабылып шөлдеген алтын балық пен жайқалған гүлге көмектескен су патшасын көрсетсе,  №68 «Балбұлақ» қатысушылары  ата мен әже рөлінде жас сәбиді таза сумен жуындырып,  тіл-көзден сақтасын деп сумен ұшықтаған ата образын сомдады.
№94 «Сұңқар» тобы саябақта адасқан кішкентай қызбен қозыны қасқырдан құтқарған сиқырлы судың ертегісін көрсетті.
№54 «Нұр-ай» дауласқан жер-ауа-судың бір-бірінен ажырай алмайтын достығын, жер ананың жайқалуы үшін судың керегін, таза ауамен тыныстау үшін де су қажет екенін тамаша көрсетті.
№49 «Алтынай» қатысушылары бау-бақшада жүріп суды орынсыз шашқан,  жасыл желекті жұлған Алиханның ойын өзгертіп, ақылын айтқан қорықшы ағайдан кейін нағыз табиғат жанашырына айналған Алиханды көрсетті. Таптырмас идея, ұйқасын тапқан өлеңдер оқылды. №92 «Жауқазын» балабақшасы көлеңкелі қойылым көрсетіп су болмаса жер жүзінің сұлулығының  қашатынын шеберлікпен бейнелеп, ақ жауынның пайдасы құстар қайта сайрап, көбелектер сайран салып, жер ана жайқалғанын көрсетті. Нағыз ізденіс.
Тәжірибелік бөлімде судың пайдасы мен өзгеріс күйін әртүрлі тақырыпта көрсетті.
Тыңғылықты дайындықпен балалардың су қасиетін жете түсінгені сайыс барысында көрініп отырды.
Байқау болған жерде жеңімпаз есімі аталатыны белгілі нәтижесінде жүлделі
I орынды №94 «Сұңқар» балабақшасы иеленді. Топ бастаған Қажымұрат Нұртөре, Джуманов Айбар,  Базарғали Зерені тәрбиешісі Кенжина Анаргүл Мухамурахимовнаны жеңістерімен құттықтаймыз.
II орынға №92 «Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі  Илипбаева Гульнар Бейсембаевнаның  шәкірттері Нұрадин Алинұр, Хулша Мұстафа, Алтынбекқызы Ляйсан ие болды.
Жүлделі
III орын № 49 «Алтынай» балабақшасының тәрбиешісі Ақниязова Любовь Жақсымұратовнаның шәкірттері Дүйсенғали Нұрислам, Сәкен Мәди, Сағит Әзизаға бұйырды.
Қалған үш балабақшаның қатысушыларына «Көрермен көзайымы», «Табиғат жанашырлары» , «Болашақ эколог» аталымдарымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Сергіту сәтін өткізген аталмыш балабақша психологі Тұяқбаева Толқын Сұлтанқызының сұлу табиғаты ар
қылы әріптестерінің туған жерін тауып танысқан қатысушылардың көңілдері  тамаша тренингтің арқасында бір көтеріліп қалды.  «Біз бірлескен бір іс» тақырыбымен шығармашылық жұмыс жасаған тәрбиешілер үш топқа бөлініп жануарлар мен құстардың, гүлдердің аттарын келтіре ойларынан өлең құрады. Түрлі құралдармен тақырыпқа бұйымдар жасады. Көпшілік алдында көрсетіп, шығармашылық пен шеберліктерін ортаға салды.  Педагогтардың да жан-жақтылығын көрсеткен жұмысты балабақшаның қос әдіскері Дуйсекулова Лаура Беккалиевна мен Камбарова Алия Уалихановна ұйымдастырды.
Шығармашылықтарына оң бағасын беріп талдап өткен педагогика ғылымдарының кандидаты, ғылыми жетекші Ақжарқын Бәделқызы   іс –шараға қатысушылардың ой пікірлерін сұрады.
Қонақтар арасынан №77 «Қошақан» балабақшасының меңгерушісі Назгүл Гадылханқызы оң бағасын беріп,  ұжымға шығармашылық табыс тіледі.
Тәрбиешілер мен әдіскерлер де шәкірттердің өнерін жан-жақты көрсетуге ұйытқы болған ұжымның еңбегіне алғысын білдірді. Сайыстың өз дәрежесінде өтуіне тәрбиешілердің өзара танысып бірлесе жұмыс жасауына өз үлестерін қосқан музыка жетекшілері Әбілбекова Арайлым Хамитқызы,  Бейбіт  Нұрбек тәрбиешілер Қарашаева Гүлнұр Нұрмаханбетова, Абдирахманова Мадина Фахридадиқызына, Үкібаева Маржан Мұратовна, Балабекова Жаннат Үсенқызы, Турганбаева Ұлжан Тумидиевнаға бізде  алғысымызды білдіреміз.
Ұжымның бірлігі, өзара түсіністігі нәтижесінде өткен семинар көптің көңілінен шықты.  Алдағы күні де берекелі ұжымнан тек табысты дүниелер күтеміз. Қосыла шырқаған «Атамекен» әні рух пен шабыт сыйлады…

Әлия Ғалымбекқызы,
Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.