Home » Мақалалар » Ұстаздар есірткіге қарсы

Ұстаздар есірткіге қарсы

Өмір! Осы бір сөзде мыңдаған мағына, қаншама қуаныш пен қиындық толып жатыр десеңізші! Өмір-адамзат баласына бір рет берілетін мүмкіндік. Алайда, қадіріне жетпей тағдырына балта шауып, есірткінің етегінде кеткен жандар аз емес. Бұл ойымда келешектің кемел ұрпақтарына үлкен ой салып, есірткінің ессіз зияндығы туралы айтқым келеді.    Есірткі грек тілінен аударғанда «ессіздік», «құтырту» деген мағынаны береді екен. Есірткі-адам ағзасын улап, ессіздікке, психикалық ауруларға ұшыратып, айықпас дертке душар етеді. Сонымен қатар, адамның көңіл-күйін, сана сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті химиялық зат. Ол  адамның  есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз  өмір  сүре  алмайтын   бейшара халге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз əлеуметтік дерт. Бұл қазіргі қоғам дертінің біріне айналып отыр. Елімізде есірткіге қарсы заң күшейтіліп, қатаң бақылауға алынған. Дегенмен, сіз бен біз болып, бірігіп өз болашағымыз үшін күрессек, бұл дертті түбегейлі жоюға ат салысамыз.

Нашақор адамның болашағы бұлыңғыр, әрбір күні ауру, ми мен жүйкесі жүйесі жұмыс жасамай жантүршігерлік халге душар болады. Сондықтанда, ертеңімізді ойлап, салауатты өмір салтын ұстанып, тек жарқын болашаққа бірге қадам басайық!

Біз ұстаздар есірткіге қарсы шығып, әрқашан салауатты өмірді қолдап, шәкірттерімізді бақытты болашақтың жолында тәрбиелейміз.Осы мақсатта шәкірттеріммен нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған шаралар: тақырыптық патироттық әндер, дебат, пікірталас ашық алаң, флешмоб, білім сайысы, байқаулар, жобалар, лекциялар, экскурсиялар, үгіт-насихат жұмыстары, акциялар, спорттық ойындар  ұйымдастырамыз. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды волонтерлер жылы деп жариялануына байланысты мектеп оқушыларын ерікті түрде нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл жұмыстар саналы түрде, жүйелі атқарылатынына сенімдімін. Жас дос, есің болса есірткіге жолама!

Жүрмейікші денсаулықтан тыс қалып,
Саулық деген баға жетпес бақ шынар!
Салауатты өмір салтын ұстанып,
Денсаулықты бағалайық, Жақсылар!

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына
Бөлекбай Айнаш Алмасқызы
Қызылорда қаласы
Абылай хан атындағы
№140 қазақ орта мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.