Кусаинова Алия Хасенқызы
Алматы облысы, Көксу ауданы,
Көксу политехникалық колледжінің
өндірістік оқыту шебері
Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Сондай міндеттердің бірі – білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту.
Ел Презинтеті Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – білім беру жүйесін білікті мамандармен қамтамасыз өту болғандықтан, заман талабына сәйкес көп тілді, мәдениетті, кәсіби сапалы мамандар дайындау – колледждің басты міндеті болып саналады.
Бүгінгі таңда біздің елімізде жастардың таңдаған мамандықтары бойынша білім алып, қалаған салада еңбек етуіне мол мүмкіндіктері бар. Елбасы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында «Әрбір адам, соның ішінде,әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл өте қалыпты жағдай. Өйткені, адам өзінің қайта бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмытылады» деген сөздері арқылы, еліміздің кәсіптік және техникалық білім жүйесіне үлкен міндеттер жүктеп отыр.
Елбасы өзінің дәрісінде қазіргі күнде отандық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жаңа білім мен технологияларды түрлі қызмет аясында қолдана білетін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталып отырғанын атап өтті.
Колледжде сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған, білімгерлер сабақ барысында интернет желісіне қосылған интерактивті тақтамен жұмыс істейді. Колледждің базасында республикалық қалалық семинарлар өтіп тұрады. Сапалы білім беру үшін, әрине ұстаздар қауымы аянбай еңбек етіп, қазіргі заманға педагогикалық инновациядан қалыс қалмауға тырысып келеді.
Білім беру саласында технология – педагогтың білім, біліктілік, интеллектуалдық, кәсіптік әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану арқылы білімгерлермен қарым-қатынас жасау үрдісі болып табылады.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін мынандай алғышарттар қажет. Ол – оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу, білімгерлердің сабақбастылығын оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық жұмысына үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы білімгерлерге білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде меңгеруіне қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Өскелең ұрпақтың тағдыры олардың бойына ізгілік нұрын себуші ұстаздың қолында десек, оқытушы білімгерге білім беріп қана қоймай, өмір бойы ізденуге үйрететін қасиетті де сіңіре білуі керек. Өйткені еліміздің өсіп-өркендеуі бәсекеге қабілетті жастарға, оларға білім беретін мұғалімдерге де байланысты. Осы орайда үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру, оқу тәрбие беруде жаңа инновациялық технологиялар орынықтыру және оны жүзеге асыру басты мәселе болып отыр.
Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі және көп қырлы үрдіс. Білім беру мазмұны дегеніміз — жалпы жеке тұлға қалыптастырудағы іс-әрекет, тәсілдерді меңгеру мен жүйелі білім алу, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда мұғалім кәсіби біліктілігі қалыптасқан тұлға ғана емес, сонымен қатар, гуманитарлық мәдениетті, этикалық және құқықтық нормаларды меңгерген, ойлау қабілеті жоғары, өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра алатын, үздік дағдылардың тәжірибеде қолдана білетін, жаңа технологияны сабақта емін-еркін пайдаланатын, терең білімді маман болуы керек.
Білімгерлерді мамандыққа баулу мақсатында бөлім оқытушылары мен білімгерлердің қатысуымен «Менің мамандығым — болашағымның бағыты» атты түлектермен кездесу кеші өтті. Кездесуге бүгінгі таңда еңбек етіп жатқан біздің түлектер,оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, әдіскер, тәрбиешілер келіп, білімгерлердің көкейінде жүрген сұрақтарына толық әрі мазмұнды жауап бере отырып, олардың мамандыққа деген сүйіспеншіліктерінің артуына ықпал етті.
Колледж білімгерлері машықтану барысында өздерінің алған білімдерін практика уақытында ұштастырып, түрлі тақырыптарда шаралар ұйымдастыру арқылы білімдерін арттыруда.
Жаңа заманның білім беру үрдісінің мазмұны – жас буынға тек білім алудың формаларын, әдістерін және құралдарын үйретуден тұрады. Колледж білімгерлері машықтану барысында өздерінің алған білімдерін практика уақытында ұштастырып, түрлі тақырыптарда шаралар ұйымдастыру арқылы білімдерін арттыруда.
Жаңа заманның білім беру үрдісінің мазмұны- жас буынға тек білім алудың формаларын, әдістерін және құралдарын үйретуден тұрады. Колледж білімгерлерінің бойына өздігімен білім қорын толықтыру, көп мәліметке толы ақпараттан хабарлар болу дағдысын қалыптастыру – мамандары дайындаудың сапасын жетілдірудің бір бағыты. Бұл ретте, біздің негізгі мақсатымыз теориялық білім мен іс-тәжірибені ұштастырып, болашақ кәсіби құзыретті маман дайындау болып келеді. Колледждің «Аспаз» мамандығының түлектері бүгінгі таңда облыстың түпкір-түпкірінде өз мамандықтары бойынша абройлы еңбек етуде.