Home » Мақалалар » Демалыслагеріндегі танымдық- спорттықжұмыстарды ұйымдастыру

Демалыслагеріндегі танымдық- спорттықжұмыстарды ұйымдастыру

НҰР- СҰЛТАН қаласы Білім басқармасы
Демалыс лагеріндегі танымдық- спорттық жұмыстарды ұйымдастыру жоба
Автор -құрастырушы :
Кунафина Динара Агзамовна
№52 мектеп-гимназия
бастауыш сынып мұғалімі

Аңдатпа
Тақырып «Демалыс лагеріндегі танымдық- спорттық жұмыстарды ұйымдастыру» (мектеп жанынан құрылған бастауыш сынып оқушыларына арналған лагерь жұмысы)

Жобаның өзектілігі. Мектеп жанындағы лагерьмен жұмыс жасайтын тәрбиешілердің жұмысын жеңілдету. Қазіргі ғылым мен техниканың мүмкіндігін барынша пайдалану. Мысалы: Музейлерге интернет арқылы саяхат жасауға болады, киноны, мультфильмдерді де интерактивті тақта арқылы көріп талдауға мүмкіндік бар. Жұмыстың оқушының танымдық-шығармашылық деңгейі мен психологиялық ерекшелігін ескере отырып жеке тұлғаның қажетін өтеу үшін жұмыстаржүргізі, тағылымдық жұмыстарды өткізу. Мектеп жанындағы лагерьдің жұмысын жаңа қырынан дамыту, ата-ана мен оқушылардың назарын аударту, қызығушылығын ояту. Салауатты өмір салтын төменгі сыныптан бастап уағыздау. Инновациялық ақпараттық-коммуникативтік технологияны яғни интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, оқушы деңгейіне лайықталған кинолар мен мультфильмдерді іріктеп алып көрсету, өзіндік пікірін білу. Оқушылармен өткізетін сыныптан тыс іс-шаралардың, ойын түрлерінің ерекшелігін үнемі ескеру, оның түрлерін өзгертіп отыру. Оқушының тұлғалық және дене қуатының жетілуін назарда ұстау.

Зерттеу мақсаты.
Оқушыларының жас ерекшелігі мен психологиялық мүмкіндігін ескеріп тапсырмалар мен көрінекілер алдын ала әзірлеу. Оқушымен жеке жұмыс жасау арқылы оның танымдық ерекшелігін білу және әр балаға назар аудару. Олардың еркін сезінуіне барынша жағдай жасау. Сондай –ақ топтық жұмысқа жұмылдыру, Қасындағы оқушымен тіл табыса білуге, оның пікіріне құрметпен қарауға, өзінің де пікірін ашық айта білуге үйрету.
Бағдарлама мазмұны
Әдістемелік құрал мектептің әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ескере отырып, ата-аналардың әлеуметтік тапсырысы мен оқушылардың сұраныстарына сүйене отырып жобаланды және нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес әзірленді. Педагогикалық ұжым оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру жұмысын жоспарлай отырып, балалардың балалар ұжымында кеңінен араласуы мен ынтымақтастықта болу, оқу үдерісі кезінде жұмсалған күшті қалпына келтіру, денсаулықты нығайту, жеке қабілеттіліктерін, өзінің шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ қолдан келерлік жұмыс барысында еңбек дағдыларын дамыту мүмкіндіктерін ескереді.

Зерттеу әдістеріЛагерге дайындалған тапсырмаларды көрініс және көрінекіліктер арқылы меңгертуге, алған әсерлерін жеке жұмыстары арқылы көруге мүмкіндік бар. Әр тақырып бойынша жеке-жеке жұмыс жоспарлары жасалынып, сол бойынша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары белгілі ретпен орналасқан. Бір тапсырманың өзі бірнеше формада қайталанып берілген. Мұның өзі лагерьді бала толық есінде сақтауға мүмкіндік береді. Жобада оқушымен жеке де, жұппен де, топпен де жұмыстың түрлері қамтылған. Бұл жобаның маңыздылығы балалардың дүниетанымы кеңейіп, өмірге деген қөзқарасы өзгеріп, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді.

