Home » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып оқушыларының математика  сабағында шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Бастауыш сынып оқушыларының математика  сабағында шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

    Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы
Сарман ауылы  Сарман БЖББ мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Шупанова Айнагул Максимовна

Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.
№ 1. Слайд
Бірінші сынып оқушыларымен осы бағытта жүргізілген жұмыстарға тоқталайық.
Оқушылардың зейінін жаттықтыруға жеке дамытуға берілген тапсырмалардың кейбіреулерін таныстыра кетейік.
Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар Шульте кестесінің көмегімен жүргізіледі.
№ 2. Слайд
Шульте кестесі
Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады.
Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.
Кему ретін атау.
Тақ және жұп сандарды өсу және кему ретімен атау.
Цифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7…(жұптасып) 2, 4, 6, 8…
Топпен жұмыс істеу. 1–5 тура және кері сана. 6-10 санау.
Осы кесте бойынша бірнеше шығармашылық жұмыс т. б.
Оқушылардың байқағыштығын дамытуға арналған тапсырма. Мұнда, пішіндері мен орналасу ыңғайына қарай артық үш фигураны (басты) табу. Артық үш фигураның оң құлағы үшбұрыш, ал сол құлағы «Сопақша» пішінді. (жауап 1, 6, 8 ).
№ 4. Слайд
Суретте барлығы неше үшбұрыш бар? Мақсаты: үшбұрышты басқа фигуралар арасынан ажырата және тани білуге үйрету.
№ 5. Слайд
Ойлан, тап. Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.
№ 6. Слайд
Мына фигураға бір кесінді жүргізу арқылы бір тік төртбұрыш, бір үшбұрыш шығарып алуға болады. Ол үшін қай нүктелерді қосу керек?
Мақсаты: геометриялық фигураларды ажырата және тани білуге үйрету.
№ 7. Слайд
Екі адам 2 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.
№ 8. Слайд
Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр. Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.
Қорытынды: өзімнің  іс-тәжірбиемді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата- аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата- аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.
Ол үшін жалықпай жаңартылған бағдарламаларды  өз жұмысымда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.