Home » Жаңалықтар » Алматы қаласының білім беру ұйымдарында 21 мыңнан астам жаңа камера орнатылды

Алматы қаласының білім беру ұйымдарында 21 мыңнан астам жаңа камера орнатылды

Алматыда «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасын іске асыру аясында мемлекеттік орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді жүйелерімен – бейнебақылау камераларымен, дабыл түймелерімен, турникеттермен, өрт қауіпсіздігі жүйелерімен және басқа да маңызды жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда Алматыдағы 186 балабақшаға құрал-жабдық орнату жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 8638 бейнебақылау жүйесі орнатылған, оның 7062-сі ішкі, 1576-сы сыртқы. Сондай-ақ, барлық балабақша Алматы полиция департаментінің жедел басқару орталығына сигнал беру мүмкіндігі бар өрт қауіпсіздігі жүйесімен жабдықталған (ЖБО).  Сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын бақылау жүйесімен (домофон), бейнебақылау камераларымен, дабыл түймелерімен және өрт қауіпсіздігінің кешенді жүйелерімен жабдықталды.

2023 жылдың желтоқсан айының басынан мектептерде орталық басқару орталығына қосылған барлық бейнебақылау камералары мен дабыл түймелерін жаңарту жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңда 215 мектепте барлық қауіпсіздік жүйелері жаңартылды. Атап айтсақ, 12 475 бейнебақылау камерасы мен 215 дабыл түймелері орнатылды. Сигналды тікелей орталық басқару орталығына жіберу мүмкіндігіне ие болатын өрт қауіпсіздігі жүйелері және бет-әлпетті тану мүмкіндігі бар 415 турникет орнатылды.

Сонымен қатар, 15 интернаттық мекеме 277 бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Алматы полиция департаментінің жедел басқару орталығына 95 камера қосылып, дабыл түймелері орнатылды. Он бес мектеп-интернаттың сегізінде мамандандырылған күзет қызмет көрсетеді.

Қала колледждері де қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Мәселен, 20 колледжде 1503 бейнебақылау жүйесі орнатылған. Бұл ретте Алматы полиция департаментінің жедел басқару орталығына 126 камера қосылған. Дабыл түймелері мен турникеттер де орнатылды және барлық 20 колледжге арнайы күзет қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ 17 мектептен тыс мекемеде 436 бейнебақылау жүйесі орнатылған. Бұл ретте Алматы полиция департаментінің жедел басқару орталығына 233 камера қосылып, 25 дабыл түймесі орнатылған. Барлық 17 мектептен тыс мекемеге мамандандырылған күзет қызмет көрсетеді.

Жоғарыда аталған мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлығы 30 күн бойы жазбаларды сақтай алатын бейнебақылау жүйесімен 100% жабдықталған.
   

Алматы қаласы
Білім басқармасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.