Home » Жаңалықтар » Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Жаңа заң тек педагог мамандығының мәртебесін жоғарылатуды қолдау ғана емес, сонымен қатар, жалпы білім беру сапасын арттырудың негізі болуы тиіс»

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Жаңа заң тек педагог мамандығының мәртебесін жоғарылатуды қолдау ғана емес, сонымен қатар, жалпы білім беру сапасын арттырудың негізі болуы тиіс»

Бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы педагог мәртебесін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағы көбінесе мұғалімнің қоғамдағы мәртебесімен және рөлімен анықталады. Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогтарымыздың мәртебесін арттыруымыз қажет», — деп атап өтті.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов атап өткендей, жаңа Заң педагог мамандығының мәртебесін жоғарылатуды қолдау ғана емес, сонымен қатар, жалпы білім беру сапасын арттырудың негізі болуы тиіс.

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы Парламент қабырғасында екі ай бойы қызу талқыланып жатқандығын айта кеткен жөн.

Ведомство басшысының айтуынша, елімізде барлығы жарты миллионнан астам педагог жұмыс істейді. Мұғалімдерді даярлау еліміздің 85 ЖОО-да жүргізіледі, студенттер контингенті 149 028 адамды құрайды, оның ішінде 28 747-сі мемлекеттік тапысырыс бойынша білім алып жатыр.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.