Кабылова Айбат Фазыловна
Нұр-Сұлтан қ.
Мәшһүр Жүсіп атындағы
«№ 57 орта мектебі» КММ-ң
директорының оқу-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары.
Қашықтықтан оқыту – бұл оқу үдерісінің оқушы мен мұғалімдер арасында ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі.
Қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері – оқушыға жеке талап қоюмен қатар, мұғаліммен тікелей қарым-қатынаста болуын іске асырады.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары арқылы жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту технологиясының Кейс, ТВ-технологиялар және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.
Кейс технологиясына электрондық пошта; Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
Желілік технологияға- Интернет байланысы, телекоммуникациялық технологияға- цифрлық байланыс каналы (ISDN);
Желілік технология — білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген.
Оқытудың желілік – технологиясына жатады:
- Интернет желісін пайдалану;
- Электрондық поштаны пайдалану;
- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
- Мультимедиамен жабдықталған;
- Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс.
Оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, мектебімізде төмендегі тәртіп бойынша жұмыс түрлері қарастырылды:
- Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқу процесін ұйымдастыруда білім алушыларға 4- тоқсанның жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын академиялық күнтізбелікке сәйкес меңгеру жүзеге асырылылып жатыр;
- ҚБТ-ны іске асыру теледидарлық, яғни «Балапан» арнасы бойынша , желілік және кейс-технология бойынша, соның ішінде Zoom–бейнеконференциялар мен онлайн-кездесулер өткізулер, Bilimland білім порталы, Google Classroom платформасы арқылы тапсырмалар мен кері байланыстар, DirectPoll — бұл серверде санаулы секундта сауалнама жасап, оқушылардан кері байланыс алу үшін және де WhatsApp мессенджерін пайдаланып жатыр. ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысушылар арасында өзара байланысты (форум, чат, бейне және аудиоконференциялар) қамтамасыз етілді;
- ҚБТ-ны пайдалана отырып, оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру да оқу түрлері бойынша уақыт нормаларына сай ыңғайлы кестемен жұмыс жасап жатырмыз..
ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібіне сәйкес, сынама онлайн сабақ тар мен ата-аналар жиналыстары өткізіліп, білім алушыны білім беру бағдарламасын меңгерудің жеке кестесімен, қашықтықтан оқыту сабақтарының уақыт кестесімен таныстырылды. Білім алушыларға мынадай ұсыныстар берілді:педагогтермен байланыста болу, қол жетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысып отыру, білім беру ұйымы белгілеген қол жетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды өз бетінше уақытылы орындап,
орындалған тапсырмаларды педагогке қол жетімді байланыс құралдары арқылы уақытылы жіберу, қол жетімді электрондық ресурстарды пайдалану.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,
оларды аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымдарының өз бетінше әзірлеген қағидаларына сай жүзеге асырылады.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау тапсырмаларының қиындық деңгейі өткен материалға сәйкес келуі және білім алушыларға қолжетімді болуы ескеріліп, алдағы уақытта бір бірден бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау алынады.
ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін мектепте төмендегі жағдайларға баса назар аударылды:
- интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникативтік байланыс арналарының дұрыс болуы бақыланды (педагогтар мен ата-аналардың мүмкіндігі қарастырылды)
- цифрлық білім беру ресурстарының тиімдісі таңдап алынды;
- оқытуды, оқу контентін басқарудың желілік жүйесінің немесе сервистің қол жетімділігі қарастырылды;
- Педагогтардың тиісті деңгейде даярлығын қамтамасыз ету үшін әдістемелік көмектер көрсетіліп, өзара сынама сабақтар ұйымдастырылды.
Мектебімізде қашықтықтан оқытуды жүйелі жүзеге асыру бойынша оқу процесіне қатысушылардың функционалдық міндеттері қарастырылып, жұмыстар жүктелді. ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру барысында басшы, Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтар міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс жасап жатыр.
Соның нәтижесінде мынадай күтілетін нәтижелерді назарларыңызға ұсынамыз:
- Қашықтықтан оқу арқылы — ақпаратты өңдеп, ойлана алатын, алған білімін өмірде қолдана алатын, жан-жақты, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады;
- Ұлтымыздың құндылықтарын сақтай білетін, қазіргі заманға сай сапалы біліммен қаруланған отансүйгіш азамат тәрбиеленеді;
- Қашықтықтан оқыту технологияларын жетік меңгерген, шығармашыл, жан-жақты (креативті) мұғалімдер саны арта түседі;
- Жек тұлғаға және нәтижеге бағытталған оқыту жүйесі арқылы оқушылардың тұлғалық ерекшілектері ашылады;
- Интербелсенді әдістер арқылы өз ой-пікірлерін дәлелдей алатын, ақпаратты жан-жақты талдай алатын құзіретті тұлға қалыптасады.
SWOT талдау, күшті және әлсіз жақтары анықтау.
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
1). Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту білім саласындағы жаңашылдық; 2) Мұғалімнің де, білім алушының да уақыты мен орнын тиімді таңдай білуі; 3). Білімнің тиянақтылығы; 4). Мұғалім мен білім алушының арасындағы қарым-қатынастың қажеттілігінше қол жетімді болуы; 5). Білім берудің дифференциациясы мен индивидуализациясы; 6). Уақыт пен қаржының үнемділігі; 7). Ата-ана бақылауы (ата-аналардың білім беру үрдісін және мұғалімдермен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі). | 1 Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән берілмеуі; 2. Электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірудің жеткіліксіздігі; 3. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеткілікті түрде интернетке шығу мүмкіндігінің шектеулілігі; 4. Қашықтықтан оқыту орта білім беру ұйымдарында мұғалімдердің тәжірибесінің болмауы, өткізу барысындағы түрлі кемшіліктерінің болуы; 5. Ата-аналардың балаларына оқуға қол жетімді құралдармен қамтамасыз ете алмауы; |
Мүмкіндіктері | Қауіпті жақтары |
1) Қашақтықтан оқу технологиясының оқу үрдісін басқаруда пайдаланылатын ақпараттық технологиялардың дамуы; 2). Қашықтықтан оқытуды пайдаланушылардың әлеуметтік-мәдени және психологиялық жас ерекшелігін ескере отырып, теориялық, ғылыми-психологиялық арнайы әдістемелер құрастырылуы; 3). Қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі — оқушылардың оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызуы; 4) Компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асырылуы; 5) Мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді лігі; 5) қашықтықтан оқыту арқылы оқу мен білім технологиясын қаржыландыру, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналуы. | 1. Оқушылардың компьютерге, планшетке тәуелдігілігі; 2. Теориялық білімді жеткілікті түрде ала алмағандықтан практикада дұрыс қолдана алмауы; 3. Пән мұғалімдерінің оқушылардың білімін жеткілікті түрде сабаққа қатысуын басқару құзіреттілігінің төмендеу қаупі; 4. Қашықтықтан оқуға ата-аналардың түсінігінің болмауынан оқушыларға кері әсер етіп, білім сапасының жоғарламауы мүмкін;
|
Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі, бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік алады.