Нургалиева Айгуль Куанышевна
Атырау облысы
Жылыой ауданы
Құлсары қаласындағы
№8 жалпы орта білім беретін мектептің ілгері деңгейлі, педагог-зерттеуші,
жоғары санатты математика пәні мұғалімі
«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «…Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» — деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, М.Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Тәрбиенің екінші сыңары – білім. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім» — деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады. Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың ерекшеліктері неде? 1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек. 2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді. 3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% естерінде қалады. Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: -Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге береріне келсек: Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады: Жаңа технологияның принциптері — оқытуды ізгілендіру, өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады. Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі. Сонымен бірге, Елбасымыздың: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді. 1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек. 2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс. 3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек 4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет. 5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек. Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу — оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп, талдап, синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Бұл технологияның негізгі ұстанымдары: әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетістіктерінің жариялылығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиені бірлігі. Диалогтық оқыту күрделі процесс болып келеді. Диалог арқылы ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаумен аяқталады. Диалогтық оқыту — кез – келген жас аралықтарына тән. Диалог оқушыға сыни ойлау ортасын қалыптастырады. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Диалог қалыптасқан ортада оқушы: -Нақты мақсат қоюға дағдыланады \ -Өзіне деген сенімі артады -Оқу процесіне белсенді қатысады -Жолдастарының пікірін сыйлайды. -Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. -Сараптауға, бағалауға дағдыланады -Пәнге деген қызығушылығы артады. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Оқушы өз қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға, ойын айтуға уақыт берілуі керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда мұғалім «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Кубизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс ұйымдастыруға болады. Қазіргі таңда енгізілген өзгерістер: сабаққа жаңа тұрғыдан мақсат қою мен оқу нәтижелерін анықтау; қойылған мақсатқа және оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқытудың жаңа әдістерін қолдану; оқушы және мұғалім рөлін өзгерту. Осыған дейін тиімді деп өткізіп келген дәстүрлі сабақ берудің үлгісін, қазіргі оқып жатқан курстың негізінде құрылған сабақтың үлгісімен салыстырсам айырмашылықтары айқын көрініп отырғандығы байқалады. Дәстүрлі әдіс бойынша сабақ бойы өзім сөйлеп, өзім іс-әрекет жасап, барымды салып түсіндіріп, түсінбеген жерін бірнеше рет қайталап, суреттер, кесте арқылы көрсететін тұстарым болатын. Өзім сабақ беретін сыныптың қалай оқитындығы, қай оқушының берген білімді қандай дәрежеде қалай қабылдайтынын білгендіктен әр оқушыға берілген тапсырмалар да баланың ойлау қабілеттерін ескере отырып беруге тырысатынмын. Бұрынғы дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып үйреніп қалған мен сияқты мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін өзімнің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерімді дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көп көңіл бөлу керектігін түсіндім. |
Белгілі педагог В.Сухомлинский: «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады»,- дейді. Шәкіртке терең білім беріп, оның жүрегіне адами асыл қасиеттерді үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, қоршаған ортамен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.
Қоғамды адамсыз елестету мүмкін емес. Қоғамға адам қалай керек болса, адамға да қарым-қатынас сонша деңгейде қажет екені белгілі.
Оn-line жүйесінде өткізген сабақтарымда «диалогтық оқытуда оқушыларымның сабаққа деген ынтасы қалай болар екен, бір нәтижеге қол жеткізе аламын ба?» деген сұрақтар төңірегінде ойланып, сабақтарыма бар ынта жігермен кірістім.
Сондықтан зерттеу жұмысым барысында оқу жылының басында 5 сыныпта өткізілген әрбір сабағымда диалогтік оқыту әдіс-тәсіліне көп көңіл бөліп отырдым. Төменгі сынып болғандықтан, қарым-қатынасқа түсуге, сабақ үстінде сұрақ-жауап алу, өз ойларын ашық айтқызу қиындық туғызды. Диалогтік әдістің тиімділігін сабақтарымнан көрдім.
Диалогтік оқытудаға мақсатым:
- Оқушылардың сөздік қорын молайту;
- Өз ойын ашық, анық айтуға төсілдіру;
- Қарым-қатынас жасай білу;
Күтілетін нәтиже:
- Оқушы өз ойын ашық айта алады;
- Шығармашылық қабілеттері өседі;
- Сөздік қоры баийды;
- Өз қабілеттерін одан әрі ұштайды
Сұрақ қою арқылы мен:
- оқушыларды математикалық сауатты сөйлеуге ынталандырамын;
- оқушылардың шынайы қызығушылығы анықтаймын;
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етемін;
- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектесемін;
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етемін;
- әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек беремін;
сабағымда да оқушылар постермен жұмыстанды. Оның тиімді жағы оқушы қиялын ұштастыра түседі, идеясын оқулық мәтінімен біріктіре отырып қорғайды. Презентация барысында басқа топ мүшелерінен сұрақтар қойылады, пікірлері білдіріледі т.б
Нәтижесінде менің қол жеткізген жетістігім — оқушы:
- Жан-жақты
- Тілдік қоры бай
- Өзіне сенімді
- Тобының жанашыры
- Өз ойын анық та, ашық айта алатын
- Өз көзқарасын тұрақты ұстай алатын тұлғаға айналады.
Диалогтік әдіс, сұраққа жауап алу, өз ойларын білдіретін тапсырмалар сабақ үстінде керек. Мұндай тапсырмалар әр оқушыдан шығармашылық тұлға қалыптастыруда көмекші құрал болатыны сөзсіз. Сондықтан өзімнің диалогтың әңгіме дебат және зерттеушілік әңгімені тәжірибемде болашақта жиі пайдалану ойымда.
Сабағымда жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолданғаным дұрыс деп ойлаймын. Себебі осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырдым. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады, себебі сабақтың соңында ой бөліскенде барлық бала сөйлеуге талпынды.