Уалияхметова Лаура Қайрақбайқызы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға
арналған арнаулы мектеп-интернатының тәрбиешісі.
Сабақтың мақсаты: адамның ең бағалы мүшесі көздің адам үшін маңызы және көру қабілетін жақсарту, күте білу ережелері туралы мағлұмат беру.
Білімділік: оқушыларды өздерін күте білуге, мұқият болып, тазалықты сүйе білге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Коррекциялық мақсаты: айналаны, қоршаған ортаны бағдарлай білуге үйрету.
Міндеті: салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабақтың түрі: әңгіме сабағы.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту: Күнделікті өмірде ең маңызды мүшеміз көз жанарымызды дұрыс күтіп, көру қабілетімізді жақсарту жолдарын біліп, қадағалап жүрміз бе?
Олай болса, осындай маңызды мағлұматты санамызға түйіп, тыңдап, түсініп алуға шақырамын. Өкінішке орай, күн сайын монитордың алдында, ұялы байланыс құралын тастамай ұстап жүретін қалге жеттік, оның салдарынан өзіміздің көз жанарымыздың күннен-күнге солып, көру қабілетіміздің нашарлай беретінін жақсы білесіздер, сондай-ақ қаншама алтын уақытымыз қайтып оралып келмейтін қасымыздағы достарымызға, отбасымыздың мүшелеріне, қала бере ата-анамызға көңіл бөлуге неге арнамаймыз?
Осы сұрақтарға әркім жауап іздеп көріңіздерші, ұялы телефонды тек қажетімізге, пайдалы жағына қарай қолданайық.
Шын мәнінде, көз нашарлауының алдын алу мүлде қиын емес. Тек ойланып көріңіз. Сіздердің алдарыңызда екі таңдау бар: өте қарапайым қимылдарды орындау арқылы көз жанарыңды сақтау немесе көзді күтпей, мәселені одан әрі қиындату.
Ең бірінші кеңес. Компьютерге дұрыс отыруды ойлайтын адам аз. Еш заңдылықты сақтамай отыра салып, кейін арқа немесе мойын ауырғанда басқа жаққа бұрылып, осылайша, экранға одан әрі жақындай түскенімізді байқамай қалатынымыз бар.
- Монитор көзден алшақ орналасуы қажет. Монитордың жоғарғы шеті көзбен бір деңгейде немесе сәл төменірек орналасуы тиіс.
- Жарық беру: экран неғұрлым жарық болса, бөлме де соғұрлым сәулелі болуы қажет. Көз аса қатты жарыққа қарауға қабілетсіз. Сондықтан, жарық экран мен қараңғы бөлменің шағылысуы көз бұлшық еттерін шаршатады. Сол себепті, монитордан түсетін жарық пен бөлмедегі жарықтың бір-біріне үйлесуін қадағалаңыз.
- Өзге дақ-нүктелердің болмауы: сіздің мониторыңызда өзге жарық көзі болмауы тиіс.
- Таза экран: экрандағы сұлбаның сапасы мейлінше жоғары болса, көздің шаршауы да төмен болады. Қазіргі кезде мониторлардың сапасы өте жақсы. Алайда, барлығы да шаңды тез жинайды да, қанықтығын жоғалтады. Сондықтан, әр күн сайын экранды майлықпен сүртіп тұрыңыз.
- Дененің дұрыс орналасуы: орындық немесе мамық үстелге тік отырыңыз. Отырысыңыз өзіңізге ыңғайлы болуы керек. Әйтпесе, сіз экранға қарай еңкейе бересіз, ал бұл көзге түсетін ауыртпалықты одан әрі көбейтеді. Егер сіз компьютермен жұмыс кезінде қандай да бір қағаз құжаттарды қарайтын болсаңыз, онда құжаттарыңызды жаныңыздағы қандайда бір тіреуішке қойыңыз. Бұл жағдайда сіз қайта-қайта ақпарат алу үшін, көздің қызметін ауырлата түспейсіз. Мойныңыз да ауырып қалмайды. Әрбір 45 минут сайын үзіліс жасаған дұрыс.
Бұл жақсы кеңес. Алайда, компьютерге отырған соң, уақытты тексермейміз, статистикаға сенсек, компьютерге отырған адамдардың 90% жұмыс уақытының қашан бітетінін анықтау үшін немесе ұйықтайтын уақыт болған-болмағанын білу үшін ғана сағатқа қарайды екен. Компьютерге бір отырған соң, уақытты бағамдап отыру қиын. Сол себепті, 45 минут сайын үзіліс жасауды қолға алу қажет.
Көзге арналған жаттығу.
