Home » Ашық сабақтар » Ұстазға  керек үлкен жүректілік, Бере  алмас  ешкім оны үлестіріп

Ұстазға  керек үлкен жүректілік, Бере  алмас  ешкім оны үлестіріп

Педагогикалық эссе
«Ұстазға  керек үлкен жүректілік,
Бере  алмас  ешкім оны үлестіріп»
№43 орта  мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Қазақ тілі мен  әдебиетінің әдістемелік
жетекшісі:Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы.


Шын бедел-ел таңдауы ,халық сыйы,
Ала алмас,ешкім оны тіліп тұрып.
Жасөспірімдерді тәрбиелеп ,терең білім беру әр ұстаздың мерейі үстемдігі.
Мұғалімдік мамандықпен қызмет жасағаныма 32  жыл болыпты.Бес жыл күнтізгі бөлімде оқып еңбегімнің  жемісін көріп отырмын.Бес жыл  институтта оқып,32 жыл метепте жұмыс жасап,тәжірибемді оқушылармен ұштастырдым. Қызығымен ,қуанышы қатар жүріп осыншама жыл тер төгіп,балаларды тәрбиелеуде,оқытуда өз үлесімді қостым деп ойлаймын.

Менің өмірлік ұстанымым:
«Әділдік.Ізгілік шуағын тарату және оқушыларға  білім беру»

Ұстаздардың ішінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің қазіргі   қоғамымызда жүгі ауыр.Себебі болашақ ұрпаққа  мемлекеттік тілді үйрету-қазақ тілі мамандарының  міндеті.

Бұл міндетті  жемісті  орындау үшін,оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген әдіс-тәсілдерін алып,өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын.

Кейінгі жылдары «Оқушыларды деңгейлеп саралап ,оқыту,іздемпаздыққа ізгілікке үйрету» атты әдістемелік-шығармашылық тақырып бойынша жұмыс жасап жүрмін.

Шығармашылық –жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Шығармашылық -өте күрделі  психологиялық процесс.Мұғалімдерге қойылатын талаптардың  бірі-шығармашылық.Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады.

Ал менің мақсатым-оқушыға оқу  үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру,баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу.
1.Жүйелі жүргізілетін деңгейлік тіл дамыту жұмыстары.
2.Ж.Қараевтың технологиясы бойынша жұмыс жасап   нәтижесін көріп отырмын.Әр тақырыпты өту барысында  білімдерін шыңдауда қолданып жүрмін.
Сондықтан тақырыптар бойынша  оқулықта,интернетті қолдану  арқылы сабақты жүргіземін.Сабақтар қызықты  өту үшін деңгейлік тапсырмалар,модуль  тақырыптары  бойынша  қарастырамын.Оқушылар  тапсырмаларды қызықты ынтамен орындап отырды.
Менің тобымда таза орыс  тілді  оқушылар болғандықтан,біртіндеп «Деңгейлік тапсырмалар» 7-9 сыныптарға пайдалана  отырып,сабағымды жандандыра бастадым.
Оқушылардың қуанышы көзінен байқалып тұрды,сол сәтте мен өзімді бақытты  жан деп есептедім.

Осыдан түйгенім: Жаңа технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді.Ал оқушы сол  білім шыңына  шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен,өмір  мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты.
Баяндама тақырыбы:Абайдың білім, ғылымға  құштарлығы.
Орындаған: Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі №43 орта мектеп
Бағыты:Абай  философиясы:Білім  мен ғылымның дамуы.

Ұлтымыздың рухани нысанасы ретінде Абайдың білімге жастайынан бейім болып ,дүйім жұртты өнерге ,білімге баулығаны мәлім .
Бізді Абай атамыз  білімге ,ғылымға арнап бағыттауы өте салмақты,мағынасы  зор деңгейде, бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу болып отыр.Абай атамыз ойшыл-ақын түсінгі мол адам ретінде ішкі жан дүниесінің ақыл,сезімі  және қайраттылығымен  көзге түсіп отыр.Менің ойымша Абай   кереметтігі сол  адамның танымдық қасиеттеріне табиғатына көңіл бөлген.Әр өлеңін оқып ой жетегіне ерік берші дейтін.Ой-түйсік  пен  қабылдау адамның жиған-терген тәжірибесіне байланысты .Абайдың  жалынды ,жанды өткір сезімді сөздерінде , өлеңдерін оқығанда тереңдігін байқайсың.Абай білімге бар күшін салған адам.Жас кезінен –ақ Абай  өмірі ширыға түскен.Ол өзінің  қуаты мен ой қуатына лайық зор міндеттер түскен,Абай жаратылыстағы зеректігі,талаптылығы дұрыс жолға  қойылған.Ол халық қазынасына  жанасатын  ірі тұлға .Халықтың  қоғамдық тірлігіндегі  қайшылықтарды,ауыр шындықтарды сол кезде ұққан.Қалың бұқараны  өзіне ұстаз,тәрбиеші деп  санаған.Ақындықты таңдап сол кездері жыраушыларды  бала күнінен  естіп,танып сусындап өскен.Әрине ,осындай ақындық  мұраларды,мысал,аңыз,мақал,дастан,айтыс сияқты сан қазынаны  әжеден,анадан,қонақ,жолаушылардан көп естіген.

