Home » Мақалалар » Жаңашыл әдіс-тәсілдердің  тиімділігі мен  оның  оқушылардың даму  деңгейіне  ықпалы

Жаңашыл әдіс-тәсілдердің  тиімділігі мен  оның  оқушылардың даму  деңгейіне  ықпалы

Галимова Асия Алимовна
Нұр-Сұлтан қаласы 
«Міржақып Дулатұлы атындағы
№ 68 мектеп-гимназиясы» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі

 

Заманауи білім беру жүйесіндегі өзгерістер педагогтың біліктілік және кәсіби деңгейінің яғни кәсіби құзыреттілігінің дамуын қажет етеді.  Еркін ойлайтын, өз жұмысының нәтижесін болжап, білім беру үдерісін алдын ала жасай алатын педагог заман талабына сай мақсатына жете алады. Сондықтан да қазіргі уақытта білікті, бәсекеге қабілетті мұғалімге сұраныс артып отыр. Мұғалімнің оқушыны тәрбиелеуге және дамытуға бағытталған күнделікті жұмысы маңызды. Оқушыны біліммен қамтуға мүмкіндік беретін озық іс-тәжірибелерді зерттеу.

Сыни ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді: 1. Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде  өз тәжірибесін қалыптастыруға  ықпал ететін ойлау үдерісін жүзеге асыру. 2. Логикалық зерттеу  мен пайымдау  әдістерін білу. 3. Осы әдістерді қолданудағы  тәжірибелік дағдылар.

Сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда  қолданылатын  жаңашыл  әдіс-тәсілдер сабақта  тиімді,  қызықты  және  шығармашыл, ең бастысы – нәтижелілікке  бағыттайды. Оқушыларды  сыни тұрғыдан  ойлауға  үйрету  үшін  жүргізілетін  жұмыс —  оқыту  үрдісін   тұлғалық-бағдарлылыққа  негіздейді, білімдік  міндеттерді  құрып, шешуге, зерттеушілік, ақпараттық коммуникативтік, шығармашылық қабілеттерін  дамытып  қалыптастырады.

Тақырыпты  ашу «Адасқан  әріптер» әдісі   тақырыптың құпиялылығын  сақтап  оқушылардың сабаққа  деген қызығушылығын арттыру үшін  осы  әдісті қолдануға  болады. Мысалы: «Топырақ» тақырыбын  ашу үшін,  әріптердің  орнын   (басқаша  ретпен  қою)  ауыстырып беремін. Оқушылардың  құрастырған сөздерінен нақты  тақырыпқа  жетелеу  үшін сурет,  бейнежазба  көрсетуге болады.

Тақырып бойынша танымдық білімді анықтау – «Акроним» әдісі. Оқушылардың   тақырып бойынша   өздерінің   бұрыннан не  білетіндерін түсіну  үшін   тақырыптағы  ұғымның әрбір  әрпіне   қатысты  сөздер  жазуын өтінемін,  олардың жазуына  орай   тақырыпқа  қатысты  білімдерінің   деңгейін  анықтай  аламын.

Мысалы: Т-тіршілік   О- оттегі   П-пайдалы   Ы-ылғалды  Р-реңді А-ауа          Қ-құм

«Дейін, кейін»  кестесі.  Мақсаты: оқиғаны  болжау, білетін  және білмейтін  деректерді салыстыру, өз  пікірлерін  көрсету, қорытынды  жасау қабілеттерін  қалыптастырады. Қалай қолданамын:  сабақтың  1 кезеңінде  білімдерін өзектендіру үшін, және ой  толғаныс  кезінде  салыстыра  қорытынды  шығару   үшін  қолданылады.

«Дейін» және «кейін»  кестенің  екі  бағаны  толтырылады. «Дейін»  бағанына  оқушылар  тақырып бойынша   өз  пікірлерін,  міндеттердің  шешімі  туралы,  болжамдарды  жазады. «Дейін»  бағаны  сабақ  соңында   оқыған  жаңа  материал,  оқыған  мәтін  бойынша   толтырылады. Әрі  қарай  оқушылар «дейін» және «кейін»  мазмұнын  салыстырып  қорытынды жасайды.
«Идеялар себеті». Сабақ  тақырыбы    бойынша   оқушылардың білімін анықтау  мақсатында   өткізуге  болады.  Топтық жұмыс. Әрбір топ осы  тақырып бойынша өз тұжырымдарын  ұсынады.

Топырақ —  бұл ….  -жер,  — өсімдік  өсетін жер, -зат,-құрғақ, -тұратын жер,  -тұратын жер. т.б.