Егер тек бір бағытқа қарап жұмыс істесеңіз, көздің бұлшық еттері шаршайды. Сол себепті, көзіңізді жұмыс, жарықты өткізбеу үшін алақаныңызбен жабыңыз. Көзді босаңсытып, қимылдатпаңыз. Осы аралықта, жұлдызды аспанды немесе қандайда сурет картинасын көз алдыңызға елестетіп, жақсы эмоцияға бөленіңіз. Тіпті, шексіз қараңғылыққа қарау арқылы да, бұл жаттығуды жасауға болады. 2-3 минут өткен соң, көзіңізді ашыңыз. Сөз жоқ, жанарыңыздың демалып қалғанын сезінесіз.
Терезе алдына келіңіз де, көзді фокустандыруға арналған жаттығуға көңіл бөліңіз. Терезенің әйнегіне диаметрі 3-5 мм болатын белгіні жапсырып қойыңыз да, осы белгіден 30 см-дей алшақ тұрыңыз. Көзіңізді сол белгіге алып, кейін дереу терезе сыртындағы бір заттарға бұрылыңыз. Әрбір фокустандыру кезінде, 2-3 секундқа аялдаңыз. Бірақ бір жаттығу кезінде 30 рет осы әдісті қайталасаңыз, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Осыдан соң, бірнеше минут бойы кез келген басқа заттарға назар аударыңыз. Бұл кезде басыңызды қозғамай, тек көзбен ғана қараған жөн.
Дәрумендер.
Дәрумендер барлық ағзаға, соның ішінде, көзге де керек. Егер балғын жеміс-жидектер мен көкөністерді жеп үлгермейсіз бе? Онда мультидәрумендерді пайдаланыңыз.
Бұл айтылған кеңестердің барлығы да оңай орындалады! Тек, күнделікті зиянды әдеттерден арылып, экран алдында сағаттап отырудан қашып, кішігірім үзіліс сіздің көз жанарыңыз үшін аса пайдалы. Сондай-ақ ойыңызды тазартады.
Кітап оқығанда тым еңбектеп жатып шұқшиюға, қағазды көзге тым жақын ұстауға болмайды. Кітапқа тым еңкейіп қарау, омыртқаны қисайтып, алыстан көрмеуге әкеп соғады. Көзден қағазға дейінгі аралықтың 35-40 см. болуы шарт. Теледидар көргенде экраннан 25 метр қашықтықта отырған дұрыс. Автобуста, көлікте, кітап, газет, журнал оқуға болмайды. Өйткені оны ұстап отыру ыңғайсыз, әрі оқуға жарық жеткіліксіз.
Көзді аман сақтауда тазалықтың маңызы зор. Егер адам көзіндегі сұйықтық қалыпты айналу жағдайы бұзылса, көз ішінің қысымы жоғарылайды, глауиана ауруы пайда болады. Адамның ішкі органдары сырқатқа шалдықса да көзге әсер етеді. Орталық және шеткі жүйке жүйесі ауырса да, адам уланса да, ағзадағы зат алмасу бұзылса да, ішкі секреция бездері зақымданса да, көз маңайында ауру процестері басталса да көзді ауыртады.
Бір көздің жарақаттануы екінші көзге де әсер етеді. Сондықтан да дереу дәрігерге қаралу керек. Көзге абайсызда сілті, қышқыл тиіп күйдірсе, оны дереу кранның суық суына тосу алғашқы жүзеге асырылатын шара. Көздің көруінің нашарлауын оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан алыстан көргіштік, астигматтық, дальтонизм пайда болатын іштен туа біткен көз аурулары.
Кейінгі жылдары іштен туа біткен аурулар — суқараңғылық (глаукана)
мен көз жарақаттары жие кездесіп жүр.
Көз ауруларының пайда болуына, механикалық (әр түрлі жарақаттар алу т.б.) физикалық (шаң-тозаң, әр түрлі булардың әсері) және физикалық,
химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық т.б.) факторлар әсер етеді.
Көз ауруының жиі кездесетін түрлері: басыр бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу т.б.
Көзге ақ түсу – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл көбінесе жарақаттардан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жаралардан болады. Қызылша, шешекқұрт ауруының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді. Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты.
Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық ота жасалады.
Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да көз ауруларына әкеледі.
Мысалы: қоян көз, бадырақ көз, т.б. Көз аурулары көздің көруін нашарлатып соқырлыққа да душар етуі мүмкін.
Қорытынды: Міне құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымызда әрқайсыңыз өте пайдалы ақпарат алдыңыздар деген үміттемін, дені саудың- жаны сау демекші, өз денсаулықтарың өз қолдарыңызда. Болашақ-жастарда, демек Сіздерде, мен Сіздерге сенемін, осы айтылған ақпараттардан жақсы ой түйіп, салауатты өмір салтын ұстанып, көз жанарларыңды сақтап, одан әрі сауықтырады деген сеніммен, мен сабағымды аяқтағым келеді, назар қойып тыңдап, өз ойларыңмен бөлісіп, сабаққа белсене қатысқандарыңызға алғысым шексіз, аман-сау болыңыздар.