Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №5 бөбекжай-балабақшасында
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Әжелер мектебі» жобасы аясында «Қойдың жүнінен жасалатын бұйымдар» атты әжелермен бірлесіп өткізілген үлкен іс-шара өтті.
Бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі – әже мектебі еді. Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы – жас ұрпақ тәрбиесіне бір мақсатта, жоспарлы түрде, бірлестікте әрекет етуі арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады.
Балаларды тәрбиелеудегі әжелердің ынтымақтастығы мен жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізуі балалар бойында жақсы мінез-құлық дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз етіп, бақшадағы барлық іс-әрекеттің парасатты, нәтижелі жүруіне негіз болады.
Бұл іс-шараның шымылдығы №5 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Маулешова Айман Куандыковнаның алғы сөзімен түрілді.
«Қойдың жүнінен жасалатын бұйымдар» тақырыбына сай әжелеріміз қой жүнімен қалай жұмыс жасағандарын көрсетті. Әжелеріміз жүнді қалай қырқу, өңдеу, иіру және бұйым жасау жолдарын әңгімелеп қана қоймай, бүлдіршіндерімізбен бірге жұмыстар жасалды. Ауылдың кештерін еске алып, жүн сабап жатып, ауылдың алты ауызы айтылды. Тәрбиеленушілер асыл әжелеріне арнап, әуелете ән шырқады. Сонымен қатар, балабақша музыканты күйден шашу шашты. Әжелеріміз балабақша ұжымына өз алғыстарын білдірді.
Іс-шара барысында әжелер балалар мен педагогтарға өзгенің жетістігіне, қуаныш, бақытына өз жетістігі мен игілік-бақытындай көріп, қуануға, басқаға көмектесуге басқаны көңілдендіруге, шаттандыруға, қиындықтан құтқаруға әзір тұратын ақ көңілділік пен адалдықты, парасаттылықты дәріптеді.
Аталмыш шараға «Балдырған» кіші тобы, «Ақбота» ортаңғы тобы, «Жұлдыз» ересек тобы, «Көгершін» мектепалды тобының тәрбиеленушілері қатысты.
Қорыта келгенде, балаларды тәрбиелеу ісінде табысқа жетудің шешуші шарттарының бірі тәрбие ошақтарының отбасымен байланысы екенін тәжірибе дәлелдеп отыр. Балабақшамыздағы «Әжелер мектебі» әдет-ғұрыпты яғни, ұлтымыздың мінез-құлқының, тұрмыс тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғыны, парасаттылық пен әдептілікті, сыпайылық, көрегенділік, инабаттылық, кішіпейілділік және басқа да жақсы қылықтарды дәріптеп, бізге үйренуге мұрындық болады. Ұрпақтар сабақтастығын сақтау, біздің туған жер, Атамекен, Отан, халық алдындағы азаматтық парызымыз.
Әжелермен тығыз жұмыс жасап, бүлдіршіндердің көңіл сандығында сақталар іс-шараға ат салысқан барлық балабақша ұжымына, соның ішінде іс-шара жүргізушілер: Абильмажинова Гульназия Айдаровна және Кенжебаева Камшат, тәрбиешілер: Хази Жанаргүл, Әлімжан Жаңагүл, Жолдасбекова Оразгүл, Даулетбаева Раушан, Тугельбаева Айжан және психолог Әлтай Дананың еңбектері елеуге тұрарлық.
Балабақша ұжымының ұлттық құндылықты ұлықтап, ұлттық тәрбиенің көзі болған ата-әже тәрбиесін сақтауына ұйытқы болып отырған №5 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Маулешова Айман Куандыковнаға алғыс айта отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!
Балаларымыз бақытты, балабақшаларымыз жайлы болсын!
BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді. Яғни, бала тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан басталады. Отбасында алған тәрбиесі баланың адам болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ұрпақ тәрбиесіне бірінші кезекте мән берген ұлтымыздың тәрбие туралы нақыл сөздерін әжелеріміз аталарымыз үйреткен дұрыс.
Өте керемет көрініс. Көз тоярлықтай. Өсіп келе жатқан балапандарға үлгі көрсетіп, үйретіп жатқан апаларымыздан айналдым. 100 жасаңыздар. Осының барлығын ұйымдастырған Айман Куандыковна ханымға мың алғыс. Вы супер.
Керемет, қандай тамаша тәрбие беру ордасы. Бала өміріміздің шырағы, оның жанарына мейрімді жарықты сиялау ол сүндет.
Ұлттық тәрбие — тәрбиенің ең негізгі құралы. Оны балабақшадан ата- анамен бірге тәрбие беру үрдісінде үндестікте жүргүргізу- ол батылдық.
Өте тамаша шара! Қаншама еңбек нәтижесінде балабақша ұжымы балапандар бойына ұлттық құндылық пен ұлттық тәрбиені дарытып, еңбексүйгіштікке баулуда. Айман, денсаулық, табысты еңбек, бақыт тілеймін!
Өте тамаша🙏балабақша ұжымына мың алғыс 🌹🔥