Home » Мақалалар » Вокалдық жаттығуларды жасау принциптері

Вокалдық жаттығуларды жасау принциптері

Каримжанова Жазира Булатовна
Қадыржанов Серік Мерекеевич
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақ ұлттық өнер университетінің
«Эстрада өнері»  пәндік циклдық
комиссиясының оқытушылары

 

Әдетте ән салу сабағы екі функцияны орындайтын әндетуден басталады:

  1. Әншілерді жұмысқа дайындау мақсатында дауыстық аппараты қыздыру және күйге келтіру.
  2. Әнді орындағанда шығарманың мәнерлі естілуі үшін әншінің вокалдық дағдысын дамыту.

Жұмысқа дайындық алдында әншілердің эмоционалдық күйін, дауыстық аппараты дыбыс ұзақтығының, динамикасының, тембрі жағынан жұмысқа дайын болғанын қадағалау керек. Алғаш жаттыққан әнші өзіне жаттығуды жоғары ноталардан, қатты айтуға болмайды, өйткені дауыс қырылады. Әншілерге берілетін жұмыс уақыты олардың дағдысына вокалдық жаттығумен, шыдамдылығына сай болған. Дауыстың әдемі және мәнерлі дыбысталуын жұмыс кезіндегі дыбыс қалыптастырушы комплекстер арқасында алуға болады. Жұмыс барысында тыныс алу аппаратында, көмей аймағында және артикуляция органдарында мүкістік болмауы тиіс. Бұлшық еттердің қысылыңқы тұруы дыбыс сапасына әсер етеді. Дыбыс сапасын басқарып, меңгере отырып, дауыс қылыптастырушы комплекстердің жетістігіне жетуге болады. Дыбыстың сапалы шығуы жақсы вокалдық естуді қажет етеді. Дауыстық аппараттың дұрыс жұмыс істеу нәтижесінде дауыстың қарқынды дыбысталуы білінеді. Әнші дауысының дыбысталуының негізгі сипаты дыбыс ұзақтықты диапазон, динамикалық диапазон тембр қозғалмалылығы.

Дауыс диапазонының дамуы. Әнші дауысының диапазонмен жұмыс істеу әдетте примарлық тонды табудан басталады. Мұндай дыбыстар барлық дауыста бар, ереже бойынша фа 1 — ля 1әйелдер және балалар дауысына, ал ерлерге октава төмен. Жұмыстың ең басты талабы жалпы әншінің дауысында қысылысудың болмауы, қысылыс пайда болса онда дыбысталу координациясының бұзылғандығы. Әншінің назарын дұрыс ән айтуға бағыттаса, дауыс жоғарылаған сайын жоғары дыбысты жеңіл алуға дағдыланады.

Әншінің ән айту диапазонын дамытудағы келесі кезеңі мынадай құрылымнан тұрады: жұмсақ бірақ нақты, яғни «подьездсіз» сырғымай, дыбыс атакасы жеңіл, бірақ ыңғайына қарай дауыстық астардың шет жағынан қарқынды дыбысталуы және дыбыс пайда болғанда жұмсақ жүргізу, бұл үшін жаттығуларды р — дан немесе mp — н бастауы керек. Жаттығулардың құрылымы жоғарғы және төменгі қалыптағы баспалдақты дыбыстық қатарға байланысты. Бұл жаттығу әнші дауысын фальцеттік немесе кеуделік қойылымға қарай айтылады.

Ары қарай баспалдақты дыбыстық жаттығулар жасауға көшеміз. Бұл жаттығу дауыстық регистордың дыбысталуына арналған. Көмейдің ерте қалыптасқан күйін бүкіл жұмыс кезінде сақтау керек. Оларды орындағанда міндетті түрде дыбыс сипатын стаккатодан легатоға ауыстыру керек. Таза дауыстылдарды стаккатода айтқанда, нотаға атака кезінде жанама жыбыс естілмеуін, ал легатоға айтқанда бір дыбыстан екінші дыбысқа таза өтуді әншіден талап ету керек.