Жалпы  ,ақылмен болжайтын ой-пікірге келгенде,олардың айтып тоқтаған жерінің ар жағынан жаңа өріс,тың жол  табамын деп талпынады.

Ол ел ортасында жетер өріс,алар нәр болса,бәрін таныған,баураған талапкер  өзінің жүйрік ,сыншы ақылымен енді бұрынғыға қанағат етпейді ,ілгері қарай дамуы,жаңа  азық нәр табуды талап етеді.Арыз үшін,ұлық үшін емес,білім-тәлім,тәрбие үшін көксейді.Білсем ,жетсем деген  зор тілек  үлкен талап пайда  болады.Бұл үшін  орыстың өнерін  білу керек ,оқу ,зерттеу,іздену  керек .Жігіттік шағында орысша оқуы  үш-ақ айлық сабақпен бітеді.Әрине ,ол білім кейінгі күндерге Абайға азық болды деп айтуға болмайды.Орысша  жағынан іздену енді  ғана  молынан басталады.Абайдың  елдің ішіндегі  әділдікті,тура  жолды бағатын кісі болады.Шын ел қамқоры болған адамгершілік,кісілік тұтқасы Абай болады.Қалың елдің момын көпшілігінен шыққан  дос атаулы да  Абай  басына  үйіріледі.Ол қарапайым халыққа барынша  әділ,дос,турашыл өз заманында үлгі,ұстаз болғысы келеді.Осымен қатар енді санап білім-ілім табуға беттей береді.Жасы  отыздан асқан соң ,бұрынғы азды-көпті білімін  есіне түсіріп,орыс кітабын мықтап оқиды.Едәуір тіл  біліп алған соң,енді көп нәрлі  кітаптар оқуға кіріседі.Содан  біраз жыл өткенде  Абайдың күндегі өмірінде үлкен орынды  тек кітап алады.Кітапты белгілі  жүйелі  тәртіппен  оқымаса  да,жақсы ақын ,жазушылардың сөздеріне  құмарланып,шетінен  таныса  береді.

Сөйтіп 35-36 жасында кітап қарастырудың жолына түседі.

Сол кезде атақты Чернышевскиймен  жақын танысып,орыс жазушылардың шығармаларын жете оқи бастайды.
Абай өз бетімен орыс  классиктерінің еңбектерімен сусындай бастайды.Бұрын қолына түскеннің бәрін  талғаусыз ,ретсіз оқып жүрген Абай,бертіндегі оқуын Михаэлистің  ұсынысы бойынша  үлкен тәртіпті  ретке қойып,көркем әдебиет,сын,философия ,табиғат ғылымдары,әр алуан  тарихтық кітаптарға  шейін тарау-тарауымен ,жоспармен оқитын болған.
Алғашқы кездерде оқығандарының  көбі  орыстың көркем  әдебиеті мен сыны болу керек.Көп замагнға  шейін  қалада  жатып оқып,кейінірек  талай кітаптарды қырға да алып шығып ,елде  де қарастыратын  болады.Сонымен қатар Европаның  көпке мәлім романшыл прозаиктерін де оқыған.Әрі-беріден соң кітаптарды өзі оқуымен  қанағат қылмай,маңайындағыларға  әңгіме  қылып,айтып отыруы әдет ете бастайды.Абайдың өз балалары да оқуға ден қояды.

Орыс ойшылдарының  достығы бір Абай емес ,сол арқылы бүкіл қазақ сахарасына арналған достық боп ұлғайды.Абай  енді өзінің  қоғамдағы  тарихтағы жолын ұзақ өріске  ұлғайтып алып  кетеді.

