Home » Мақалалар » Үй жануарлары

Үй жануарлары

Рахметова Токжан Абилхаировна
Нұр-Сұлтан қаласы
№10 «Бөбек» балабақшасының
ІІ санаттағы тәрбиешісі

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Үй жануарлары (қайталау).

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру. Оларға күтім жасау туралы түсінігін байыту. Жанды табиғатқа деген қызығушылығын дамыту. Жануарларға қамқорлық жасау, оларға мейірімді болуға тəрбиелеу.

Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасау.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету

Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, үн таспа, үлестірмелі материалдар.

1.Мотивациялық қозғаушылық

Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымене біз нені көреміз?

— Дұрыс, күнді көреміз.

—  Күн бізге не береді?

—  Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап бүгін бізге келген қонақ апайлармызға жылы лебізімізді білдірейік.

Шаттық шеңбері:
Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

 

  1. Негізгі кезең. Балаларға үн таспадан үй жануарларының дыбыстарын тыңдатады. Балалар, тыңдаңдаршы, ненің даусы?

— Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық – ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит – жеті қазынаның бірі.

— Балалар, сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?

Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным. Сендерді ата-әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!

Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарларды үй жануарлары дейміз.

Олар: жылқы, сиыр, қой, ешкі.

Ал, мынау жылқы, халқымыз жылқы малын керемет бағалаған.

— Жылқының бізге қандай пайдасы бар, бізге не береді?

— Мынау – сиыр, ол бізге не береді?

— Мынау – қой, ол бізге не береді?

— Ал, мынау – ешкі, ол бізге не береді?

— Ал, мынау – мысық, оны не үшін асырайды?

— Ал мынау – ит, итті адамдар не үшін асырайды?

Жылқы — ірі, жеті қазынаның бірі, киелі мал. Ол – кеуделі, күшті жануар. Жылқы өзін күткен адамға тез үйренеді, оны таниды. Жылқыны адамдар көлік қылып мінеді. Жылқы етінен жал, жая, қазы, қарта, шұжық әзірленеді. Қымыз — биенің сүті өте шипалы сусын.

Сиыр — кеуделі, айыр тұяқты, жануарлардың бірі. Сиырдың сүтінен шалап, айран, қатық, құрт, қаймақ, ірімшік жасайды.

Қой – үй жануарларының бірі. Қой еті дәмді. Қой сүтінен май алынады, ірімшік, құрт жасалынады. Қой терісін илеп, өңдеп жылы сырт киім, тон, ішкі аяқ киім де тігеді. Алайда үй қойы беретін өнімінің ең құндысы – олардың жүні. Одан пима басып, кілем, киім, мата тоқиды.

Ешкі – өте тынымсыз үй жануары. Ешкінің сүті өте пайдалы. Ешкінің жүні түбіт деп аталады. Одан түрлі қалың киімдер, әсіресе қолғап тоқимыз.

Ит – қолға ең бірінші үйретілген жануар. Ол – адамның сенімді досы. Үнемі адамға қызмет етіп, үйін, малын, қорасын күзетеді.

Мысық – бірнеше мың жыл қолға үйретілген. Қазір де оны тышқаннан қорғану үшін ұстайды. Тұмсығындағы қылшық мұрты арқылы иісті сезеді. Мысық – өте таза жануар. Қазіргі кезде мысықтардың көп түрі бар.

Балалар, қараңдаршы үй жануарлары үйде мекен етеді.

Үй жауарлары өте пайдалы екен.

Балалар, енді осы жануарларды қазақ-орыс тілдерінде қалай аталатынын бірге қайталайық.

Билингвалды компонент: Жылқы-лощодь, сиыр-корова, қой-баран,

ит-собака, мысық-кошка.

Д/О: « Көлеңкесін тап»

Шарты: Үй жануарларын атап олардың көленкесін табу.

Сергіту сәті: видео роликпен орындалады. «Ақ лақ, қара лақ»

Д/О: « Үй жануарлары немен қоректенеді?».

Шарты: Үй жануарлары немен қоректенетінін тауып орналастыру.

3.Рефлекциялық-түзетушілік?

— Балалар, біз бүгін қандай жануарлармен таныстық? Қане біртіндеп  үй жануарларын атайықшы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.

Игереді: тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.

Меңгереді: үй жануарлары адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен қарауды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.