Home » Мақалалар » Қашықтан оқу жағдайында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру

Қашықтан оқу жағдайында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру

Жиенбаева Дана Болатбековна
Кадирова Зина Қадирқызы 
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы әкімдігінің
«№47 жалпы білім беретін мектебі»
КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары 

 

 

Жаңашылдық – жаңаша ойлау мен
жарқын істерді үлкен бастамасы

 

«Қашықтан оқыту» деген ұғым – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтан мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.

Қашықтан білім беруде әр педагог өз жұмысын реттеп, төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алып, жұмыс жасауы тиіс.

  1. Дайындалу кезеңі. Мұғалім және оқушылар қашықтан оқытудың сыныптағыдай маңызды екендігіне көз жеткізуі керек. Оқушыларға материалды игеруге және тапсырмаларды орындауға арналған уақытты нақты анықталуы тиіс. Сыныпта бірнеше пән мұғалімдерінің жұмыс жүргізетінін ескеріңіз.
  2. Оқу платформасын таңдау. Өте маңызды кезең. Сабақты тиімді өтуі таңдаған платформаға (ұсынылатын оқу платформалары BilimLand; Kyndelik. Kz; Darin online) байланысты. Балалар үшін Интернет-жаттығулар мен оқуға арналған әртүрлі интернет-ресурстарға сілтемелер жасауға болады. Сабаққа қажетті оқу тапсырмалары мен мәтіндерді, тест формаларын қалауынша таңдауға болады.
  3. Кері байланыс. Қашықтан оқыту кезінде оқушылармен байланыс ең маңызды болып табылады. Электрондық күнделікте топтық хабарлама-ларды, оқушылар арасында танымал болған мессенджерді (Whatsapp және т.б.), тіпті әлеуметтік желілердің ресурстарын пайдалануға құқығыңыз бар.
  4. Сабақ. Қашықтан ұйымдастырылатын сабақ өзінің құрылымындағы (дидактикалық бөлім) күндізгі сабақпен бірдей болатындығын есте сақтау қажет, атап айтқанда:

а) Ұйымдастыру сәті және міндеттер мен мақсаттардың құрылымы – оқушыларға материалды игеру уақыты, сабақ кестесі және т.б. көрсетілген нақты тапсырмалармен анықталады.

ә) Үй тапсырмасын тексеру – оқушылардың жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жалпы шолу, қиын сәттерді түсіндіру және т.б.

б) Білімнің өзектілігі – жаңа материалды — бейнероликтерді, оқу тапсырмасын оқуға деген ынтасын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдану.

в) Жаңа білімді игеру    —  бұл жалпыға қолжетімді  ресурстарға орналас-тырылған   білім  беру порталдарының немесе мұғалімнің әзірлемелерінің ресурстарын пайдалану.

г) Сабақты түсіну мен қорытындылаудың алғашқы сынағы – бұл жаңа материалды зерделеу,   білім мазмұнын тапсырмалармен, интерактивті модельдермен және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтармен тікелей байланыстыру кезінде осы кезеңді жүзеге асырудың тамаша мүмкіндігі.

ғ) Сабақты меңгеру, жіберген қателерді талдау және түзету – тест тапсырмалары, интернет ресурстары мен таңдаған платформа материалдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

д) Үй тапсырмасы және оны орындауға нұсқаулық беріледі.

е) Сабаққа рефлексия.

  1. Интербелсенділік. Таңдалған платформаға сәйкес жеке оқушымен, жұппен, топпен жұмыс жүргізу мүмкіндігін жетілдіріңіз. Олар оқушыларды белсенді жұмысқа тартады.
  2. Техникалық ақаулар, олардан шығу жолдарын қарастыру. Техникалық ақаулар туындаған және тікелей эфирге шығу мүмкін болмаған жағдайда мұғалім сабақты асинхронды форматқа ауыстырады. Техникалық ақаулар болған жағдайда тікелей телефон арқылы байланысқа шығып, оқу материалдарын жеңіл түрде ұсынуды ойластыру керек.
ЖАДЫНАМАЛАР

(оқушылар үшін)

Сабаққа сабақ кестесіне сәйкес қосылыңыз.

Микрофонды өшіріңіз.

Сабақ уақытыңызда сөйлеспеңіз.

Сізді алаңдататын өзге заттарды алысырақ қойыңыз.

Сабаққа қажетті құралдарды дайындаңыз (дәптер, қаламсап, сызғыш, оқулық т.б)

Қуат көзі жақын жерде болатындай орналасу керек (компьютер, ноутбук, смартфон т.б қуат көзі таусылатындай болған жағдайда қажет болатынын ескеріңіз)

Камера алды тамақ ішу, басқа әрекет болмауы тиіс.

Тақырып түсініксіз болған жағдайда кез келген уақытта кері байланыс жасап, сұрақ қойыңыз.

