Home » Мақалалар » Балабақша- өскелең ұрпақтың өнегелі ортасы

Балабақша- өскелең ұрпақтың өнегелі ортасы

Масенова Айжан Кеңесжановна
Алмалы ауданы
30-балабақша

Бала – ертеңгі дана. Бала бойына ең әуелі рухани құндылықты сіңірту міндетіміз. Қазақ халқы бала десе ішкен асын жерге қойған халық. Бала тәрбиесінде, оның өсіп-өнуі жолында бар зейінін аударғанын біз ықылым заманнан білеміз Бала – өмірдің мәні. Ол ата-ананың көз қуанышы, елдің болашағы. Баланың болашағын қалыптастыру үшін, оның өз өмірінің қожасы болуына қоғам атсалысады. Тізбектелетін бір-бірін іліп әкететін, жолдар бар. Сол жолдардың бастамасының бірі балабақша дейтін шаттыққа толы мекенде бастау алады. Баланың үйдегі тәрбиесі мен балабақшадан басталған білімнің, оның өміріндегі жеңіске жету жолында көп септігін тигізеді.  Ұрпақ тәрбиесі селқостықты көтермейді. Сондықтан балаға балдан тәтті балалық шақ сыйлау үшін, оның өз ортасында биік тұруы үшін біз қолдан келгенді аяп қалмаумыз керек. Ата-ана мен тәрбиешілер арасындағы үлкен байланыстың орнауы, бүлдіршін үшін тиімді болмақ. Балақшада бала нені үйренеді? Осы сұраққа жауап берсек:

  • Өзіне деген сенімділігі артады
  • Ата-анасынан ала алмайтын білімдерді қабылдайды
  • Еркін сезінеді
  • Көпшілік ортадан қысылмайды
  • Білім болашағына есіктер ашылады

Баланың білім деңгейі, арнайы бағдарламаларрмен жұмыс істеу барысында ой-өрісін дамытады. Өзі секілді балалардың ортасында болғандықтан, оның дамуы да ерте болады. Әр іс-шара өту барысында  бала отансүйгіштікке, мейрімділікке үйренеді. Себебі, әрбір өткізілген шара барысында бала өзінің бойына қажетті ақпараттарды сіңіре алады. Қарап отырсаңыз бала шыбық секілді, қайда, қалай бұрсаңыз сол бағытқа иіледі.  Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде тәрбие мен білім саласының заманға сай педагогикалық ұғым мен жаңа техналогиялар, балаларға білім беретін түрлі бағыттар қарастырылған. Тәрбиешіде баланың жеке басының дамуы мен жаңа инновациялық технологиялар қолдана алатындай сауаттылықтары болуы керек. Мектепке дейінгі уақыт адам өміріндегі ең асыл уақыттардың бірі деп аталады. Неге?Олардың санасы ақ қағаз секілді, нені үйретесіз және көрсетесіз соны іліп алады. Қазақта мақал бар «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің».

Барлығы ең бірінші баланы мәдениетке үйретуден басталады. Оларды тамақтандыру барысында, дастарқан басында отыру үйретіледі. Оны үйде ата-аналарының үйретіп, берген тәрбиесі бөлек. Шынын айту керек, кейбір балалардың тентектігі басым болады. Бірақ өзі секілді балаларды көргенде, соларға ілесіп үйреніп кетеді. Баланың не үйренетіні жөнінде сауалдарға шамамыз келгенше жауап бердік. Енді балаға тәрбие беретін тәрбиешілер туралы айтпақпын.

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегінде бала тәрбиесі турасында көптеген тұстары жазылған. Солардың ішінде тәрбиешілер мына қысқа ойларды білуі тиіс деп білемін.

«1) Бала еліктемпаз болғандықтан, баланың ылғи сұлу һәм құлықты әсерлер алуына ыждаһат қылу керек. Әсіресе баланың ата-ана һәм тәрбиешісі – солардың өздерінің барлық істері сұлу һәм үлгілі болуға тиісті. Баланың еліктейтіні – солар. Және бала тіпті сенімпаз болады. Сондықтан баланы өз күшіне өзін сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек.

2) Бала ешбір уақытта іссіз тұра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Болмаса, балаға пайдалы іс берілмесе, ол уақытта бала өз бетімен қайдағы нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді».

Педагогика кітабында балаға қатысты барлық жағдаяттар қарастырылған. Тіпті оны оқу арқылы, жас аналардың да үйренері көп дер едім. Баланы тәрбиелеу жолында ата-ана мен тәрбиеші арасындағы байланыс, ынтымақтастық қарым-қатынас баланың болашағының бұлыңғыр болмайтынына сенімдімін.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.