Жобаның тәжірибелік маңызы.Демалыс лагеріндегі танымдық- спорттықжұмыстарды ұйымдастыру арқылы дайындалған әр жұмыс, тапсырма, жаттығу, көрінекіліктер лагерь қоржынының толысуына мүмкіндік береді. Ең бастысы оқытушы үшін жасалынған мүмкіндікті мұғалім-тәрбиеші танып өзіне икемдеп алса, ары қарай жұмыстар барысында оқушы бейімділігі айқындала береді.

Жоба оқушының ұлтжанды,қазақ тілін құрметтейтін, ой ұшқырлығы дамытуда өзіндік орны бар. Танымдық- спорттық жұмыстардыпайдаланғанда тапсырманы орындағанда оқушының ойы жинақталып, не айтатынын іштей ой елегінен де өткізіп алады және шапшаңдыққа, тез ой қортуға да қалыптасады.

Елдің ертеңін ойлаған ұлтжанды әр адам өзінің ана тілінің құдіретін ұрпағының бойынан көруді, ұлттық болмыс-бітімін сақтап қалуды, кейінгі ұрпаққа бабалар мұрасын аманат етуді, басқа ұлт өкілдерімен біліммен иық тіресуді басты мақсат етеді. Ендеше ең басты байлығымыз бай да көркем тілімізді таза сол қалпында кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін бұл жобаның өзіндік берері мол.

Жаңашылдығы:

Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанмен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін түрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді. Сондықтан төменде ойындарды жіктеп, балаларды қызықтырады-ау деген тақырыптарда бірнеше түрлерін беріп отырмын. Ойындардың негізгі мақсаты қысқаша беріліп отыр. Бұл ойындарды бұрыннан танымал ойындармен бірге пайдалана отырып, баланының ойы мен тәрбиесін жеке тұлға ретінде заманауи талаптарға сай ұштауға, одан әрі дамытуға қадам басамыз деп ойлаймын. Ойындарды жас ерекшелігіне қарай өзгертіп, икемдеуге оңай, әрі балалардың өздеріде өздігінше жүргізе алатындай жеңіл.

Кіріспе.
«Демалыс лагеріндегі танымдық- спорттық жұмыстарды ұйымдастыру» әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдері мен тәлімгерлерге әдістемелік құрал ретінде өзіндік пайдасы бар. Әдістемелік құрал 5 бөлімнен тұрады:
1. Демалыс лагеріндегі танымдық- спорттық жұмыстарды ұйымдастыру.
2. Шығармашылық-іздендіру тапсырмалары
3. Баланың танымын дамытуға арналған ойындарды
4. Сыныптан тыс іс-шаралар
5. Лагерь жоспары
«Демалыс лагеріндегі танымдық- спорттық жұмыстарды ұйымдастыру» әдістемелік құрал жазудағы басты мақсат мектеп жанындағы лагерьмен жұмыс жасайтын тәрбиешілердің жұмысын жеңілдету. Қазіргі ғылым мен техниканың мүмкіндігін барынша пайдалану. Мысалы: Музейлерге интернет арқылы саяхат жасауға болады, киноны, мультфильмдерді де интерактивті тақта арқылы көріп талдауға мүмкіндік бар. Жұмыстың оқушының танымдық-шығармашылық деңгейі мен психологиялық ерекшелігін ескере отырып жеке тұлғаның қажетін өтеу үшін жұмыстаржүргізі, тағылымдық жұмыстарды өткізу. Мектеп жанындағы лагерьдің жұмысын жаңа қырынан дамыту, ата-ана мен оқушылардың назарын аударту, қызығушылығын ояту. Салауатты өмір салтын төменгі сыныптан бастап уағыздау. Инновациялық ақпараттық-коммуникативтік технологияны яғни интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, оқушы деңгейіне лайықталған кинолар мен мультфильмдерді іріктеп алып көрсету, өзіндік пікірін білу. Оқушылармен өткізетін сыныптан тыс іс-шаралардың, ойын түрлерінің ерекшелігін үнемі ескеру, оның түрлерін өзгертіп отыру. Оқушының тұлғалық және дене қуатының жетілуін назарда ұстау.

Біздің және ата-ананың міндеті – баланы адамгершілік жағынан жетілдіріп, қоғамға жеке қалыптасқан тұлғаны қосу, сол арқылы қоғамды, әдебиет пен мәдениетті дамыту.

orn0412

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.