Түрлі пратформада жұмыс жасуға үйренуден бас тартушы болмаңыз!

 

Оқушының компьютермен (ноутбук) жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік ережелері бойынша

Монитор экранын көзден 50-70 см қашықтықта орналастырыңыз.

Монитор экранын оның ортасы көз деңгейінен 15-20 см қашықтықта болатындай етіп орнатыңыз.

Монитор экранының тазалығын сақтап және оған жарықтың түспеуін қамтамасыз етіңіз.

Арқаңызды тік ұстап, екі аяғыңызды еденге қойып, орындыққа отырыңыз (креслоға).

Тышқан мен пернетақтаның бетін дезинфекциялық ерітінділермен немесе ылғалды сулықтармен үнемі сүртіп отыру.

Жұмыс үстелінің айналасында кездейсоқ ілулі сымдарды алып тастаңыз.

Көз, буын және бұлшық еттердің тырысып қалуын жеңілдету үшін мезгіл-мезгіл жаттығу жасаңыз.

Қашықтан оқыту: сабақты жоспарлау үлгілері Интербелсенді оқу материалдары арқылы қашықтықтан оқытуды жоспарлауда мұғалім өзіне үш негізгі сұрақ бойынша ойланады.

  1. 1. Мен оқушыларыма не үйреткім келеді (олар қандай білім нәтижелеріне қол жеткізеді)?
  2. 2. Оқушылар қалай үйренеді (олар оқу нәтижелеріне қалай қол жеткізеді)?
  3. 3. Мен бұған қалай қолдау көрсете аламын (оларға академиялық нәтижелерге қол жеткізуге қалай көмектесе аламын және оларға қол жеткізгенімді қалай білемін)?

Бұл сұрақтардың жауаптарына сүйене отырып, мұғалім өзінің сабақ жоспарын жасауда: қандай оқу материалдарын қарастыру, оқушылардың жұмыстарын бақылау, оларға қалай және қашан кері байланысты ұйымдастыру керек туралы ойланып, алдын ала жоспарлай бастайды. Білім алушыға оқу материалының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін нені ескеруіміз қажет?

Теорияға шолу жасасақ, жалпы жоспарлаудың үш негізгі деңгейі бар:

1-деңгей: Үлгіге сәйкес тапсырмалар, «естігенді-қайтала», мазмұнда, қарапайым мәселені орында, қарапайым сұрақтарға жауап бер.

2-деңгей: Алған білімін басқа жағдайда қолдану мүмкіндігі, салыстыру, болжам жасау.

3-деңгей: «Шығармашылық тапсырмалар» деп аталады. Оған нақты жауап                 жоқ, оны шешу үшін басқа пәндерден алған біліміңізді байланыстырып, шағын зерттеу жұмысымен айналысу.

Жалпы, оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларды жоспарлауда оқу мақсатына жету үшін тапсырмалардың түрлері мен деңгейін ажырата білу қажет. Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырма (жабық тапсырма, ашық тапсырма) болуы мүмкін. Тапсырманың әрбір түрі нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және өзекті болып саналады.

Сабақты жоспарлауда мұғалімнің негізгі міндеті біріншіден, оқушылардың         тақырып    бойынша   білім     мен          дағдыларын     жетілдіру, екіншіден, жас ерешеліктерін ескеру.

Пәнді қашықтан оқытуда да көрнекіліктердің маңызы зор. Алайда, сабаққа пайдаланылатын көрнекіліктер, қосымша материалдар саны жағынан көп болып, оқушы назарын мұғалім түсінігіне емес, сол көп материалдарға ауып кетпеуін ескерген жөн. Оқушылардың ойларын шашыратып, жан-жаққа алаңдатып жіберуі әбден мүмкін. Көрнекіліктің өзін берілетін білім мазмұнына       сай, оқушылардың  қызығушылығын оятып, ынтасын арттыратындай деңгейде жасау және алдына қойған оқу мақсатына жетуіне ықпал етуі тиіс.

Қолданған әдебиеттер тізімі:

  1. Байкенова Б.А., Ислямова С.А. Оқыту үшін бағалауды жүзеге асыру (Оқыту үшін бағалау жолын жүзеге асыруды оқыту платформасы қалай жеңілдете алады?), «НЗМ»ДББҰ ПШО, Астана қ. 2015.
  2. Ғаламтор ресурстары ttp://school.ozin-ozi-tanu.kz/ сілтемесінде орналас-тырылған «Бөбек» ҰҒПББСО ұсынымдамасы.
  3. https://www.inform.kz/kz/ustazdarga-arnalgan-nuskaulyk-kashyktan-okytudy-kalay-uyymdastyruga-bolady_
  4. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі/ Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т.//Алматы: «ҰБАО» АҚ «Өрлеу», 2013.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.