Home » Мақалалар » Ақ  дегелектер  балапанын  неге  өлтіреді?

Ақ  дегелектер  балапанын  неге  өлтіреді?

Скакова Акбота  Жумабаевна
Алматы  облысы,
Жамбыл ауданы
«Ұзынағаш ауылындағы  №1 мектеп лицейінің» биология пән мұғалімі

Ақ  дегелектер  балапанын  неге  өлтіреді?

Ақ дегелектер — жыл құстары. Африка мен Азияның оңтүстігінде қыстап, наурыз-сәуір айларында ұшып келеді. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Саз және шөппен байланыстырып бұтақтардан жасаған ұясын жартасқа және ағашқа салады. Жылына бір рет 2-5 жұмыртқа салып, оны 32-34 күндей мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Балапандарын ұядан 70-72 күнде ұшырады. Ақ дегелектер ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен және кемірушілермен қоректенеді. Ол жайлы халқымызда «Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек» деген мақал да бар. Қазақ халқы Ақ дегелекті киелі құс деп есептеп, оның ұясын бұзуға, жұмыртқасын алуға, атуға мүлде рұқсат етпейді.

Жұмыртқадан шыққан балапандары өте қомағай келеді, үнемі тамақ сұрайды.Ата-аналары қорек іздеу қамында жүрсе де ұясын қараусыз қалдырмайды. Бірі тамақ іздеп кетсе, екіншісі ұясында, балапандарының қасында қалады.

Балапандары сәл қатайған кезде, екеуі бірдей қорек табу қамына кіріседі. Күннен  күнге өсіп келе жатқан балапандар тамақты көп қажетсіне бастайды. Ақ дегелектер өз балапандарын ұяларының шетіне қойып қоректеріндіреді, ал олар ұшуға дайын болған сәттен бас тап қоректендіруді мүлдем тоқтатады.

       Басқаша тамақтандырғанда, тұмсықтары үлкен болғандықтан ауыздарына тамақ түспеуі мүмкін. Балапандар арықтап, салмақ жоғалтады, өте аш болғандықтан ұядан өздері секіріп кетеді. Дегелектер ұядан жылы жаққа ұшқан кезде кедергі келтіретін әлсіз, ауру балапандарын лақтырып тастайды.

Егер мұны кездейсоқтық деп ойлап, балапанды ұясына қайта салсақ, сол жағдай қайталанады. «Ата-аналары» оны қайта лақтырады. Бұл жағдайды түсіндіру қиын. Мүмкін «ата-аналарының», қоректің тапшылығына байланысты, барлық балапандарын тамақтандыруға шамасы жетпегендіктен болар. Екінші жағдайда, олар әлсіз, өз ұяластарына ілесе алмайтын немесе ауру балапандар болуы мүмкін. Бұл екі түсіндірме де шындыққа жанасады. Кейде ақ дегелектер балапанын лақтырмай-ақ өлтіріп, жеп қоятын болған. Тіптен жұмыртқасын жеп қойған жағдайлар да белгілі.

Дегелектер санауды біледі, олар ұясында үнемі балапандардың жұп санын қалдырып, үшіншісін немесе бесінші артығын өлтіреді екен дегенді жиі естуге болады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Ұядағы кішкентайы, көп жағдайда бесіншісі өсуі жағынан кешеуілдейді, оны ұяластарының өзі жаншып тастауы мүмкін. Ал балапандар қатая бастап, қанаттарын жайып ұшуды үйрене бастағанда бесінші-артығы ұяға сыймай, өзі-ақ жерге құлап кетуі мүмкін.

Екі-екі жарым айлық балапандар ата-аналарының тұрқындай болғанда ұшуға дайын болады. Осы сәттен бастап ата-аналары қоректендіруді мүлдем тоқтатады. Аз уақыттан кейін олар ұяны тастап, көшпенді тіршілігін бастайды. Жас дегелектер үлкендердің бастауымен өз бетінше тамақ табуды және жауларын танып-білуді үйренеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.