Амал мерекесі аталып өтілуде
Бүгін Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты №31 бөбекжай балабақшасы «Көрісіу» күні мерекесін тойлап жатыр.
Бұл мерекені ата- бабамыз ежелден тойлап келген. Кең даланы ен жайлаған бабаларымыз үшін қыстан аман шығудың маңызы зор болған. Ал, көктем келіп жер ана жаңғырған шақта адамдар бірін бірі сағынып жүздеседі. Бұл күні ренжіскен жандар болса, бірін-бірі кешіреді, үлкендердің қолын алып, құшақтасып көрісу амалын жасайды. Бұл мейрам- көктем мезгілінің Наурыз мерекесінің бастауы. Олай болса бүгін, 14 Наурыз Айнұр Юсупқызы басқарып отырған аталмыш бөбекжай балабақша ұжымының ұйымдастыруымен ауқымды шара өтті.
-Көрісу күні, Амал мерекесі деп жатамыз, бұл мейрамды жылда өткізуге тырысамын. Себебі кейінгі ұрпақ ұлттық құндылықтарымыздан хабардар болу тиіс, түбегейлі түсініп, меңгеріп кетпеседе бала санасында кішкене болса да қазақы дәстүріміз жайында ұғым, болу керек. Өз құндылықтарымзды шамамыз келгенше дәріптей білуіміз қажет,-деді балабақша меңгерушісі Айнұр Бахтиева
Дәстүрге сай ұлттық киім киген ұжым, таңғы сегізден бастап, балабақшаға келген ата-аналарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып жатты. Олар – Амал мерекесі құтты болсын! Бас аман жұрт тыныш болып, жаңа жылға жете берейік, ақ мол болсын деп бір-біріне деген ақжарма тілектерін жаудыра құшақтасты. Бірі ән айтып, ендібірі би билесе ақ бауырсағын ұсынған ару аналарымыз қонақтарға бата берді. Батырлар да бұл мерекеден қалыс қалмапты. Ана жерде қазақы киіз үй, мен мұндалап тұрғандай. Бұл мереке құды бір қазақ даласында жаймашуақ күй кешіп жүргендей әсер қалдырды. Қара жорға билеген бүлдіршіндер мен ата-ана қуанышында шек болмады
— Бүгін балабақшаға келіп, мерекеге куә болып тұрмыз. Ұмыт бола бастаған мейрамды қайта жаңғыртып жүрген осы балабақша ұжымына және башысына үлкен алғысымызды айтамыз. Балаларымызда бұл мереке жайлы түсінеді. Тәрбие балабақша табалдырығын аттаған сәттен басталады. сондықтан осы жерде сәбилеріміз не үйренеді? Не көреді? Соны бойына сіңіредіғой. Аянбай еңбектеніп жүрген тәрбиешілергеде алғысымызды айтамыз деді ата-ана Бибігүл Тұрсынова
Іс- шара барысында балалар этно мода көрсету, ұлттық киім үлгілерінен арнай дайындаған көрсетілімді көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар, бүлдіршіндер ұлттық ойындар ойнады. «Күш сынасу» ойыны бойынша сынға түсті. Мереке соңы қазақ ұйде бесікке салу дәстүрін дәріптеумен жалғасты. Одан кейін жайналған қонақтар ақ дастарханнан дәм татты.
«BILIM AINASY»
Жұлдыз Смаилова
Алматы қаласы