Home » Мақалалар » «Ұлағатты отбасы- ұлт құндылығы»

«Ұлағатты отбасы- ұлт құндылығы»

                                   Ақмола облысы, Бурабай ауданы
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының
II санатты тәрбиешісі
                                                Даукиева Улбосын Еламановна

Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Армысыздар құрметті қонақтар және әріптестер! Бүгінгі өткелі отырған «Ұлағатты отбасы-ұлт құндылығы» атты келіндер сайысы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Гүлдер» кіші топ аналарының қатысуымен ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:

Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін – деп отырып бүгінгі сайысқа қатысушы жас келіндерімізді қол соғып құрметтеп ортаға шақырамыз.

Каюмова Инкар Тилавбаевна

Нурмаганбетова Гульжаухар Хамитбековна

Басымова  Арайлым Жолдангаровна

Бердимурат Ардақ

Жүргізуші:
Ашық жарқын жүзді  әділқазыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

  1. Гулнар Кенесовна-Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының маманы
  2. Ботакөз Сартаевна- бөбекжайымыздың әдіскері
  3. Гульнар Бахытовна- бөбекжайымыздың қазақ тілі мұғалімі

Жүргізуші: Көп сөйлеп, жөн-жобадан біз аспайық,
Қандай сайыс болса да, біз қашпайық.
Ал, ендеше рұқсат болса сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.
Жүргізуші: Сайыстың барысы:
1.Қане таныс болайық  (Өздерін таныстырып өтеді)
2. Өнерлі өрге жүзер     (ән, би, қол өнер, мәнерлеп өлең шумақтарын оқу )
3.Қазақтың ұлттық тағамдары (Үй жұмысы)

  1. «Сыр- сандық» сұрақ-жауап сайысы.

 

Жүргізуші:

Келін біздің күніміз,

Келін біздің гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз- дей отырып, кезекті таныстыру кезеңіне береміз.

1.

2.

3.

4.

Жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты?

Толғанта ән салдырып, билетіп,

Жасына қарамастан бұл ортада,

Қай келін таң қалдырар бұл халықты –деп «Өнерлі өрге жүзер» кезеңін тамашалайық.

Жүргізуші:

  1. Келесі кезекте үй жұмысы «қазақтың ұлттық тағамдары»

Келіндеріміз үйден қандай тамақ дайындаған екен тамашалайық.

1.

2.

3.

4.

Жүргізуші:
4. «Сыр- сандық» сұрақ-жауап сайысы.

Яғни, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»-деп,келіндерімізге сұрақ-жауап кезегін берсек.Ол үшін берілген әділ қазылардың алдындағы билеттерді таңдаймыз.
1. Босаға майлау дегеніміз не?
2. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата.
3. Киіз үй бөліктерін ата
4. Үш жұртты ата.
5. Жасау дегеніміз не?

Жүргізуші: Біздің келіндеріміз, өз өнерлерін жоғарғы деңгейде көрсетті –деп ойлаймын, әділқазылар не шешеді оны  біраз уақыттан киін білетін боламыз.

Әділқазылар ақылдасып ойланғанша тамаша ән тыңдаңыздар.

Ән: «Келін келді» Улбосын Еламановна.

Жүргізуші: Сөз кезегі әділқазыларда!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар «Гүлдер» тобы ұымдастырған сайысқа белсене қатысқан аналарымызға және қонақ болып келген көрермендерімізге көп рахмет айтамыз! Әр отбасына қуаныш, бақыт тілейміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.