Home » Мақалалар » Білім беру басты міндет

Білім беру басты міндет

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына қашықтықтан оқыту бағдарламасы енгізілді. Бұл барлығымыз үшін күтпеген жаңалық болды. Оқушылар үшін ғана емес, ұстаздар мен ата- аналар үшін де қиынға соғып тұрғаны белгілі. Бірақ қандай қиын кезең болса да біз жұмыла кірісу қажетпіз. Бұл жағдайда оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп жатыр. Біздің білім беретін №99  жалпы білім беретін мектептің қазіргі жұмысы өте қарқынды. Қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Соның арқасында мектебімізде мұғалімдер жұмысына тыңғылықты  дайындалып, оқытуға белсене кірісіп жатыр. Ақпарат құралдары арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың  қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Қашықтықтан оқыту жүйесінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады. Қазақ тілін оқытуда да ақпараттық технологияны қолдану арқылы сабақтар тиімді өткізіліп жатыр. IV тоқсан басталысымен «Балапан», «Еларна» телеарналарында бес күндік сабақ өткізіле бастады. Қашықтықтан оқыту бағдарламасын мұғалімдер аз ғана уақыт ішінде игеріп шыға білді. Classroom,Bilimland,gmail, whatsapp т.б жекеленген сайттар мен желілер арқылы сабақ өткізуге мүмкіндік алды. Сабақ кестесі барлық оқушылар мен ата- аналарға ұсынылды. Оқушыларға берілетін үй тапсырмалар да талапқа сай беріледі. Өз тәжірибем бойынша

4-сыныптарда қазақ тілінен көбіне шығармашылық тапсырмалар колданамын.  Атап айтсам, суретпен жұмыс жасау,  суретте не бейнеленгенін және сол сөздерді аудару, түсінбеген сөздерге түсінік беру, сөйлем құрастыру сондай-ақ сұрақтар дайындау тапсырмалары орындалады. «Не артық?» ойнын өткізген кезде слйдтағы ерекшеленіп тұрған затты атау.

«Жасырын дыбыс»  жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Білімді тиянақтау кезеңінде нәтиже сабақта сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу, құрастыру. т.б. тапсырмалар беріледі.

Қашықтықтан оқыту мұғалімдердің біліктілігін арттырып, ата- аналар мен оқушылардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертті. Мұғалімдер үшін  бұл оқыту түрі көп  ізденісті талап етеді. Қашықтықтан оқыту міндетін түсіну үшін, оқушырдың арасында өзара мониторинг  жүргізу арқылы білім сапасын жақсартуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда білім беру бұл үлкен ізденісті талап ететді. Сондықтан мұғалімдер үшін басты міндет білімі мен біліктілігін көрсете отырып, білім беру.

Әлімбек Абылай Нүсіпұлы
Алматы қаласы
Медеу ауданы
№99 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.