Home » Мақалалар » Абай-дана, Абай-дара

Абай-дана, Абай-дара

Хасенова Гульнар Калиевна 
Қостанай облысы
 Бейімбет Майлин ауданы
«Тобыл орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

 

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ақынды ұлықтаған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты 2020 жылдың 9 қаңтарында жарық көрген мақаласын қазақ елі қуанышпен қабыл алды. Президентіміз бұл шараға үлкен назар аударып, мұның бәрі тек той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани дамуымыз үшін өткізуіміз керек дейді. Биыл ұлы, ойшыл aқынымыз Абaй Құнaнбaйұлының туғaнынa 175 жыл  толып отыр.

Өскелең ұрпақты Абайдың өлеңдерімен, қарасөздерімен, философиясымен тәрбиелеу мақсатында еліміздегі барлық мектептерде педагогикалық іс-шаралар өткізілді. Абай мұрасы – қазақ халқының баға жетпес асыл мұрасы. Ендеше Абайды оқыту біз ұстаздар үшін үлкен мәртебе. Әр қазақтың баласы Абай деп соқса жүрегі еңбегіміздің жемісі деп білемін.

Абай Құнанбаевтың қалдырған қарасөздері оқушыларымыздың адами қасиеттерін қалыптастыруда өте қажет деп ойлаймын. Абай өзінің қара сөздері арқылы қазақтың әрбір баласын ұлт­жанды азамат етіп тәрбиелеуге, ұлтын сүюге, жаман әдеттерден аулақ болуға, адами мінездерін дұрыс  қалыптастыруға ша­қыр­ды. Оның қазынасы – парасатты патриотизмнің мектебі, халқын, ұлтын, дінің, тілін қадірлеудің негізі. Абайдың қарасөздері ұлы ақынның терең мағыналы философиялық ойлары – даналық дүниені тарататын асыл қазынамыз іспеттес. Қазіргі таңда жастарға ар-ұят мәселесін жоғары қоюға, адамгершілікті насихаттауда осы қарасөздердің тигізетін ықпалы өте көп. Абайды оқыту балабақшадан басталып, мектептегі үйірме сағаттар саны көбейтіліп, жоғары оқу орындарында Абайтану пәні жалғасын тапса екен деймін.  Абайды білген жас өркен, өмірде кетігін тауып, бір кірпіш болып қаланатынына сенім білдіремін.

Әр ұстаз Абай шығармаларының ұлттық бастауларын зерттемесе, қазақ халқының өміріндегі Абайды, оның халықтық педагогикасын, халық даналығын, Абайдың педагогикалық көзқарастарын түсіну мүмкін емес. Әр ұстаз оқушыға сауатты түрде Абайдың ілімін меңгерту үшін, бірінші өзі Абай ілімін толық меңгеріп, шығармашылығын оқушыларға сауатты түрде насихаттауы тиіс.

Абайдың философиялық және педагогикалық көзқарастары ұлттық және интернационалдық тұрғыда емес, бір-бірімен өзара байланысты және өзара толықтырушы идеялар ретінде бірігіп жазылған. Сол себептен Абайды барлық әлем таныған. Оған дәлел Абайдың тарихта кездесетін шетелдік достары, оларға жазылған хаттары, аудармалары.

Абай қазақ халқын Батыс мәдениетінің жетістіктерімен таныстыру үшін өз таңдауын тапты. Ол батыс әдебиетінің аудармашысы және көпшілікке таратушысы ретінде танылды. Оның аудармалары: Лермонтовтың өлеңдері, Крыловтың әңгімелері, Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасы, Гете мен Байронның өлеңдері. Қазіргі таңда Абайдың бұл еңбектері заманауи талапта жарық көріп, бірнеше тілдерде әлем кітапханаларының төрінен табылады.

