Изтаева Гүлмира Амангелдіқызы
тәрбиешісі Астана қаласы
№68 Балабақша «Балбұлақ»
Республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың « Жаңа онжылдық жаңа эконимикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауыда мектепке дейінгі мен тәрбиені дамытуда «Балапан» бағдарламасын жасау,12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде мектепалды даярлықты жетілдіру мәселерін негізгі басымдық берді.
Жаңа білім бер уреформасы 12 жылдықбілім беруге көшу арқылы шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамсыз етуді мақсат етеді.
«Білім беру» Занның 10- бабында көрсетілгендей жалпы білім беру жүйесі үздіксіздігі қамтамасыз етіліп,білім беру деңгейлері өзара байланыста, сабақтастырыла жүргізілуі тиіс.
Осыған байланысты орта білім берудің 12 жылдық жүйесіне көшу мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейіне әсер етеді.
Міне, мемлекеттік заңды осылайша ерекше айқындалған білім берудегі осы талапқа сай мектепке дейінгі дайындыққа бүгінде баса назар аударылуда. «Білім туралы» заңда көрсетілгендей мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу балалардың 1-5 жасында өткізілсе мектепке дейінгі оқыту 5-6 жастағы балалар үшін мектепалды сыныптарында жүргізіледі.
Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие болғандықтан, мектепалды дайындықты ойын іс- әрекеті арқылы жүргізу қажет.
Мектепалды дайындықтан өткен балалар бастауыш мектепке жеңіл бейімделеді, оқу материалын тезжәне күрделі қиындықсыз меңгереді. Ойын іс- әрекеті арқылы мектепалды дайындық топ балаларының ақыл ойын дамыту, мектепке даярлауды қажет етеді.
Себебі мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс- әрекеті ойын болып табылады.
Балалардың бұл кезеңі өте жауапты сензитивті кезеңнің ерекшелігін есепке алу аса маңызды, өйткені баланың мектеп жасына дейінгі жас ерекшілік шақтан, кіші мектеп оқушысы кезеңіне өтетін күрделі, ауыспалы кезеңі бала әрекетінің саналы формасын қабылдауына ауысатын кезең болады.
Нақты осы шақта балалардың іс-әрекет түрлері де бірте-бірте, ойыннан оқу әркетіне ауыстырылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ынталандырудың негізгі әдісі де ойын болып табылады.
Оқыту тәрбие прцесін ойын түрінде жүргізу, сабақта, топсеруендерде, әртүрлі тәрбие іс шараларында, дидактикалық ойындар, логикалық ойын жаттығулар, проблемалық жағдаяттар, балаларды қызықтыратын ойын жарыс элементтерін пайдалану керек.
Ойын үнемі даму құбылыс. Ойынға үйрету мен тәлім тәрбие жұмыстарында пайдалану балалардың ой өрісін, дене дамуын қалыптастыруға көмектеседі.Ойын снымен қатар тарихи құбылыс болып та табылады. Ойындар өзінің болмысы,мазмұны жағынан тарих түкпіріне жетелейтін бірден бір сара жол.
Ол адамзат тарихымен тікелей байланысты және үнемі даму үстінде болады.
Сондықтан, ол адамның барлық іс әрекетінің дамуында да өте маңызды орын алады.
Зерттеулерде ойын іс әрекеті ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан адамдарды дамыту құралы
Ретінде танылады.Сол себепті ойындарға .ғылыми талдау жасау ісі қазіргі балаларға танымдық және тербиелік маңызы бар екендігін дәләлдейді. Ойындар, олардың сан алуан түрлері ежелден этнографтарды, психологтарды, археологтарды, педагогтарды және басқа ғалымдарды қызықтарған. Қазақ халық ойындарының даму тарихына Э.Маккей,Марко Поло, Низам аль-муюк, Рашит-ад-дин, Б.А.Куфтин, Ә.Диваев, Ә.Марғұлан, Н.Я.Бичурин сынды атақты ғалымдар өз еңбектерін арнады. Балалар тәрбиесінде ойындардың алатын орны жайлы Қазақстанда тұңғыш еңбек жазған педагогтардың бірі Н.С. Құлжанов болды.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік, дағдылары қалыптасады, тілі дамиды.
А.С.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате педагогикалық урдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті мір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді.
Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже ойын әрекеті адам іс әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін өзі байытады, ой өрісін кеңейтеді, тіл байлығын жетілдіреді.
Баланың психикалық дамуына ойынның әсері зор. Ойын әреткеті зейіннің, естің, ойлаудың, қиялдың, бүкіл танымдық процестердің дамуына әсер етеді.
Ойын баланың ойын ережесінде мынадай талаптардың қамтылуын көздейді:
Бала құрбылармен бірлескен ойында дамып отыратын сюжетке байқампаз болуы, тиіс ол қайсы бір кішкене тастың ағаш жаңқасы, титімдей қағаз т.б нені білдіретінін есте сақтауы тиіс, ол аяқ астынан күтпеген жағдайда тап болған сәтте не істеуі керек екенін тез байыптауы тиіс ол жоқ затты немесе қиялындағы жағдайды көз алдына елестете отырып, ойынға қатысушы басқалардың мұның ұсынысын қаылдап, оның ойластырған ісіне
қанағаттанатын болатындай әрект ете білу тиіс. Сөйтіп, ойын әркетіне бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестерін ырықтылығы қалыптасады.
Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынана гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсат зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру шұғыл және оңай жүзеге асырады.Ойын шарттарының өзі баладан ойыншық заттарға ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді.
Құрблармен қарым қатынас жасау қажеттігі, олардың эмоциялық қолдауына ие болу қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді.
Ойын мақсатсыз бо ермек емес. Көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, жіптен секіру, орамал тастау,доптан секірту сияқты ойын түрлерін меңгерту өзінің оң нәтежесін береді.
