Бүгін «Білім айнасы» республикалық газетінің негізін қалаушы Қуантай Амантайұлы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «№20 орта мектепте» болды. Орта мектептің бір күндік өмірімен танысқан бас редактор даярлық тобының ұстаздарымен кездесіп, өзінің авторлық «Шашу» атты оқу-танымдық кешенімен таныстырды. Кешеннің жеті артықшылығына қаныққан ұстаздар ерекше қызығушылық танытты. Алима Қисымқызының ғылыми жетекшілігімен дайындалған кешеннің әдістемелігі мен бір күндік қысқа мерзімді жоспары кеңінен талқыланған кездесу оң нәтиже берері анық. Баланың білімге деген құштарлығын астарлы әдістермен оятар оқу кешені бұл білім ордасының да тәрбие құралына айналарына сенеміз.
Жұпар САНСЫЗБАЕВА,
«BILIM AINASY» газеті,
Нұр-Сұлтан қаласы.