Әрбір  топтың  идеялары   себетке  толтырылады, тақтаға  жазылып  отырады немесе   себет  суретін  іліп, оқушыларға   стикерлерге   жазып   себет үстіне  жабыстырылу   ұсынылады. Сабақтың мақсатын анықтау  үшін    «ББҮ» кестесі

БілемінБілгім келедіҮйрендім

Мақсаты: Оқушылардың  білетіндері мен  білмейтіндерін ұштастыру, өздерінің  білімдеріне   қызығушылық  таныта  қателіктерін   көруге  мүмкіндік береді. Қалай  қолданамын: оқыту  балалардың   берілген  тақырып бойынша  білетіндерінен басталады. Қызығушылықты   ояту  кезеңінде қарастырылатын  тақырып бойынша білетіндері жазылады. Ал, тақырыпты  зерделеп   мағынаны тану  кезеңінде   оқушылар  кестенің  екінші  бағанына осы  тақырып бойынша   өздерінің әлі де  не  білгілері келетіндерін, туындаған сұрақтарын  жазады. Сабақтың  қорытынды  кезеңінде  оқушылар  екінші бағандағы  сұрақтарына  жауап  алса  үшінші   бағанға  сол  сұрақтардың  жауаптарын жазады. Бұл  әдістің   тиімділігі   сабақтың  өн бойында  қолданып барлық  атқарылған  істерді   жүйелеуге  көмегін тигізеді.

«Мюнстенберг» әдісі.  Бұл  әдістеме зейіннің  таңдамалылығын  анықтауға  бағытталады, сонымен қатар жұмысқа  толық  кірісуге ойды  шоғырландыруға және  тақырыптың  анықтамасын   немесе  мақсатын ашуға  да  көп әсерін  тигізеді.

Нұсқау: Көптеген  әріптердің  ортасында  тұтас  сөздер бар.

Міндет: тез оқып  отырып, сол сөздердің астын  сызу керек. Мысалы:

ТРКУМӘТІНКРНФТМАҒЫНАРККНЖАҒЫНАНДРЦКӨЗАРАТПЦЧБАЙЛАНЫСТЫХРКУДРЕКІБББНЕГГДОДАНСТРДАЧЦКРКӨПБДШКРНКУВСӨЙЛЕМНЕНЗДШКНКЗҚҰРАЛАДЫЦКПМӘТІНГЕБРШБДАТЗЦРҚОЮҒАЖРКБОЛАДЫЖРТБ.

«Маңдайдағы  он  сұрақ» әдісі.  Мақсаты: сұрақ қою дағдысын, нақтылау мен  диалогтың  маңыздылығын  түсінуге бағытттау  және  «жіңішке», «жуан»  сұрақтарды  ажыратуға  мүмкіндік береді. Қалай қолданамын: Бір оқушының  маңдайын  стикерге   жазылған  жасырын сөзді  немесе  оған  көрсетпей  бір затты жасырамын, сол  затты   «иа»,  «жоқ»  деп  жауап беретін сұрақтар  қою  арқылы  тауып  алу  керек.

«Шатасқан   тізбектер» әдісі. Мақсаты: назарлары  мен логикалық ойлауларын дамытуға  әсерін  тигізеді.  Қалай  қолданамын:  сыныпқа  алдын-ала  тізбегі  шатасқан мәтіндер  беріледі. Оқушыларға тізбенің дұрыс  орналасуы  мен  себеп-салдарын  құру ұсынылады.

Мысалы:  қасиет  Бауыржан Ептілік ерге  Момышұлы   пен  тән  ерлік.

Үй тапсырмасын тексеру әдістері: «Өрмекші» әдісі».  Бұл әдісті белгілі бір тақырыпты, тиянақтау үшін қолдануға болады. Мұғалім қолына бір шумақ жіпті алып жіптің дөңгелек тұсын тыңдаушының біріне бағыттай сұрақ қояды, қағып алған оқушы жауап беріп оны әрі қарай өз сұрағын қоя бағыштайды, солай жалғаса береді. Уақыт жеткілікті болған жағдайда жіпті кері қарай лақтыра сұрақ қоюды жалғастыруға болады;

«Карусель» әдісі (айна); «Серпінді сұрақ» әдісі (доп); «Атқосшы мен арба» (стикер), «Ортадағы  қаламсап» (5-10 баланың қаламын жинап алу  сұрақ-жауап).