Абай поэзиясында қазақ халқы өмірінің әртүрлі белестері көрініс тапты: жеріміздің шексіз кеңдігі, қазақ ауылының өмірі мен тұрмысы, жазғы көшпенділер, қысқа дайындық, қансонарда аң аулау, салт-дәстүріміз, ана тәрбиесі, әкенің қаталдығы, адамдардың түрлі мінез-құлықтары. Абай өзінің  халқын өмірінен көрі қымбат бағалаған. Абайды оқыту ұлтымыздың                                      болашағы. Мектеп жасынан бастап балаларды Отансүйгіштікке, патриоттық тәрбиелеу Абайды оқудан бастау алмақ.

Адамның жетілуі, ағартушының көзқарасы бойынша, үш басты сапаны анықтайды: ақыл, жүрек, ерік. Қазіргі қоғам мен халықтың тірегі осы қасиеттерді толық меңгерген тұлға болуы тиіс деп ойлаймын. Абай нағыз патриот бола отырып, білім беру ісінде, ағартушылық жолында, ғылым мен өнерді дамытуда, қажырлы және жасампаз еңбекте өз халқының болашағын көрді. Жастардың бойынан білімділікті, данышпандықты, әділдікті көргісі келді…

Қазақстанда, әлемнің жаһандану контекстінде Ұлы Абайдың өзінің жеке тұлғасын, ұлттық және адамдық қадір-қасиетін сақтай отырып, бүкіл әлеммен достықты нығайтуда, барлық халықтардың Абайды оқуға деген қызығушылығы артып жатыр. Абай адамды жан мен ақылға бөлінген біртұтас тұлға ретінде түсінді. Абай үшін адам – әлем орталығы. Руханилық – кітап пен халық даналығы, өнер мен рухани тәжірибе арқылы сіңірілетін адамның басты бастауы деген.

Абай шығармашылығының барлық кезеңдері өзекті тың тақырыптарды қозғайды. Абайдың өлеңдері мен шығармаларын, философиялық көзқарастарын, сөздері мен ойларын зерделеп, біз адамдардың жүрегінде адамгершілік, махаббат, тереңдік сезімдерін тапқанын көреміз. Ұлы Абай тәуелсіздік таңын көрген жоқ, бірақ оның ұрпақтары бүгін өзінің егемен мемлекетінде өмір сүруде.

Абай шығармалары  жас буынның өз халқына қызмет етуге шабыттандырады, онда ағартушылықты, білімге, мәдениет арқылы ұлттардың дамуына деген ұмтылысын қолдайды. Абай өмірі « … мыңмен жалғыз алыстым», — деген өлең жолдарынан  ұрпақ үшін әділдік пен шындықты іздеудің мысалы екендігін көруге болады.

Абайдың жастарға адамгершілік тәрбие беру туралы көптеген ойлары бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпады: адамгершілік  қасиеттер қиындықтарды жеңу барысында шыңдалып, бекітіледі, адамгершілік тәрбие мәселелеріне пайдакүнемдік немесе өзімшілдік ұстанымдарын ұстануға болмайды: олар әлеуметтік жағынан негізделген; адамның шынайы сұлулығы – оның еңбекқорлығында деп өлең жолдарында айтып кеткен.

Абай «поэзия – тілдің әміршісі…» деп тұжырымдай келе, өзі «тек әкесінің, өз халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың да ұлы» атты поэзияны билеушісі болды.

Абайдың еңбегі әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, оның ішінде орыс, қытай, француз және т.б. Абайға естелік ретінде Қазақстанның әдебиет саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалған. Абайдың құрметіне еліміздің барлық өңірлерінде  қала, әкімшілік орталықтар, көшелер, театрлар, кітапханалар және басқа да объектілер аталды.

Абайдың 175 жылдығына орай  шәкірттерім Ткач Темирлан «Абай оқулары» ІІІ-орын, Ткач Айгерим Республикалық «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығынан «Өлең — сөздің патшасы-2019» атты байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша  І-орын, «Алаш ардақтылары» атты байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша   Бас жүлде,  «Тіл шамшарақтары» аудандық конкурсының І-орындарын иеленді. Оқушыларымыздың Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудағы челленджге белсене қатысуы, қарасөздерін жаттап айтуы ұстаздар мен ата-аналардың бірлесіп жасаған еңбегінің жемісі деп білемін.

