Home » Мақалалар » Жануарлар әлемі

Жануарлар әлемі

Бодбай  Жансая  Шакизатқызы
Алматы қаласындағы
 «№190 бөбекжай-балабақшасының»
КМҚК  тәрбиешісі 

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Әдістері: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, кейіптендіру, қайталау, көрнекілік әдістер

Көрнекілігі

  • Жануарлардың жеке топтама суреттері.
    ● Жануарлар киімі.
  • Буклеттер
  • Макекттер
  • Орман
  • Аю,қоян киіпкер
  • Мозайка

Мақсаты:  Үй жануарлары және жабайы аңдардың ерекшеліктері туралы түсінік беру; Үй жануарларына қамқорлық жасау; Табиғатқа, ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу; Танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.

Шаттық шеңбері. Қане, балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.

— Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

Таңертең тұрған кезде ата-аналарың «Қайырлы таң» деп айта ма?

Қане, бізде Қайырлы таң тілейік.

Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар, Қайырлы таң!
Достасқан бар балалар, Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз,  Қайырлы таң!
Жора-жолдас, ұл мен қыз.

Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз сәттілікке толы  болсын, орнымызға отырайық.  Өткен оқу қызметімізді қайталап, жана оқу қызметін бастайық.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?

Қардың түсі қандай?

Қардан не жасайсыңдар?

— Өте жақсы, жарайсыңдар, балалар?

Олай болса бүгінгі оқу қызметімізді бастайық.

— Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер?

— Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

— Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын ата, олардың ұқсастықтары неде?

Тәрбиеші: Балалардың жауаптарын тыңдап, қорытады.

Балалар, үй жануарларына төрт түлік жатады: сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, сонымен бірге ит пен мысық жатады. Мысық — ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит — жеті қазынаның бірі. Жабайы жануарлар тамақ, азықтарын өздері тауып жейді, ал үй жануарларын адамдар тамақтандырады.

-Ал, балалар осы үй жануарларын 3 тілде айтайықшы

Жылқы-лощадь-horses

Сиыр-корова-cow’s

Ит-собака-dog

Мысық-Кот-Cat

Балалар, сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?

Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.

Тәрбиеші: Сендерді ата-әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!

Балалар осы сүйкімді жануарлар төрт-түлікке жатады. Олар түйе — түйенің төлі бота,  сиыр — сиырдың төлі — бұзау, жылқының төлі — құлыншақ, қойдың төлі — қозы, ешкінің төлі — лақ.

Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы төрт-түлік жануарлары екен. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдарда оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды

Қимыл қозғалыс ойыны «Есіңде сақта»

Жасырылған жануарды табу, ол жайлы сипаттау.

Ал, балалар, сендер білесіңдер ме? Орманда нелер тұратынын?

— Иә

— Орман тұрғындарын атайды

— Ал, енше осы жануарлардың атын 3 тілде айтып көрейікші.

Аю-медведь-bear

Қоян-заец-hare

Қасқыр-волк-lupus

Түлкі-лиса-fox

Арыстан-лев-leo

-Тамаша, жарайсыңдар

Қыс мезгілінде қандай аңдар ұйқыға кетеді?

— Аю, кірпі, борсық.

Иә, тамаша! Балалар сендер орманға барып көрілерің келеме? Орманға саяхаттаймыз бірге саяхаттаймыз ба?

Орманға саяхат (Топ ішінде орман секілді безендіріледі).

Орманды аралау.Түсінік беру.

-Аюды ояту….

Ән. Аю,аю тұршы.

Қайтадан оралу, сұрақ-жауап. Не көргендері жайлы, әсерлері жайлы бөлісу.

Сергіту сәті 

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Аю қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Аю былай жүреді, аю былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Қоян қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

Қоян былай жүреді, қоян былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Қасқыр қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Қасқыр  былай жүреді, қасқыр былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Түлкі  қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Түлкі  былай жүреді, түлкі былай жүреді.

Ойын. «Өз мекенін тап» дидактикалық ойыны. Балаларға ойыншық үй жануарлары мен жабайы аңдарды таратады. Үй жануарларын үй макетінің жанына, жабайы аңдарды орман макетінің жанына қоюды ұсынады.

Ойын. «Кім тапқыш». Жануарлардың құйрығын сызба арқылы қосу.

Балалар жұмбақ  айтайын шешейік:

Бұтақтарға секіріп

Әр жерден қылт етеді

Кейде жаңғақ кеміріп,

Жоғары өрлеп кетеді. (Тиін)

Қорбаң-қорбаң етеді

Орман оның мекені

Тәтті балға тойып ап

Қыста ұйқыға кетеді. (Аю)

Ал, балалар, сендер аңдар жайлы тақпақ білесіңдер ме? Кім біледі, айтайықшы!

Тақпақтар

Ақ қоян — ау, аққоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян,
Қаша берсең, орманға
«Қорқағым» деп ат қоям.

Түлкі деген қу ғой,

Жүрген жері шу ғой.

Жатып алып жағаға,

Іздегені ду ғой.

 

Қасқыр орманда жортады.

Аяздан ол қорқады.

Аспанға қарап ұлиды,

Малды ауылды ториды.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Қорытынды. Олай болса бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылайық. Бүгінгі оқу қызметімізде қандай жануарлармен таныстық, олар нешеге бөлінеді. Біз қайда бардық? Төлдерін атап өту.

Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын, деніміз сау болсын, төрт түлігіміз түгел болсын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.