Садыков Молдахан Абдыкапасович
Алматы облысы, Көксу ауданы,
Көксу политехникалық колледжінің
өндірістік оқыту шебері
Мамандығы: 1504000 «Ферма шаруашылығы»
Біліктілігі: 1504062 «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы- машинист»
Пән: Машиналар ТҚ көрісету
Сабақ тақырыбы: Қатараралықты өңдеуге арналған культиваторлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімгерлерге қатараралық өңдеуге арналған культиваторларды мен жұмыс органдарын ажырата білу,культиваторды жұмысқа әзірлеу. технологиясын көрсету, олардың ажыратылу және жиналу ережесін таныстырып кәсіптік ептілікке үйрету.
Дамытушылық: Білімгерлердің ойлау қабілеттерін, белсенділік және есте сақтау мен пәндік дағдысындағы шапшаңдылық ерекшеліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Білімгерлерге техника тілдерін жете меңгеруге жол ашу, бағыттау тәрбиелеу.
Дәріс: Жүгері, қызылша, картоп, мақта, капуста, помидор, отамалы дақылдарды, отамалы дақылдарды, әдетте, қатар аралықтарын кең етіп себеді, немесе отырғызады. Бұл дақылдар әсіресе жаңа өсіп келе жатқанда муқият күтуді талап етеді, өйткені кең қатараралықтарда арам шөп өседі, ал топырақ қабыршақпен көмперіліп кеуіп кетеді. Өсімдікті күту белгілі бір уақыт аралығында, дақылдың түріне, өсу фазасына және өніп өсуіне , топырақпен ауа райы жағдайына байланысты, белгілі бір дәйектілікпен жүргізіледі. Өсімдікті күту кезінде , мынадай операциялар жүргізіледі; топырақтың қабыршағын бұзу , өсіп келе жатқан арам шөпті құрта отырып, қатар аралыққа культивация жүргізу, түптеу, тыңайтқышпен коректендіру, зиянкестер мен ауыруларға қарсы күресу, суармаландыру мен суғару. Тұқымды сеуіп немесе отырғызып болғансоң біраздан кейін учаскіде топырақ кезі қабыршақтанып арам шөп көктеп шығады. Топырақты қабыршағы топырақты құрғатып, ауаның жетуін қиындатады және мәдени дақылдардың өніп шығуын тежейді. Топырақты трмамен немесе ротациялы (айналмал) шотпен жаппай қопсытып, қабыршақты бұзады және өсіп келе жатқан арам шөпті бұзады.
Қабыршақ неғұрлым ерте бұзылса мәдени дақылдың өнуіне соғырлым қолайлы жағдай жасалады. Культивацияның мақсаты — топырақты қопсытып, егістің қатараралығындағы арам шөпті жою. Өсімдікті түптей отырып, топырақты қопсытып араластырады, оны қатараралықтан алып, өсімдіктің төменгі жағына аударып тастап, қатардың бойына жал жасайды. Қолайлы қоректік режім жасау үшін өсімдікті өзінше немесе культивация және түптеу кезінде қоректендіреді. Бұл аперацияларды культиватормен атқарады. Ауылшаруашылығына едеуір зиян келтіретін мәдени өсімдіктердің зиянкестері мен ауыруларына қарсы күрес- күтім кезіндегі маңызды операция.
Әр түрлі: бүріккіш, тозаңдатқыш т.б. машиналарды қолдана отырып өсімдіктің зиянкестерімен ауыруларына қарсы химиялық әдісті қолдану менінше тиімді. Топырақтың ылғал қорын толықтыру үшін суғармаландыру мен суаруды қолданады. Беттік суару мен және топырақ астын суармаландыру мен қатар жаңбырлату да ойдағы дай қолданылады. Өсімдікті күту жөніндегі операцияларды қатаң белгіленген мерзімде және комплексті жүргізген жөн. Тек сонда ғана ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алуға кепілдік жасалады
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Б. Момынбаев, Б. Алиев «Ауыл шаруашылығы техникалары» 5 том Алматы, «НАЗ-9» ЖШС, 2009 ж.
Н. Алипбеков «Ауылшаруашылық машиналары» Астана 2009 ж.
Ю.И. Воронов, Л.Н. Ковалев, А.Н. Устинов «Ауылшаруашылығы машиналары» Алматы, «НАЗ-9» ЖШС, 2005 ж.
Т. Жолшыбеков «Мал шаруашылығы» «Фолиант» баспасы Астана- 2009 ж.
Устинов А.Н. Зерноуборочные машины: Учеб.для нач.проф.образования/ Алексей Никитович Устинов. М. Образовательно- издательский центр «Академия», 2003- 128 с.
Сельскохозяйственные машины- («Учебники и учебные пособия для студентов высших учебных заведений») (ГРИФ) Авторы: Н.И. Кленин, С.Н. Киселев, А.Г. Левшин, Издательство: Колос, 2008 г, Серия: Учебники и учебные пособия для студентов высших учебных заведений.
Уборочные сельскохозяйственные машины Автор: Долвов И.А 2003 г.
Уборочные сельскохозяйственные машины Название: Уборочные сельскохозяйственные машины Автор: Долгов И.А. Издательство: ДГТУ год: 2003.
Сельскохозяйственные машины Название: Сельскохозяйственные машины Автор: Халанский В.М, Горбачев И.В. Издательство: Колос год: 2004 Страниц: 624