Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы,
Жаңаөзен мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тарбанова Сания Бактебаевна
Әлемдік пандемияға байланысты Президент Қасым –Жомарт Тоқаев мектеп оқушыларын көктемгі демалысқа бір апта бұрын жіберу және арнайы, жоғары оқу орындарын қашықтан оқуға көшетіні жөнінде шешім шығарған болатын.
Ұстаздарымыз оқу жылының IV тоқсанын қашықтықтан білім беруге көшті. Ұстаздар қауымы үйде отырып mektep.edu.kz немесе ватсап месенджері арқылы оқушыларға білім беруде.
Осындай вирустың таралуының алдын-алу мақсатында қашықтықтан білім беруді, Жаңаөзен мектеп- гимназиясының ұстаздар қауымы да бірауыздан қолдап, бұл іске жүйелі араласып кетті. Қашықтан оқыту – мұғалімдер мен оқушылар, ата- аналар үшін жаңа дүние. Жаңа дүниенің қызығы мен қиындығы қатар жүретіні белгілі. Қашықтан сабақ беру әдісі, ата- аналарға да оңайға түспеді. Себебі оқушының сабағын күнделікті қадағалау ата –анаға міндеттелді. Осы орайда мұғалім мен ата- ана арасында тығыз байланыс орнатылуы қажет.
Балаларымыздың осы жүйеге тез бейімделіп кетуі, әрине мұғалім, ата – ана, бала арасындағы байланыстың арқасында. Алайда, бұл ретте мұғалімдер мен ата- аналарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол болашақтың иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, ғылыми-мәдени өрісі кең, озық етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздың қоғам алдындағы борышы.
Белгілі педогог В.А Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала сондай бола алады» дейді. Шәкіртке терең білім беріп, оның жүрегіне адами асыл қасиеттерді үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат, жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, қоршаған ортамен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Мектептегі тәрбие балалардың адамгершілік сана- сезімін, мінез-құлқын қалыптастырады, жалпы міндеттерінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Сол себепті әрбір ата- ана мектеппен тығыз байланыс орнатып, өз балаларының парасатты, білімді, мейірбан, табанды азамат болып өсуіне ықпал жасаулары керек.
Ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде, мектеппен қарым – қатынас жасау, басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері — сынып, мектеп ұжымының тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты.
Бұл бағытта бала тәрбиесі үшін ата-ананың мектепке барар жолдың әр түрі бар.Әр оқу тоқсанының аяғында өтетін сынып жиналысының ата-ана үшін мәні өте зор. Бұл жерде баланы мектепке және отбасында тәрбиелеудің аса маңызды мәселелері талқыға түседі. Жиналысқа келген жас ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарға жауап тауып, үлкендерге риза болып тарқасып жатады. Осындай үйлесімді ұрпақтар сабақтастығынан келешек ұрпақ тәрбиесі шығатыны белгілі. Ата-ананы мектепке шақыру қарым- қатынастың бір түрі. Негізінен ата-ананы мектепке баласының үстінен шағым айту үшін емес, үйдегі тұрмысы, мінез-құлқы ерекшелігі, жалпы тәрбие мен оқытудың кейбір қиын жағы туралы сөйлесу қажет. Ата-ана мен мұғалім бала тәрбиесі туралы үнемі ақылдасып отыруы керек. Сондықтан мектепке ата-ананы шақырып әңгімелесудің бала тәрбиесі үшін пайдасы өте зор.
Ал қазіргі жағдайға байланысты ата- анамен ұстаздар арасындағы қарым – қатынас жазбаша түрде жалғасуда, бұл байланыс ZOOM платформасы немесе ватсап желісі арқылы жүргізілуде. Бұл жерде ата –ана оқушының үйдегі қандайда бір игілікті істері немесе баласының бос уақытын қалай өткізгендігін жазып жатады.
Міне, ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынас осылай үздіксіз жалғасын табуда.
Қандай да бір қызықты керемет сәттерді ұстазымен емес ата-анасымен де бірге қызықтаса, баланың есінде ол мәңгі қалмақ.
«Атың болса жер таны желіп жүріп, асың болса ел таны беріп жүріп» дегендей, тамшының теңізге ұласуының іргетасы осылай қаланбақ дей келе, оқушы үшін ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс одан әрі күшеюде.
Ұрпақ саулығы – болашағымыздың жарқындығы. Олай болса қашықтан
оқыту – ұрпақ саулығының бірден – бір кепілі!
Біз біргеміз!
Үйде болайық!