Home » Мақалалар » Тұсау кесер рәсімі өтті

Тұсау кесер рәсімі өтті

Ағымдағы жылдың 11 Қарашасында «Жансая» әлеуметтік орталығында Оңалту ем-шарасының екінші жарытысында ем алушы Рамазан Раяна қызымыздың тұсау кесер рәсімі өтті. Кішкентай Раянаның тұсауын-Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарамасы басшысының орынбасары Әйгерім Әбдіғалиқызы кесті.

      
Жиналғандар кішкентай қызымызды ақ жолмен тәй-тәй жүргізіп, әжелер шашу шашып мәре-сәре болды. Ата-аналар бүгінгі күннің кішкентай кейіпкері Раянаға деген жүрекжарды тілектерін де арнады.
Аталмыш орталық балаларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлау мақсатында түрлі шоу ұйымдастырған екен. Түрлі-түсті отшашулар көрсетіліп, балалар назарына циркте ұсынылды. Сонымен қатар, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразиялық институттың студенттері өнер көрсетті.
Одан әрі «Дос» лақап атымен танылған әнші Дауылбаев Досанәлі ән шырқап,
А.Қ. Құсайынов университетінің студенттерінің шоу концернтімен жалғасын тапты. Әдемі кеш соңында ұйымдатырушылар студенттерді марапаттады.
    
Керемет жиын соңында ата-аналар алғыстарын білдірді.

«BILIM AINASY»
Астана қаласы
Сандуғаш Нурсеитова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.