Жуырда Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №198 жалпы білім беретін мектебінде «Жаңаша оқыту -жетістік көзі» атты жас мамандарға арналған аудандық семинары өтті. Шараның мақсаты: «Оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту».
Семинарда «Разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритімі», «Елімнің мемлекеттік рәміздері», «Зат есімнің жекеше және көпше түрі», «Балықтарға көмек», «Металдар қандай болады?», «Бүкіл әлем менің сыныбымда», «Ұлттық құндылықтар-білімнің қайнар көзі» тақырыбы бойынша ашық сабақтары өткізілді.
Сондай-ақ, семинар аясында «Әке-алтын діңгек» мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шара барысында «Әке мен бала тәрбиелік үлгісі..» атты арнайы бейнеролигі көрермен назарына ұсынылды. Мерекелік кеште әкелерімен қыздары би билеп, «Бұрымды қыз», «Ғажайып сұрақтар» ойындарын ойнады.
Кешке Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, «Балаларға базарлық» кітабының авторы, ақын Гүлдана Исаева қатысты.
Шарада 4-сынып оқушылары «Ана туралы» монолог оқылып, «Әке туралы жыр» әні хор түрінде орындалды. Сонымен қатар, 1-сынып оқушылары «Шалқан ертегісі» қойылымын көрсетті.
Кеш соңында мектеп директоры Канапьянова Әсемкул Слямбековна сөйлеп, алғыс білдірді. Семинарға келген қатысушылар, өз ризашылықтарын айтып, іс-шараның жоғарғы деңгейде өткенін атап көрсетті.
«BILIM AINASY»
Алматы қаласы