Home » Мақалалар » Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Махмуд Ақерке Сейдуалықызы
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы
Қ.Сатпаев атындағы мектеп — лицейінің
ағылшын пәнінің мұғалімі

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.

Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.

Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез-құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан, бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек.

Ойын арқылы сөздің айтылуы, лексикалық және грамматикалық материал белсенді түрде меңгеріледі, тыңдап түсіну (аудирование) және ауызша сөйлеу дағдылары дамиды. Сонымен қатар ойын арқылы баланың шығармашылық және ойлау қабілеттері дамиды. Оқушылардың байқампаздық қабілетін ашады, сабақты тірілтеді, шет тілін уйренуге деген қызығушылығын оятады. Теңдікті сезіну, сабаққа қызыға қатысу — оқушыларға ұялшақтықты, жасықтықты жеңе алуға, тілдік барьерден өте алуға және шаршауды баса алуға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілі пәні сабағында оқушының тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі ойындарды қолдануға болады. Осы ойынның негізінде оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету мақсаты көзделеді. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз.

Бала ойын арқылы:
Сөздерді айтуды үйренеді, лексикалық және грамматикалық материалды белсенді түрде меңгереді;
Шығармашылық және ойлау қабілеттері дамиды және байқампаздық қабілетін ашады;
Теңдікті сезінеді, сабаққа қызыға қатысады, ұялшақтықты, жасықтықты жеңеді;
Сабақ жанданады, шет тілін уйренуге деген қызығушылығы оянады; Шаршауы басылады.
Тыңдап түсіну (аудирование) және ауызша сөйлеу дағдылары дамиды.
Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
What’s in the bag?
Around the world
Board Race
Order Race
Question race
Bingo
Go fish ойындарын қолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.

Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді:

Әр оқушының шығармашылығы артады;
Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;
Оқушының жеке қабілеті анықталады;
Оқушы топ жаруға ұмтылады;
Оқушының ойлау қабілеті дамиды;
Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады;

Осы бір ғана 45 минутта мұғалім балалармен бірге қызыға жүріп қызықтырып, шараштпай әнмен, тақпақпен, шынықтыру жатығуымен өзінің бір жақсы эмоциялық қасиеттерімен бүлдіршіндерді өзіне тартып отырса сабақ қызықты да тез өтеді, балалар да көп нәрсені үйренеді, үйренуге құштар болады.

Өз ойымды А.С.Макаренконың мына сөзімен аяқталғым келеді:«Ересек адамдардың ісі, жұмысы,қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса,  өскенде жұмыста да сондай адам болады».

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Ағылшын тілі мектепте. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 2011 ж.   №3 41-43 б.
2.Ағылшын тілі мектепте. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 2012 ж.  №6 32 б.
3.Мұғалім. KZ. Республикалық оқу-әдістемелік журналы 2013 ж. №1, 9 б.
4.«Бастауыш мектебі» журналы, 2008ж.,№7-8
5.«Мектептегі шет тілі» журналы, 2009ж.,№1.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.