Home » Мақалалар » Білім көшінің салмақты тарихын баяндап бердік, ендігі мақсат атқарылған жұмыстың ақ батасын алу, беделіміздің  межесін айқындау!

Білім көшінің салмақты тарихын баяндап бердік, ендігі мақсат атқарылған жұмыстың ақ батасын алу, беделіміздің  межесін айқындау!

  • 1 246 400 оқушыларға арналған 508 жаңа мектеп, 44 278 орындық бала бақша салды. Республикада осы жылдар ішінде ондаған жоғарғы және орта арнайы оқу орындар ашылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің бастапқы кезеңіндегі қиыншылықтардың бәрін жастар өздері тәрбиеленген патриоттық сезім мен табандылықтың арқасында ғана жеңді»,- деген ақпарат  архив деректерінде сақталды. Тың эпопеясы осылай жалғаса Далабаева Айгуль Туяковна

Жоғары көлік және коммуникация колледжінің   бөлім  меңгерушісі
Нұр-Сұлтан қаласы
Колледж күнтізбесі: 75 жыл!
 «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге
елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» Н. Ә. Назарбаев

Жоғарғы көлік және коммуникация колледжі іргетасын 1945 жылы қалады. Ақмола өңірінде ашылған  білім ордасы солтүстік өңірді толықтай теміржолшылармен қамтуды жүзеге асыра бастады. Ақмола тұрғындары және аймақ жұрты жас буын жеткіншектерді жаңа оқу орнына бере отырып, болашағына сеніммен, табысына үмітпен қарады. Теміржол техникумы оқуға құлшына кіріскен жастарға жаңа серпін, жаңа өмір сыйлады.

Білім ордасының ашылуымен тұспа-тұс келген Тың  және тыңайған  жерлерді игеру науқаны өңірге қайнаған  тыныс-тіршілік алып келді.

«1954–1960 жылдары ұжымдық шаруашылықтар өзінің қаражатына берді. Ақмола Целиноградқа айналып, үлкен өлкенің бас қаласы болды. Тың игереміз деп сырттан ағылып келген нөпір халық Қазақстанның  солтүстік және орталық бөлігіндегі демографиялық ахуалға  айтарлықтай әсер берді.

Бұл өз кезегінде көпұлтты өлкені қалыптастырып, орыс тілінде  білім алатын мамандықтардың көптеп ашылуына жол берді. «Тепловоз шаруашылығы», «Жол шаруашылығы құрылысы және техникалық пайдалану»,  «Теміржолды техникалық күту», «Жол және құрылыс машиналары мамандықтары» бойынша кадрлар даярлау жұмысы алғы шепке қойылды.

XX ғасырдың 90-жылдарына дейін жалпы теміржол мамандарын даярлау орыс тілінде жүргізілді. 40 жыл ішінде техникум түлектері Қазақстанның түкпір-түкпіріне жолдама алып, теміржолшылар одағын толықтырды. Қарапайым жұмысшыдан теміржол бекетінің тізгінін ұстаған басшыға дейін жетті. Жас маманнан кәсіби білікті шебер, еңбекте озат атанғандар құрметті теміржолшыға айналды. Артқа көз салып, бойыңдағы барымен мақтанатын кезге жетті.

Еліміздің тәуелсіздігімен қатар келген елеулі оқиғаның бірі — оқу орны колледж  атанды. Жаңа дербес даму жолына аяқ басқан Қазақ елінің бағыты нақты  тарихи жолы жазыла бастады. Біздің оқу орнымызда да қазақ тілінде білім алатын оқу топтары және байланыс саласына қажетті мамандарды даярлау қолға алынды. Радиобайланыс, есептеу техникасы мен бағдарлама жасау саласындағы мамандар, электрмеханик сынды кадрларды оқытатын оқу бөлімдері ашылды.

Талап бар жерде тәртіп бар. Білім бар жерде, сұраныс бар.  Оқу үрдісі заманауи құрал-жабдықтарды қажет етеді. Әр кезде де білім ордасы толыққанды техникалық құрал-жабдықпен қамтылды. Зертханалық кешендер, дағдыны қалыптастыруға негізделген макеттер, дәнекерлеуші шеберханалар іске қосылды. Бір сөзбен айтар болсақ, білім ордасының  сара жолы  дара жолмен көш сәнін жоғалтпай келеді. Жүрген  сайын жүгі артып, маңызы, көшбасшылығы  нығая түсті.

Білімдегі жаңалықтар  қатарында, колледжде дуалды оқыту жүйесі бойынша бірнеше мамандықтар білім алып жатыр. Эксперименталды пилоттық жоба ретінде ағылшын тілінде білім алатын оқу топтары белгіленді. Қолға алынған бұл жұмыс та нәтижесімен қуантар деген сенім бар. Соңғы жылы колледжде қолданбалы бакалавриат бойынша кадрлар дайындау бағыты жұмыс істеп келеді. Бұл бағыт оқу орнына жаңа мақсат, кешенді жоспар құруға негіз болды. Алыстағыны болжап, ағымдағыны қайырып, ертеңгіні орындауға қажыр қайрат берді. Дара жолымыз 75 жылға ұласып, білім ордасы  жүзжылдыққа өз көшін бастады.

Білім көшінің салмақты тарихын баяндап бердік, ендігі мақсат атқарылған жұмыстың ақ батасын алу, беделіміздің  межесін айқындау!
Ақпарат көздері:
1.https://aikyn.kz/arqadaghy-tungghysh-temirzhol-tehnikwmy/
2.https://e-history.kz/kz/publications/view/3153 © e-history.kz
3.«Тың эпопеясы» қалай басталды?» Расул Айтқожа «Астана ақшамы»  газеті, 26 қараша, 2019 жыл

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.