Home » Мақалалар » Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс-әрекетін ойын-жаттығулар арқылы дамыту

Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс-әрекетін ойын-жаттығулар арқылы дамыту

Шахманова Айымгул   Ербатыровна
Атырау облысы Индер ауданы
Б. Нысанбаев атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Қазіргі уақытта қоғам кәсіби еңбек ету барысында болашақ маман иесінен қажетті психологиялық-педагогикалық  тәсілдерді меңгеруді талап етіп отыр. Педагог қауымы өз бойындағы жеке ерекшеліктерімен қатар, балалардың психологиялық ерекшеліктерін, ұжымда дамуы мен қарым-қатынас жасау психологиясын, өзін-өзі меңгере алу технологиясын білуі қажет екенін назарға салып келеді.
Қазіргі таңда педагогтың  инновациялық үдерісіндегі  әдіс-тәсілдерінің негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаның даму ерекшеліктерін қазіргі заман психологиясы мен педагогикасына сай тәрбиелеп, білім мен тәрбиені қатар меңгертудеміз. Осыған орай, баланың дұрыс жетіліп дамуы үшін оның өміріне қолайлы жағдай жасау, тәртібін,  іс-әрекет  дағдыларын, танымдық ерекшеліктерін қалыптастыру, эмоциялық көңіл-күйін, баланың жеке басының әлеуметтік статусын көтеру болып табылады.
Белгілі ұлы педагог Ушинский: «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға тартатын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Ал сол білім діңгегі сапалы болу үшін жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, үйретуді одан әрі қарай инновациялық  негізде жалғастырып келеміз.
Балалардың ақыл-ой дамуындағы жеңіл ауытқулары «Психикалық дамудың кешеуілдеуі» деп аталатын терминмен сипатталады.
Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі ерекшелігі – баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің құрдастарынан жас ерекшеліктеріне қарағанда, олардың ойлары  тұрақсыз болып келеді. Олардың ми қабілеті де тәулік бойына өзгереді. Кейбір балаларда іс-әрекеттің басында зейіндері жоғары болады да, ал кейін төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді есте сақтауы мен қысқа мерзімді еске сақтауының төмендеуі, есте сақтауының беріктілігінің жетіспеуі  – осы категориялардағы балаларға тән ерекшеліктер.
Балалардың танымдық белсенділіктері жеткіліксіз болып келеді. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен сипатталады.  Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар есептің шартын, диктантқа арналған сөздерді және сөйлемдерді есінде сақтамайды. Олар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыра алмайды, кей кездері мектептің тәртібіне бағынбайды.  Мұндай балалар көңіл бөлгенді қажет етеді.  Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың негізгі айырмашылығы мынада: бұл балалардың сабаққа деген үлгермеушілігі, сондай-ақ дағдылары мен танымдық процестеріндегі өзара ауытқу-шылықтарымен сипатталады.  Оқушылардың  танымдық  қабілеттерін тексеруге, ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн.  Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады.  Балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез-құлықтарымен және іс-әрекеттерімен ерекшеленеді.  Қазіргі таңда ерекше білімді қажет ететін  балаларды оқыту мен  тәрбиелеуде оның қажеттілігі мен мүмкіндіктері басты назарда.       Психикалық дамуы тежелген балалар қалыпты дамушы құрбыларынан шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс координацияларының жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрайды. Бұндай қиындықардың алын-алу мақсатында ойын элементтер әдістерінің маңызы зор.
Ойын баланың танымдық белсенділіктерін арттыратын әдіс. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген ынтасын, мүмкін-шіліктерін толық пайдаланып, алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін әртүрлі психологиялық жаттығулар, суретті кестелер, танымдық ойын түрлерін пайдалану баланың ой-өрісін, дүниетанымын, зейінін, есте сақтау, қабылдау, қиялдауын дамытумен бірге танымдық қабілеттерін дамытуға да көмектеседі. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады
Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады.
Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:

  • олар ойланады;
  • эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілетімен дарыны ұшталады;
  • ұжымдық сезімі қалыптасады;
  • ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдереді.