«Синтез кестесі» арқылы түсіндіру  мақсаты: ақпаратты рефлексивті   қабылдауы,  талдауды  қалыптастырады.Оқушының  мәтінмен диалогқа түсуіне жетелейді.

Мәтіннің түйінді кезеңдері (хабарлама)Назар неге аударылды?Неліктен осыған пікірім мен назарым аударылды?(талдау)
   

«Т кестесі» әдісі

Жақсы жақтары “+”Кері жақтары “-”

«551» стратегиясы. 5 адамнан құрылған топ тақырып бойынша                                         5 идеяны ұсынады, соның ішінен ең тиімді 1-уін таңдап, «Ыстық орындық» әдісі арқылы  әзірлеп соны қорғайды.

«ИНСЕРТ» әдісі.  Бұл  әдіс  мәтінмен  жеке  жұмыс  істегенде  нақты  ойлануға   мүмкіндік  беретін  әдіс. Тақырыпты  толық  зерделеуге, мағынасын  тануға, туындаған  сұрақтарын жазуға  көп  үлесін  тигізеді. Ойлануға, өзіндік  жұмысқа әрбір  сөздің  мағынасын  түсінуге дағдыландырады.

«V»–бұрыннан білемін«+»  жаңалық«–» басқаша ойладым«?»  сұрағым бар
    

Кері байланыс:

  1. «Екі жұлдыз, бір тілек»
  2. «Үш минуттық үзіліс»
  3. «Шабадан, еттартқыш, себет»
  4. «Аралдар»
  5. «Аяқталмаған сөйлем»

Шабадан, еттартқыш, себет.  Не маңызды, нені аласыз? Нені әлі оқу керек? Не қажет емес, себетке саласыз?

«Аяқталмаған сөйлем». Оқушылар сөйлемді жалғастырулары керек:
— Мен …. қатысты көз қарасымды өзгерттім
— Мен …. туралы көп білдім.
— Мен … таң қалдым.
— Мен …. сезімде болдым.
— Мен …. салыстырдым.
— Мен …. үшін уайымдадым.

 «Галлереяны шарлау» әдісі. Мақсаты: өзара оқыту әдісі, оқушылар бір-бірін оқыту, үйрету, топ алдында қорғауға жаттығу, сыни бағалау қабілеттерін шыңдау.

Қолданылуы: Оқушылар өздерінің жасайтын  жұмыстарын қабырғаға іліп, басқа оқушылардың қарауына, галлереяны шолуына мүмкіндік береді, ал басқа оқушылар қарай жүріп, стикер немесе жұлдызшалар арқылы өз бағалаулары мен пікірлерін ұсына алады.

«Синквейн» әдісі  тақырыпты жүйелеуге, түйінді сөзбен тиянақтауға, ойын нақтылауға мүмкіндік береді. Мысалы:

Міржақып

Ақын,оқымысты

Шақырды,оқыды,жазды

Халқын өнер,білімге шақырды

Қайраткер

«Жуан және жіңішке сұрақтар». Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою дағдыларын дамыту үшін қолданылады. Оқушының қойған сұрағынан білімін, тақырыпты түсіну барысын байқауға болады. Қолданылуы: «Жіңішке» сұрақтар – репродуктивті сұрақтар, бір жауапты  талап етеді. «Жуан» сұрақтар – ойлануды, қосымша білімді, талдау қабілетін талап ететін сұрақтар. Басты мақсатқа жету үшін сабақта  кесте  қолданған жөн.

ЖіңішкеЖуан
Кім? Не?Түсіндіріңіз неліктен…?
Қашан?Неге  сіз олай  ойлайсыз….?
Келісесіз бе?Басқаша қалай болуы мүмкін?
Болды ма?Айырмашылығы неде?
Дұрыс па?Неліктен сіз солай ойлайсыз?

«Де Бонның алты қалпағы». Берілген қалпақтардың біреуін таңдап және сұрақтарға жауап беруге болады.

Ақ қалпақ —  Мен/біз не білдік?

Сары қалпақ — Маған/бізге не маңызды болды?

Қызыл қалпақ — Мен/біз қандай әсер алдық, көңіл-күйіміз қандай?

Жасыл қалпақ — Мен/біз қаншалықты шығармашыл, креативті болдық?

Қара қалпақ — Мен/біз неге қол жеткізе алмадық, қандай кері әсер болды?

Көк  қалапақ — Менің/біздің жұмысымыздың негізгі нәтижесі қандай?

Ұсынылған  әдістер   сабақ үрдісін өзгертуге ,жүйелі  тиімді  деп саналған әдістер.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.