Гайнуллина Маусымжан Утеуовна
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға
арналған арнаулы мектеп-интернатының
тәрбиешісі
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың жақсылық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.
Міндеттері: жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру.
Сабақтың міндеттері:
— жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
— жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
— қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ертегі суреттері, дәптер, сюжетті суреттер, аққағаз.
Сабақтың барысы:
Армысың, шапағатты күніміз!
Армысың, мейірімді жеріміз!
Армысың, Табиғат анамыз!
Әдеппен бас иер баламыз!
Қайырлы таң, қайырлы күн баршаға,
Қош келдіңіздер, біздің сабаққа!
«Сәлемдесу» ойыны.
Балалар, қане, бір-бірімізбен ерекше амандасайық. Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-біріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар.
Тәрбиеші: тақырыпты есептер шығару арқылы табу
– Балалар, «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» деп қазақ бабамыз айтқандай, біздің бүгінгі сабағымыз «Жақсылық жасай білейік» деп аталады. Жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.
Әңгімелесу.
- Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Жақсылық жасау деген не?
- Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
- Жаман адамның бойында қандай қасиеттер болады?
- Өздеріңнің жақсы істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?
— «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?
— Өзің қандай жақсылық жасай аласың?
— Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?
— «Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің?
Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау — адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау — биік адамгершіліктің белгісі.
Жақсылық жасау – адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?
— Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
Айымгуль: Мен жақсылық жасауды, кішілерге қамқор жасау, қарт кісілерге көмектесу кішкентайлардың көңілін қуанту деп түсінемін.
Әдемі: Жақсылық жасау дегеніміз – қоршаған ортаны ластамау, гүлдерді әрқашан суарып жүру керек деп ойлаймын.
Жақсылық жасау дегеніміз – тек қана адамдарға ғана емес, қоршаған ортаға, айналаға барлығына қамқорлық көрсету, қайырымды болу. Егер адамдар бір-біріне жиі-жиі жақсылық жасай білсе, әрқашанда дос, бауыр болады. Бір-бірін сыйлап жүреді.
Дәйексөз
«Біреуге жақсылық етсең өз жақсылығыңды міндет етпе» — нақыл сөзін дәйектеу.Оқушылардың пікірін сұрау.
-Кім қандай пікір айтады?
Альфия: Сен кеше біреуге жақсылық жасадың, енді ол бала келгенде сен оған айтасың, менің ақымды қайтар, мен саған кеше жақсылық жасадым ғой деп, оны міндет етпеу керек. Ол саған бір ай болсын, бір жыл болсын, өз алдыңа қайтып келеді.
-Яғни, оқушылар, риясыз жақсылық жасауымыз керек екен. Істеген жақсылыққа ақы сұрамауымыз керек. Себебі, ол жақсылық алдымыздан шығады. Ешқашан да зая кетпейді екен.
«Әңгімеден үзінді беріледі. Балалар әңгіме желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс. Олар топ боп бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып айтады.
- Қарлығаш пен дәуіт.
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.
Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді.
Мақал-мәтелдерді айту:
- Жақсы сөз – жан семіртер.
- Жақсылық жан жадыратар.
- Жақсылық суға батпас,
Бір шығар, тегін жатпас.
4.Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді.
Жаңа ақпарат
«Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».
Ойын – жаттығу
Жоғарыда айтылған ойды бекіте түсу мақсатында «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастыру. Оқушыларға қатты қағаздан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің (гүлдің, жүрекшенің, көбелектің) үлгісі таратылып беріледі. Әр оқушы қасындағы көршісінің жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып, сыйға тартады.
— Ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.
— Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
— Кеңпейіл далама тыныштық тілеймін.
— Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
— Талапты достарыма табыс тілеймін.
— Сыныптастарыма амандық тілеймін.
— Отбасыма бақыт тілеймін.
Бір-біріне жақсы ақ тілектер тілейді:
Жақсылығымыз жақын болсын!
Жаманды жуытпа, жақсыны ұмытпа!
Жақсы сөз – жарым ырыс!
Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын!
Жақсыға жамандық жуымайды!
Ғажайып сөздер
Мен табиғатты сүйемін,
Табиғатсыз өмір жоқ.
Суды ластамайық.
Орманда от жақпа.
Ағашты сындырма.
Құстарды қорғаймын.
Суды ластамаймын.
Ағашты көп отырғызамыз.
Гүлді жақсы көремін.
Таза ауамен тыныс аламын.
Серуенге көп шығамыз.
Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Ата-анаға қамқор боп,
Асыл мұрагер болайық.
Досымызға берік боп,
Тату-тәтті болайық.
Әдепті де, тәртіпті
Жақсылығын қолдайық.