Home » Білім және денсаулық » Баланы жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге бола ма?

Баланы жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге бола ма?

     Балалар – өмірдің гүлі. Гүлдер сияқты, оларға тұрақты күтім мен нәзік қамқорлық ылғи да қажет. Алайда, декоративті өсімдіктерге қарағанда, адам – әлеуметтік тұлға және оған толық жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қоғам қажет.

Жыл сайын оқу аяқталып, жазғы демалыс уақыты басталады. Үш айда балаларға толық әрекет ету үшін еркіндік беріледі. Сонымен қатар, бала мен оның әдеттегі ортасы: мұғалімдер және (ең бастысы) достары, сыныптастары ылғи да қарым-қатынаста болуы керек.

Жазда балалар толыққанды демалады! Бұл – олардың заңды құқығы және оны ешкім бұза алмайды. Бірақ мынандай дилемма туындайды: қалай демалуға болады? Ересектерде демалыс болмайды. Тіпті ата-аналардың бірі демалыс алса да, демалыс уақытының көп бөлігін бала өзі ата-анасына ұсына алады. Мүмкін ауылдағы туған-туыстарына жіберу керек пе? Әрине мүмкін. Ал егер, ауылда ондай туыстары болмаған жағдайда не істеу қажет? Иә, қандай жағдай болмасын сіздің жауапкершілігіңізді басқа адамға (тіпті ең жақындарыңызға да) жүктеу ыңғайсыз болары анық.

Осы тұрғыда біз қайғылы суретті аламыз. Бала «Жаман топпен» байланысады немесе үйде жалғыз отырады, ал егер компьютермен дос болса, онда бөлме өсімдігі секілді виртуалды өмірден шындықты жоғалтып алады. Нәтижесінде, жеке тұлғаның физикалық, сондай-ақ психикалық жағынан да нашарлауы мүмкін. Мұндай жағдайда баланы қалдырмас үшін  баланы жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге болады. Міне, міне, біз балалар үшін дұрыс және ең тиімді демалысты осылай ұйымдастыра аламыз.

Дәл осы жазғы сауықтыру лагерінде бала тәжірибелі тәлімгерлердің сенімді қорғауында болады. Бала өзінің күн тәртібін біледі, тамақтану тәртібін де мүлтіксіз сақтайды және ұйқыны тиюге, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді.

Сондай-ақ, осы тұста жеке тұлғаның әлеуметтенуі жүреді, коммуникативтік аспектісі үздіксіз қозғалыста болады. Бала бейтаныс адамдармен «қарым-қатынас жасауды» үйренеді, қоғамда өз орнын табады, көптеген құрдастардың арасында жаңа достар табады.

Жазғы сауықтыру лагерінде балаларға белсенді демалыс түрлері – әртүрлі спорттық ойындар, көптеген жорықтар, туризм және т. б. енгізіледі. Бала табиғатпен тұрақты үйлесімде бола тұра экологиялық тәрбие алады.

Көптеген сауықтыру лагерлерінде балалар тілдерді меңгереді (қазақ, орыс, ағылшын және т.б.) сондықтан балада өз білімдерін «нығайтуға» және білім беруде «бос орындарды» толықтыруға мүмкіндігі бар.

Театрландырылған қойылымдарға, концерттерге, байқауларға қатыса отырып, бала өз бойындағы жасырын таланттарын анықтап, шығармашылық әлеуетін дамытады. Лагерьде тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру үдерісі толық жүреді.

Жоғарыда аталғандардың барлығы балаларды сауықтыру лагерлерінде толыққанды демалыс ұйымдастырылғанын дәлелдейді, ол іс-әрекет түрлерінің алуан түрі арқылы баланың тұлғасын қалыптастыруға көмектеседі.

Заманауи жазғы лагерь – бұл мемлекеттің болашақ азаматтарының қамқорлығы ғана емес, бұл балалардың рухани әлемі мен ақыл-ойының шығармашылық дамуына арналған демалыс орны. Сондықтан жазғы сауықтыру лагерлері мектептегі жалпы тәрбие үрдісінің маңызды бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Баланы жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге бола ма?
Әрине, міндетті түрде демалысқа жіберуіміз керек!

Салбенбекова Салтанат Даулетхановна,
ҚР БҒМ-нің Республикалық қосымша білім
беру оқу-әдістемелік орталығының
әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім жетекшісі,
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.