Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының МКҚК №3 «Гүлдер»
бөбекжайының жоғары санатты
тәрбиешісі Ельжанова Умит Кайыргалиевна
Педагог-психолог Едильбаева Ботагоз Аманжоловна
Шай шөл басады, көздің көруін жақсартады, жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырларын кеңейтеді, бүйрек қызметін жақсартады, еңбек қабілеттілігі мен ой қызметін арттырады (қатысушыларға алты түрлі дайындалған шәйлардың дәмін көріп, неден жасалған шәйлар екенін табу ұсынылды).
1.Зімбір қосылған қара шәй. (Имбир)
Зімбір қосылған қара шәйі сүйек, тісті
қатайтып, жүйке жүйесін тынышталдырады.
Сонымен қатар, адамның иммунитетін
арттырып,артық салмақ тастауға да көмегі зор. (шәйға, зімбір,лимон және бал) Бұл шәйді қызу көтерілгенде, аллергия болса, бүйрек және өт ауруларына шалдыққан адамдар пайдалануға болмайды. (зімбірді қара шәй,жасыл шәй, түймедақ шайларына қосуға болады)
- Лимон және куркума қосылған жасыл шәй.
Көптеген адамдар жақсы көңіл күй және сымбатты денені сақтау үшін тамақтану мәзіріне дәмдеуіштер қосады. Алайда бұл табиғи тағамдық қосымшаларды тек тамақ пісіру процесіне ғана емес, сонымен қатар таза күйінде, мысалы, сұйықтықпен бірге қолдануға болады. Сондай пайдалы сусынның бірі – куркума.
Куркума — жүрек-қан тамырлар қызметіне жақсы әсер етеді. Оның көмегімен аз уақыт ішінде ұйқысыздықтан арылуға болады. Ал, лимон — бауырды токсиннан тазалап, адамның иммундық жүйесін нығайтып, жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп,қан қысымын реттеуге де көмектеседі. Куркума мен лимон қосылған шәй немесе су адамның денесіндегі майды шығарып, артық салмақ тастауға көмегі бар.
Ақжұпар қосылған жасыл шәй. (Жасмин)Ақжұпар қосылған шәй адамның тек көңіл-күйін көтеріп қана қоймайды, депрессия мен қатты күйзеліске түскенде көмегі зор.
Милиса қосылған түймедақ шәйі. (жұмсақ майса шөп)
Жұмсақ май шөп (милиса) қосылған түймедақ шәйі өте дәмді, хош иісті.Бұндай шәй суық тигенде, қызу көтерілгенде жақсы пайдасы бар. Бұл сергіткіш сусын таңертеңгілік шөлді басып, адам ағзасына күш-қуат беріп, көңіл-күйді көтерсе, кеште жүйке жүйесін тынышталдырып, ұйқыны жақсартады. - Қысқы ақ шәй. Ақ шәй – бұл қысқы сусын. Ол адам ағзасын, денесін жылытып, жылуды ұзаққа ұстайды, сондықтан ақ шәйді ауа-райы суық кезде пайдаланады. Алғашқы кезде бұл шәйді Қытай императорының отбасына қолжетімді болған екен. Өйткені, бұл сусын өте қымбат болған. Ақ шәй денсаулықты және ағза , терінің жастығын ұзаққа сақтайтын сусын. Дәрігерлер анкологиялық ауруға қарсы және жүрек бұлшық етінің жұмысын жақсартуға ішуге кеңес берген.
- Каркаде шәйі.Каркаде – дәстүрлі мысырлық сусын. Каркаде шайының пайдасы мол.Каркаде шайы судан раушанының күлтелерінен әзірленеді. Бұл шайда С дәрумені өте көп, ол қандағы холестериннің шамасын азайтып, жалпы иммунитетке пайдалы болып табылады. Каркаде шайы жалпы ағзаның саулығын жақсартып, қан айналымын дұрыстап, шаршағанды басады. Каркаде қышқыл сусын болғандықтан, асқазанның қышқылдық шамасын жоғарылатады. Каркаде шәйін ыстықтай ішсе, қан қысымын көтереді, ал салқындатып ішсе, түсіреді.
(шебер-сыныпқа қатысушылармен шәйден дәстүрден тыс сурет салу әдісі ұсынылды,шәй ұнтағын мәрліге орау арқылы мөр жасалды)
Опыт №4. «Черное и белое». Творите добро и вы растворится зло. Читайте сказки детям и внукам, дети котрые верят в чудеса вырастают успешными и добьются в жизни много.
Сонымен қатар, осындай тәжірибелік зерттеу жұмыстарымен қатар, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама аясында мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілерге ұмыт болып бара жатқан қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұлттық тағам түрлерінің пайдасын насихаттау мақсатында танымдық шаралар өткізіліп отырылады.
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі – құрт. Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланылады. Құрамында көздің көргіштігін жақсартатын – А дәрумені, жалпы иммунитетті жақсартатын – С дәрумені, сүйектің қатаюына көмектесетін – Д дәрумендері бар.
Көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы, себебі көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Ал құрт оларды үйлесімді түрде толтырады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зор.
Құртты әр адам өз қалауынша жасайды. Майы алынбаған құрт– дәруменге өте бай, әрі жұмсақ, денсаулыққа өте пайдалы,ал майы жоқ сүттен құрт жасауға да болады. Бірақ мұндай құртта дәрумендар аз, әрі қатты болады (шебер-сынып соңында қазақтың ұлттық тағамы-құрттан дәм тату ұсынылды).
На слайде появляется слово «АПЧХИ». Все участника семинара должны прочестьь это слово. Выступающие говорят «Будьте Здоровы!», «Сау болыныз!»
Қорытынды:
Баланың дұрыс тамақтануы-болашағымыздың дені сау болып дамуы.
Күнделікті пайдаланатын картоп, ірімшік, май,жұмыртқа тағамдарының адам ағзасына пайдасын айта отырып, олардың сапасын да ажырата білуді зерттеу арқылы танысып көрді. Бұл тәжірибе түрлерін мектеп жасына дейінгі баланың жасына сай, қауіпсіздікті сақтап орындауды ескеру. Сонымен қатар, шәй шөл басып, көздің көруі мен бүйрек қызметін жақсартып, жүйке жүйесіне жақсы әсер беретіні, қан тамырларын кеңейтетіні және еңбек қабілеттілігі мен ой қызметін арттыратынын еске түсіріп, түрлі қосындылардан дайындалған шәй түрлерінің дәмін көру арқылы қандай қоспа екенін ажыратып, оның адам ағзасын, денсаулығына пайдасымен танысты. Осындай тәжірибелік зерттеу жұмыстарымен қатар, бөбекжайымызда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама аясында мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілерге ұмыт болып бара жатқан қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұлттық тағам түрлерінің пайдасын насихаттау мақсатында танымдық шаралар өткізіліп отырылатынымен таныстырылып, қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі – құрттың пайдасы айтылып, күнделікті құртты пайдалануға кеңес ұсынылды.