Тембрлік жұмыс. Әрбір әншінің дауыс тембрі, оның дауыс регисторының типі арқылы, әншілік позициясы арқылы және әншілік вибратоның сапасына қарай анықталады. Дауыстық тембрде дыбысталуына – дыбыс күші және жоғарылығы, атака түріне, дауысты типіне, артикуляция қажет. Әншінің орындаушылық деңгейін арттыру үшін барлық дауыс регистрына сай тесситурада ән  орындалуы тиіс. Дауыс тембрмен жұмыс істеудің бір талабы – дауыс дыбысталуының регисторлық көшуінің көмегімен өз ретіне келтіру. Бұл үшін түрлі жаттығулар қолданылады; төменнен жоғарыға, содан соң жоғарыдан төменге секіртпелі арпеджиолық жаттығулар арқылы кеңейту керек. Дауыстық тембрдің дыбысталуына әсер ететін факторлар: дыбыс күші және жоғарылығы; атака түрі, дыбыстың типі, артикуляция әдісі және орындалатын көркемдік шығармаға қарай әншінің эмоционалдық күші.

Дауыс жылдамдылығымен жұмыс істеу. Дауыс жылдамдығымен ән айтқанда әнші ырғақты сезіне алу керек. Вокалмен жұмыс істегенде қалыпты темп тез орындалады. Жаттығулар ақырын, кейіннен тез орындалады. Темп жылдамдағанда дыбыстан дыбысқа өткенде фальш естіледі, яғни тортаменто. Вокализ жаттығуларын көп айту керек, яғни бір дауыстыны бірнеше жаттығуларда қайталау керек, бүкіл музыкалық фразада немесе біркелкілілікке жету керек. Басқа тонға өткенде буын қайталанып немесе басқаға ауысатын жаттығу қолдануы тиіс. Содан соң жаттығудың өзі орындалады. Келесі жаттығуда музыкалық фраза өсуі тиіс, бұл фонациялық тыныс алуға әкеледі. Темп жылдамдағанда ережені сақтау керек. Темп жылдамдаған сайын дауыстық регисторда дыбысталу жеңіл болуы керек.

Қорытындыға келсек: Әнші үшін әрбір жаттығу күн сайын дағдыға айналуы керек. Бір жаттығуды әртүрлі жағдайда айтып дауыстың дамуына септігін тигізуге болады. Вокалдық әдістің негізгі талаптарының бірі барлық жұмыстық дауыс диапазоны бойынша қалыпты тембрлік дыбысталу. Тембрлік дыбысталудың дамуын айтқанда негізгі мәселе регисторлық ауысым, өйткені әртүрлі дыбыс ұзақтығында бірдей тембрді алуға болмайды және керек те емес, керісінше вокалдық орындауда тембрдің әдемілігінің әртүрлілігі қажет. Вокалдық әдістердің көзқарасы бойынша дауыстың регисторда дыбысталуы мынадай факторларға байланысты: тесситура, дыбыс күші, атака түрлері және дыбыс жүргізу әдісі, дауысты дыбыс типі мен оның артикуляциялық әдісі, әншінің эмоционалды көңіл күйіне, орындалған шығарманың көркемдік образымен тығыз байланысты. Дауыстық аппарттының дұрыс жұмыс істеу координациясы үшін, мускулдық энергия үнемді түрде жұмсалады, әнші дұрыс ән айтқанда өзіне де көрерменге де жақсы әсер қалдыра алуға ұмтылыс жасау керек.

 

Әдебиеттер:

  1. Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 62 – 87.
  2. Дмитриев Л.Б. «Основы вокальной методики». Стр. 350 – 355.
  3. Л. А. Манжос Дауыс қою әдістемесі, 2 бөлім
  4. Багадуров В. Балаларды вокалдық тәрбиелеу. — М.: Музыка, 2002
  5. Дмитриев Л. Б. Шығармашылық пен вокалдық педагогикадағы Интуиция және сана. // Вокалдық Педагогика мәселелері. /Құрғ. А. Яковлев. – М.: 1984

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.