2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобасы іске асырылуда.
Кадрлық резервке тіркелген үміткерлер 6 айдың ішінде іріктеуден өтіп, жеке, кәсіби, басқарушылық, аналитикалық дағдылар мен құзыреттерін дамытты.
Барлық 5 кезеңнің қорытындысы бойынша Республикалық кадр резервіне барлық өңірден 208 кандидат кірді.
Оның ішінде үздіктер қатарынан табылған Алматы қаласының 13 педагогі мектеп директорларының Республикалық кадрлық резервына енді. Қазіргі таңда 7 педагог ешқандай конкурстық рәсімсіз басшылық лауазымға тағайындалды:
«№ 171 жалпы білім беретін мектеп» КММ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Маджара Венера Маратқызы «№ 171 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып бекітілді.
«№ 69 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мунбаев Болат Ханатұлы «№ 209 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
«№ 179 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Мұратбаев Ерлан Отанұлы «№ 184 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
«№ 121 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Панаева Марзия Чакратовна «№ 121 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып бекітілді.
«№ 34 гимназия» КММ, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Жамали Сауле Серікбекқызы «№ 118 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
«№ 172 мектеп-гимназия» КММ, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Имашева Алмагүл Отанқызы «№ 195 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.
Сонымен қатар «М. Мақатаев атындағы № 140 гимназия» ШЖҚК, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сағынғалиев Даурен Наурызбайұлы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынып жатқан мектептің кураторы болып бекітілді.
Алматы қаласы
Білім басқармасы