Home » Ашық сабақтар » Іздегенде табылатын қасымнан  

Іздегенде табылатын қасымнан  

Әнес Қуаныш Аманжанұлы
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға
Арналған арнаулы мектеп-интернаты тәрбиешісі

Мақсаты:  жанымызда жүрген, бірімізге аяулы дос, бірімізге ауылдас,          үлгілі сыныптас Дүйсенқұлов Арманның өнерін, дарындылығын,  төзімділігін, еңбекқорлығын,  адал достығын білім алушылар арасында насихаттай отырып,  тәрбиеленушілердің қазақ өнеріне деген қызығушылығын ояту, баға жетпес құндылықтарымызды сақтауға озық ойлы, білімді жан-жақты болуға  тәрбиелеу.

Түрі: кездесу,  ән шашу.

Көрнекілігі:  портрет, бүктемелер, фото суреттер, өнер туралы нақыл сөздер, марапат қағаз, сыйлықтар.

Барысы: Қуаныш Аманжанұлы «Біздің Арман».

Мектебіміздің өнерпазы Арман туралы, оның қызығушылығы, өнердегі үлкен табысы мен достары туралы толық баяндайды.

Бүгінгі өткізгелі отырған іс-шарамыздың тақырыбы «Іздегенде табылатын қасымнан» деп аталғандықтан, жанымызда жүрген бірімізге дос, бірімізге аға, сыныптас, жаңы жайсан, қарапайым, салмақты, мінезге бай, әнші досымызды кешіміздің кейіпкері етіп алдық.

Арман Дүйсенқұлов Атырау қаласында дүниеге келген. Осы мектепте                 1-сыныптан бастап білім алған. Ал, 3-сыныптан бастап ән сабағы мұғалімі Райхан Жалғасқызы Арманның әнге деген талантын ашып, осындай биік дәрежеге жетуіне үлкен септігін тигізген. Аяулы ұстазы Арманның әнге деген құштарлығының ерекше екенін үнемі айтады.

Жалпы бұл тақырыпта жанымызда жүрген ақын жанды, өнер жолындағы еңбегімен елге құрметті азамат, азаматшаларды көптеп айтуға болар еді. Атап айтқанда «Жұлдыз ай» өнер байқауына қатысып бас жүлде алып келді. «Арманнын арманы» атты шығармашылық кеші өткізілді.

Осы орайда Арманның достарын, тәрбиешілерді, интернат меңгерушісің шақырып іс-шара өткізіп отырмыз.

Сәкенұлы Шапағат «Менің досым».

Арманмен 1-сыныптан бастап бірге тәрбиеленіп келемін. Армандай жақсы азамтпен дос болғанымды әрқашан мақтан тұтамын және үлгі етемін. Мен досым Арманның арманы орындалуына кәміл сенемін және оған үміт артамын. Айтар ойымды қорыта келе келесі ән шумағыммен бүгінгі                            іс- шараны көркемдегім келеді.

Ән. «Досыма»

4) Қуанышқалиев Асылбек «Арманның арманы орындалуы хақ».

Арман досым туралы мына өлең жолдарымен бастағым келеді.

Қанмен сіңген жүрекке жандай достық

Атын көкке көтере әнге қостық.

Дауыл тұрып, денені оқ жыртқанда,

Басым құрбан жолында болсын дестік.

Досым Арманның арман тілегі орындаларына қатты қанаттанамын, оның қарапайым, еңбекқорлығы мен өмірге деген ынтазарлығы бәрімізге үлгі-өнеге екені сөзсіз. «Жаныңда жүр жақсы адам» — дегендей, осындай жақсы жомарт жанның ортамызда жүргеніне бізде өзімізді бақытты жандай сезінеміз.Оның өнердің ең биік шыңына жететініне сенеміз!.

Ән шашу. «Қазағым»

5) Өтепов Біржан «Арманның алар асуы алда».

Арманмен қаншама жыл осы алтын ұя мектебіміздің жатақханасында бірге тәрбиеленіп келемін. Мен Арманның еңбекқорлығына таң қаламын. Оның алдына қойған басты мақсаты ән айту болғандықтан, үнемі ән айтудан шаршамайды, көп ізденеді. Өзі таңдаған әнді, қашан нақышына келтіріп орындамайынша тамақ ішпеуге бар.

Ән тарту. Өтепов Біржан орындауында «Туған ел» әні

Осындай абзал достардың қолдауымен «Қанағат» триосы құрылды. Бүгінгі таңда аталған өнерпаздар тобы өз өнерлерін ортаға салып жүр.

 «Қанағат» триосы ән жолдайды.

  1. «О, Қазағым»
  2. «Армандастар»

6) Қорытынды. Осы орайда бүгінгі іс-шараға қатысушы қонақтарға сөз береміз. Ой-пікір бөлімі

  1. Интернат меңгерушісі, аға тәрбиешісі Амирова Бақытжамал Ғалымжанқызына сөз беріледі.

— Арман – үлгілі тәрбиеленуші, жақсы дос, қамқоршы, жаңашыр жан. Білім ұясында өткізілетін барлық әс-шараларға белсенді қатысады. Өз сөзінен, міндетінен нәтиже шығара білетін жігіт. Біз үлкен үміт күтеміз, сенім жүгін жүктейміз.  Алдына қойған мақсаттары мен міндеттері орындалып,  тілегі, атына сай арманы орындалып, биік шыңнан көргіміз келеді.

  1. Райхан Жалғасқызы, ән сабағы мұғалімі: Арман бастауыш сыныпта оқып жүргеннен көзге түсті. Есту, есте сақтау қабілеті жоғары болды. Берілген тапсырманы мұқият орындап келетін. Талғамы жоғары, еңбекқор бала. Болашақта өнер әлеміне қанат қағып, еліміздің талантты өнер жұлдыздарының бірі болуына тілектестік білдіремін.

Жалпы осы іс-шараны өткізгендегі мақсатымыз, біздің жанымызда, жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ жақсы адамдар жүргенін айту және оны тәрбиеленушілерге насихаттау болып табылады. Тәрбиеленушілерге қазақтың ән өнерінің құдыретін өскелең ұрпақтың бойына дарыту және ұлттық құндылықтарымыз бен асыл мұраларымызды  көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жекізу.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.