Өзі де ғылым зерттей бастайды.Ол  жасы қырыққа келгенде   дүниеден  көп  мағлұматы  бар кісі болып шықты.Әр нәрсе  туралы  ғылым-философияға  сүйенген арнаулы  көзқарасы ,сыны бар қырағы  азамат  болып ,жекеленіп шыға бастайды.

Бұдан кейін Абай елге де білгіш,кемел,халық қайраткері болып танылады.

Сырт елдердің халық қамын  ойлайтын кісілері  де  Абайдың  атағын көп естіп ,әңгіме ,мәжіліс құмар болады.

Бұлардың ішінде  елге танымал қоғамдық шаруашылық жаңалықтарға бойұсынған адамдар  да бар еді.Абай өзі араласып жүрген ортасын өзгертіп,түзеткісі келеді.Елге пайдасын  тигізгісі келеді.Жастарды,жас буындарға деген ықыласы ерекше болып мәдениетке жеткізуді ойлайды.Сонымен қатар оларды  өзіне  қосқысы келеді.Абай атамыз жалғыз Семей  емес Өскемен,Аягөз,Қарқаралы айналасының дұрыс деген  азаматтарымен жақынырақ қарым-қатынаста болады.

Оның атағы бір тобықты еліне ғана емес бірнеше  елге  атағы жетеді.Ол әмірлігі жүретін адамдардың іс-әрекетіне бұрынғыдан да өткір,қатал сынмен қарауды күшейтеді.Ол өзіне ғана емес,ел жайында озық ойын ойлай бастайды.Ұғарлық ,ойланарлық санасы бар-ау дегенкісілерге өсиет ,ақыл айтып,ұстаздық етеді.Енді Абай өз ортасында ақылды,басшы  бола бастайды.

Ол кітаптан  алған пікірін,тәрбиесін себеп қылады.Оның ойлаған ойы,жаңа бағыт түсініктері дем береді.

Абай ұстаз да,мұның алдына келген сөз ұғатын талапты жастардың бірі-шәкірт.Жастарға білім алуға талпыну керек,жаңа жолмен  өзі қиял қылған өнер-білімге,жаңа сапалы адамгершілікке қарай  жетектеп,баулығысы келеді.

Сөйтіп жастарға  музыканы  үйретпекші болады.Өзі әнді жақсы көрген.Ертеректе қазақтың әншісі Біржан сал мен жүз көрісіп,үлкен дос болған.Бұны барлығы Абай атамыздың жан-жақтылығын көрсетеді.

Абай білімге бет бұрғандықтан,үйінде  отырып та,ақындық ,ұстаздық    еңбекпен айналысады.Ұстаздық етіп жүргенде қара сөзбен айтатын өсиетті көп жазды.Елдің түйсігі бар азаматтарына  жетті деп білем.

Абай  өзі жақсы домбырашы болған.Қазақтың ескі ән-күйін  жете  білген,барынша сүйген Абай -дана ,Абай –дара дер едім.

«Сап,сап,көңілім» деген сабырдың тыйылудың сөзін үнемі қайталап отырады.

Айтпақ жайын әдейілей,көп қайталап отырады.Жастардың тәрбиелік,адамгершілік  жақсы ниетті адам болуына шақырады.Ақын сөздерін орағытпай дәл айтады.Бұл жерден біз ақынның реалист,сыншы екенін аңғарамызӨлеңде берілген бозбалалық алданыш,жұбанышы,болымсыз тәрбие,шала сауаттылық салқын оймен қатаң сыналады.Яғни,Шала оқудан
Не жарыдық,
Қалғаннан соң құр надан?
Бағасыз жастық-
Бозбастық,-
Адастық,-

Дегендей жоғарыда айтылған сыншыл сана айқын   аңғарылады.
Сонда  оқу –тәрбиенің өзгеше өрісін мақсат еткен бағыт та байқалады.

Яғни,ең алдымен білім алу керек ,Абай  психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, пед. әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудың психология  негіздері, ұлттық мінез-құлықты. б.) көрініс тапқан.  Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
«Ақыл, ғылым — бұлар — кәсіби (еңбекпен табылған нәрсе)», — деп санайды. Абай адам танымын надандықтан білімге дейінгі, толық емес білімнен неғұрлым толық білімділікке дейінгі үздіксіз даму деп түсіңді, білімнің қайнар көзі объективті шындық болып табылады және заттар туралы сол білім толық ақиқат. Ол тәжірибе барысында білімнің толыға түсетінін ерекше атап көрсетті: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, кергені көп болған адам білімді болады».

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.