Ойын – оқушының оқуға деген ынтасын арттыратын құрал деп қабылдаймын. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі бала сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оны жалықтырмай әртүрлі ойын-жаттығулар  түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысып келемін. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
— мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, мектеп, сынып, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
— қимыл қозғалыс ойын-жаттығулары: «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», «мысық пен тышқан»;
— дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, сен жалғастыр, дәл тауып айт т.б.
— құрылыс ойындары: лото және басқа констукторларды пайдалану;
— моторикалық ойын-жаттығулар: мозайка, құм терапиясы, су терапиясы, ұсақ моторикалық ойындар элементтері.
дегеніміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Сондықтан В.А.Сухомолинскийдің осы сөзіне сүйене отырып  балалардың ынтасын оқуға деген қабілетін ойын-жаттығулар арқылы дамытуға болатынын білдім.
Ойын арқылы бала бойынан барлық тапсырмаларды орындау нәтижелерін көру үшін, ойын-тапсырмаларды, танымдық ойын-жаттығулар, ойын терапияларын және де қолдарының ұсақ моторикасының қалыптасуына алғышарт бола алады. Моториканың дамымай қалуы жазу қабілетінің баяулауына және бұзылуына алып келеді.  Баланы  тәрбиелеу  кезінде  арнайы  жаттығулар  мен  сергіту  ойындары  арқылы  баланың  дамуына  ықпал  етуге  болатыны  дәлелденген  тәсіл. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың -әрекетін дамытудағы ойын-жаттығулар:
«Суретті есіңе сақта» ойыны. Мақсаты: көру, есін және зейінін дамыту. Қажетті құралдар: бала санына қарай ойын үйлестірмелері,
Ойынның жүру барысы: Әр балаға  ойынға арналған үлестірмелерді таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін үлестірмелерді ауыстырады. Үлестірмелі парақшада зейін қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар. Ойын осылай жалғаса береді.
«Ұқсас сөздер» ойыны. Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын, қабылдауын  дамыту.
Барысы: «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім». Мейрімді – жанашыр, жылы жүрек, жақсы. Аласа – кішкентай, биік емес және т.б.
Арт-терапиялық әдістерді қолданудағы ойын-жаттығулар: Изотерапия «Ылғал қағаз бетіне сурет». Мақсаты: АРТ-терпия әдісін пайдану арқылы, бала қиялын, ұсақ моторикасын дамыту. Алдын ала ылғалданған қағаз бетіне акварельмен сурет салу. Мүмкіндігінше қанық бояуларды қолданған дұрыс. Бояулар бірімен бірі қалай араласатынын бақылау. Пайда болған бейнеге ат қою. Аяғында сурет талданады.
Су терапиясы «Балықтар» жаттығуы.  Судың ішінде  жүзіп жүрген балықты қармақпен бір балықты ұстап алып шығу. Сиқырлы балықтың қояр сұрағына балалар жауап беру.
Құм терапиясы. «Құммен ойын». Құм ойыны арқылы бала қиындықты жене білуді үйренеді, қорқыныш, ұялшақтық сезімнен арылып, өмірді танып біледі. Құмнан түрлі мүсіндер  жасау арқылы бала өзінің ішкі жан дүниесін, қобалжуын,  қорқыныш сезімін жеңе алады.
М.Монтессори әдістерімен жұмыс. Қол қимылының мидың дамуына әсері қол мен саусақ жаттығулары дене мен ми жұмысын реттейді. Белгілі  педагог В.А Сухомлинский былай деген, “Бала ақылы — саусақтың ұшында орналасқан”.
«Құмырадағы пипетка» Мақсаты: қолдың қимыл қозғалыстарын дамыту. Зейінін шоғырландыру. Қажетті құралдар: су толтырылған пластмасса ыдыс, пипетка. Құмыра түрлі түсті жолақтармен бөлінген.
«Моншақтарды пинцетпен ауыстыру». Мақсаты: ұсақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Үйлестік. Қажетті құралдар: кішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама, пинцет және моншақтар салынған ыдыс. Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ санына тең болуы керек. Барлық бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.
Бұлшықет тонусын реттеуге бағытталған жаттығу. Мақсаты: Бала бұлшық етін босаңсыту. Мысалы: «Аққала». Барлығы түрегеліп тұрады. Балаларға өздерін аққала кейпінде елестету ұсынылады. Дене қатып тұрған қар сияқты қатты ширығу керек. Содан кейін аққала біртіндеп ери бастайды. Бірінші басы, сосын иықтары, қолдары, арқасы, аяғы. Кейін аяқтан бастап еруге ұсыныс жасауға болады.
«Түрлі-түсті макорондар» ойыны. Сиқырлы макарондардың түстерін ажырату. Тарелкедегі макарондарды ажыратып (түсі, көлемі, пішіні бойынша), ыдыстарға салу.
Сурет терапиясы. «Жанұя суреті» Мақсаты: Балалардың ішкі сезімін ашу, қиялын дамыту.
Ұсынылып отырған ойын-жаттығулар  баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін, ұсақ моторикасын дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, достық сезімге тәрбиелеуге үйретеді.
Оқушылардың даму деңгейінің сапасын, нәтижесін білу мақсатында әр тоқсан сайын бір рет диагностикалық жұмыстар жүргізіп отырамын. Диагностикалық зерттеулер оқушылар үшін танымдық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру, жаңа нәтижеге келуі болып табылады.
Анықтаушы эксперимент барысында  балалардың танымдық қабілеттерін диагностикалау мақсатында мынадай танымдық зерттеу әдістері қолданылды: қабылдауын зерттеу; есте сақтауын зерттеу; ойлау қабілетін зерттеу; зейінін зерттеу.
Ерекше білімді қажет ететін балаларға танымдық іс-әректінің ойын арқылы дамытудың артықшылықтары:

  1. Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға бейімдеуде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарының негізі қаланады;
  2. Психологиялық-педагогикалық танымдық ойын-тапсырмалар арқылы баланың қызығушылықтары артады;
  3. Өз ойы мен сезімін еркін білдіруге, шешуі қиын шиеленісті жағдайдың дұрыс жолын табуға әдеттенеді;
  4. Танымдық іс-әрекет процестері дамиды;
  5. Баланың жан-жақты білім мен тәрбиені қатар меңгеруге жағдай жасалады;
  6. Баланың ішкі жан дүниесін анықтауға себепші болады;
  7. Мектепте оқуға психологиялық қызығушылығы артады;
  8. Баланың сана-сезімі дамуына себепші болады.

Тиімді жақтары:

  1. Ересектермен өзара тұлғалық қарым-қатынас орната білуі;
  2. Педагог пен бала арасында рухани шынайы қарым-қатынас орнауы;
  3. Мүмкіндігі шектеулі баланың жеке психологиялық ерекшеліктері анықталады және сипатталады;
  4. Бала ойын ашық еркін ерікті түрде айтуы, тілдік қарым-қатынастың дамуы;
  5. Баланың сана-сезімі дамуына себепші болады.
  6. Баламен жеке тұлға ретінде сөздік қарам-қатынас орнатылады;
  7. Ата-аналардың балалар тәрбиесіне деген көзқарасы жоғарылайды, педагогке деген сенім-сезімдері жақсарады;

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі, оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.
Қазіргі кезде елімізде,  мектептерде  ерекше білімді қажет ететін  балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда.
Балалармен жұмыс жүргізу барысында жоғарыда аталған танымдық ойын түрлерін өз жұмысында қолданып, ойын арқылы бала сенім-сезімдерін, танымдық іс-әрекеттерін дамытудағы нәтижелерім бала бойынан көрініп, оң нәтиже танытып келеді.
Болашақ ұрпақ бойына адами құндылықтарды сіңіріп, тәрбие өлшемдеріне сыйластық ниетпен қарауға, осы арқылы педагогикалық инновациялар мен жаңа технологияларды игерген үйлесімді болашақ тұлғаны қалыптастыруға міндеттіміз.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.