Нукишева Жанерке Каримгажыевна
Нұр-Cұлтан қаласы
Шәкәрім атындағы №56 мектеп – лицейі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жариялаған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы үлкен серпін берді. Мақала әсіресе, білім саласымен, жалпы ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты екендігі қуантады. Жаһандану дәуірінде кез келген дүниені Абайдың даналығымен байланыстыру керектігі және әр қазақтың үйінде домбыра болу керек десек, әр отбасының төрінде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабы мен Абайдың қара сөздері тұруы керек дейді Мемлекет басшысы.
Демек, қазақтың ұлттық өнері мен ұлттық құндылықтарымызды, Ұлы ойшылдардың даналық сөздерін әр бала жастайынан өз отбасында ұғынуы керек деген ой түйіндеймін. Біз ұстаздар қауымы, алдымызға келген бүлдіршіндерді Абайдың қара сөздерімен қуаттандыру керекпіз. Біз Мемлекет басшысының мақаласын басшылыққа алып, алдағы уақытта тек мерейтой қарсаңында емес, әр жыл сайын Абай мұрасын дәріптеп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге күш жұмсау қажеттігін айқындадым. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы былтырғы жылдан басталғаны белгілі. Абай өлеңдерін оқу челленджін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да қолдаған болатын. Мақаланың «Ұлттық болмыстың үлгісі» бөлімінде Абай шығармаларына арқау болған, бүгінгі мемлекет дамуының негізші қозғаушы күші – ғылым, сапалы білім беру, тіл үйрену. Абайдың мерейтойын тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша атап өтуге тапсырма беруі — Абайдың жер-жаһанға танылып, қазақтың мерейін асқақтата түспек.
Біз ағылшын тілі пән бірлестігі өз челенджімізді жаратылыстану пән бірлестігіне жолдадық. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында өткізілетін әрбір іс-шаралар атқарылып келеді. Әрбір сабағымызда Абайдың айтып кеткен қара сөздерімен, нақыл сөздері, өлеңдерімен бастауды қалыптастырып жатырмы. Сонда ғана қоғам Абай айтқан бүтін адам дәрежесіне көтеріледі.