Қорытындылай  келе  қазақ поэзиясында,  музыкада,  қоғамдық-азаттық    ой-пікір саласында  өлмес-өшпес  шығармалар  жазған  Абай  қазақ  халқының  өткен  заманындағы  өмірін  зертеуші, біздің  ұрпаққа таңғажайып  тұлға  болып  көрінеді.  Абай есімі бізге  сондықтан  да қымбат.  Абай – қазақтың  ұлттық   санасының  озық  үрдістерінің  насихаттаушысы. Сол үшін  Абайды  алдымен  өзіміз  терең  біліп, тәлімін  алуымыз  керек, Абайды тануымыз қажет!

Абай – халқымыздың  ұлы  ұстазы,  тәлімгер  педагогі.  Оның  өлеңдері  мен  қарасөздерінің  ең  басты  объектісі – адам,  басты  мақсаты – адам тәрбиесі. Абайша  айтқанда,  «толық  адам».  Ал «толық  адам»,  «жетілген адам» дегендердің  мағынасы – терең  философиялық  ұғымдарды білдіреді.

Мектеп қабырғасынан бастап Абай ілімін оқыту бүгінгі заманның өзекті мәселесі. Жас ұрпағымыздың бойына Абайдың ілімін сусындатсақ, Абайдың қарасөздерінің тәрбиелік мәнің игертсек – болашағымыз жарқын, ертеңгі ел болашағы жастарымыздың ел басқарар білімді азамат болатынына сенім білдіремін.

Мұхтар   Әуезовтің  сөзімен  айтсақ,  «Абайдың  қарасөздері – бұл сыншылдық,  ойшылдық,  көбіне  адамгершілік  мораль  мәселелеріне  арналған өсиет,  толғау  тәрізді». Абай  шығармаларының  жас ұрпақты  адамгершілікке, имандылыққа, әдептілікке  тәрбиелеудегі  маңызың ешуақытта жойылмайтындығына сенім білдіремін!

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Абай энциклопедиясы. — Алматы: Атамұра, 1995.- 367 б.
  2. Абай шығармалары. І, ІІ том. Алматы, 1995 ж.
  3. Абай. Қара  сөздері. – Алматы:  Жазушы, 1986. 113б.
  4. «Абай тәлімгерлік  тағылымы» (конференция  материалдары). Алматы,  1996 ж.
  5. «Абайдың өмірі мен творчествосыц», Алматы, 1956 ж.
  6. Рахметова С. Жаманқұл П. Қабатаева  Б. «Ана  тілі» (оқулық)                                           ІІ  сынып, Алматы, 1996 ж.
  7. Әбдікәрімова Т. Рахметова С. Қабатаева Б. «Ана тілі» (оқулық)                                                 ІІІ сынып,  Алматы, 1999 ж.
  8. Рахметова С. Әбдікәрімова Т.  Қабатаевва Б. «Ана тілі» (оқулық)                                                 ІV сынып,  Алматы, 2000ж
  9. Әбдікәрімова Т. Бастауыш  кластарда  текспен  жұмыс  істеу  әдістемесі, Алматы, 1992ж.
  10. Әуезов М. Әдебиеттану  кітабында. -Алматы:  Мектеп, 2003.-139 б.
  11. Әуезов М. Абай еңбектерінің  биік  нысанасы. Алматы, 1964 ж.
  12. Әуезов М. Абайтануға жариаланбаған материалдар.Алматы, 1988 ж.
  13. Бержанов Қ. Мусин Қ. Педагогика тарихы,  Алматы, 1975ж.
  14. Дербісалин Ә.  Әдебиет туралы  толғаныстар. Алматы, 1990ж.
  15. Есімов Ғ. Кәкім Абай.  Алматы, 1994ж.
  16. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1992 ж.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.