Home » Мақалалар » «Марғұлан оқулары – 2022» Қазақстанның ғылым күніне арналды

«Марғұлан оқулары – 2022» Қазақстанның ғылым күніне арналды

«Марғұлан оқулары – 2022» Қазақстанның ғылым күніне арналды

Бүгін Ә. Марғұлан атындағы археология институты  дәстүрлі «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде. Екі күнге жалғасатын конференцияны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультеті бірлесе ұйымдастырды. Конференция Қазақстанның ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылды.

Жиынды ашқан Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Ақан Оңғарұлы отандық археология саласында көптеген жаңалықтар болғанын айта келе, археология ғылымын дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы жайлы айтты.

«Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлының айтуынша, қазір археология, этнология бойынша бес университет маман дайындап жатыр. Оған қоса бұл саладағы ғалымдардың 49,5 пайызы жастар. Министрдің тапсырмасы бойынша мамандарды мектептен бастап дайындау, кейін студент, жас ғалымдармен жұмыс істеу, одан бөлек жетекші ғалымдарды ұстап қалу, жобаларға тарту жөнінде жұмыс істеп жатырмыз. Қазір археология саласы бойынша арнайы топты дайындау қажет деген ұсыныс енгізіп отырмыз. Бұл жердегі негізгі мақсат – археологияны  жеке шығару арқылы салалық мамандарды дайындау», – деді инстутут директоры.

Конференция барысында 2021 жылы Қазақстан аумағы мен көршілес мемлекеттерде жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижелері баяндалып талқыланды. Ғалымдар  өздерінің ашқан жаңалықтары және зерттеу тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция жұмысына еліміздің жетекші ғалымдары, сондай-ақ АҚШ, Әзірбайжан, Бельгия, Италия, Қырғызстан, Ұлыбритания, Өзбекстан және Ресей ғалымдарының тікелей және қашықтан қатысуда.

Конференция аясында «Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеудегі археология мен генетика мәліметтерін интеграциялау мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстелге жалғасады

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.