Балалар ойнай жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс әректті игеру міндетінорындайды. Ойнай жүріп бала мол күш жігер жұмсайды. Ойын баланың әлеуметтік өарым қатынас ортасы. Баланың жеке басының дамуы үлкендермен өзара қарым қатынас сипатына ғана емес, сондай ақ құрбыларының ықпалына да байланысты болады.
Құрбылармен араласуға деген қажеттілік ең алдымен балалардың бірлескен ойындарды мен ойындағы әрекетінің негізінде дамиды.
Құрбы құрдастар бір біріне ықпал етеді.
Араласу жағдайында ғана бала басқа адамдармен қарым қатынаста меңгерген мінез құлық
Нормаларын практикада қолдану қажеттігін, бұл нормаларын мен ережелерді әр алуан нақты жағдайларға бейімдеп қолдану қажеттігін түсінеді.
Балалардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдануға болады.Себебі дидактикалық ойындар ойнау барысында балалар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі балалардың жеке тұлғалық, қасиеттерінің дамуына, руханижан дүниесінің толысып тіл байлығының жетілуіне ықпал етеді.
Балабақшада ұйымдастырылған оқу іс әрекетте дидактикалық ойындарды тиімді қолдана отырып, балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту қажет.
Өйткені балалар дидактикалық ойын кезінде өздерін еркін сезініп, ұжымдысыйлауға, өз ой пікірін дәлелдеуге, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Сонымен қатар, ұлттық педагогика негіздерімен балаларды үйрету арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді.
Бұл балалардың бір бірімен қарым қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды,сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, тіл мәдениетіжетіледі.
Дидактикалық ойындары оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:
1.Тәрбиеші дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
2Дидактикалық ойындарын балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылына байланысты іріктей білу.
3.Ойын ережесін ете білу және балаларға да түсінікті етіп жеткізу.
4.Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу
5.Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.
6.Ойынға арналған құрал саймандарды даярлау. Қажетболған жағдайда өз қолымен доярлау немесе басқа өқралдармен алмастыру.
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, дидактикалық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктіріп, ретті қолдана білсек, ода ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырып, сөйлеу деңгейін жоғарлатады, ұйымдастырылған іс шаралардың жұмыстарын жандандыра түседі.
Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы.
Сондай ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып,оның ізденімпаздық,тапқырлық қабілетін оятып, сөйлеу шеберлігін арттырады.
Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттардыбелгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін
ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздікқорын молайтуды,байланыстырып, сөйлеуін қалыптастыуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі
Тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді.
Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынты ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау зерде үрделерін дамытады.
Өмір тәжірбиесін бір жүйеге келтіруге үйретіп нерв жүйесін демалдырады.
Міне, сондықтан да ойын оқу әркетінде жетекші роль атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды мектепке дейінгі ұйымдастырылған оқу әркетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді
Ғалымдардың пікірлерін негізгі ала отырып, дидактикалық ойындар арқылы тіл дамыту жұмыстары үш кезеңде жүргізілді
Бірінші кезеңде орфоэпиялық ережелері мен заңдылықтары, сөздің тура және ауыспалы мағыналарын меңгертуге назар аударылды.Бұл кезеңде балалар үйренген білімдерін еске түсіруге
Негізгі білімдерін жүйелеуге, балалардың жады мен зейінін жетілдіруге арналған ойындар жүргізілді.
Дидактикалық ойындарды ойнау барысында балалартілдік заңдылықтарын өзіндік ерекшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын танып білу дағдыларын игерді.
Екінші кезеңде балалар өздігінен ізденуге, тапсырмаларды түрлі әдіс тәсілдер арқылы шешуге үйренеді Тілдік қатынаста сөздерді орынды қолдану дағдыларын игерді
Осы кезеңде екі берілген дидактикалық ойындар балалардың ізденімпаздық қабілетін жетілдіруге, сөздердің мағыналық реңктерін айыра білугепролемалық жағдаяаттарды дұрыс шешім қабылдауға үйренді.
Бұл кезеңде балалар жаңа тақырыпты өздігінен игеруге, жұмбақ құрастырып өздері дәлелдеуге, топтағы достарының пікірін тыңдауға басқа адамның сөзін құрметтеуге дағдыланды.
Үшінші кезеңде балалар өз ойын анық, дәлелді және сенімді жеткізуге үйренеді.
Игерген білімдерін тілдік қарым қатынаста орынды қолдану, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттері жетілді.
Балабақшада ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде дидактикалық ойындары көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстарды да балаларды тәрбиелеуде маңызы зор.
Көркем әдебиеттерді тыңдау арқылы балалардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды.
Шығармада кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмытлады.
Түсінгендерін баяндау арқылы сөздік қорлары дамып, байланыстырып сөйлеуге төселеді.
Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың зорынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені ойын мектепке дейінгі балалардың әректін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады.
Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәриеші балаларды ойнауға яғни А.С. Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді.Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар.
Ол мазмұнының тәрбиелік танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы болып табылады.
Ойын процесінде балардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Демек , ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді қарым қатынасының белсенді бір формасын болып табылады.
Соның барысында олар тәрбиешінің басшылығымен жаңа білімді меңгеріп, сөздік қорлары молаяды.
Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, тәрбиеші балалар ұжымы арқылы әр балаға ықпа лжасайды.ойынға қатысушыбала өзінің ниеті мен әректін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.
Педагогикалық басшылық болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін.
Сонымен бірге дидактикалық ойын балалардыңтанымдық дамуына әсер ете отырып, қарым қатынастарын,білімдерін кеңейтуге қажеттілігін туғызып, тіл байлықтарын жетілдіреді.