Home » Мақалалар » Тәрбие – жарқын болашақтың кепілі

Тәрбие – жарқын болашақтың кепілі

Ильясова Айгуль Жазитовна
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ  ауданы Түрген ауылы
«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалімі

«…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,  ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

Ұлы қазақ  ағартушысы  Мағжан Жұмабаев 

 

Қазіргі уақытта  жас ұрпаққа саналы тәрбие мен  сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты. Қоғамда өсіп келе жатқан жас ұрпақ   тәрбиесіне  қай   кезде болса  да,   қай  ұлтта  болмасын  үлкен  мән

беріліп отыр.

Өйткені  бала – біздің  болашағымыз.  Әрқашан өзіміз тәрбиелеген балаларымызға жаман іс-әрекеттен аулақ болуға және баланың бойында тек жақсы қасиеттерді дарытып, өскелең ұрпақты  адамгершілікке тәрбиелеп отыруға тиіспіз.  Оларға өмірдің мәні не екенін сезіндіріп, тек қана жақсы жағынан көріне білуге, адамдарға жақсылық жасауға, ата-бабаларымыз мұра етіп  қалдырған салт-дәстүрлерді, ескерткіштерді, тарихи құнды асыл мұраларымызды ұмытпай, соларды жаңғыртуға бағыт-бағдар бере отырып, оларды сүйіспеншілікке және адамгершілікке тәрбиелеу керекпіз.

Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы жастардың бойында адамгершілік, сыйластық, мейірімділік сияқты жағымды қасиеттер жоғалып кетпеу үшін тәрбие саласына көңіл бөліп, жастарға ата-ананы қадірлеп, қастерлей білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіре білуге, ата-анамызды сыйлауға және оларды құрметтеуге, қастерлеуге,  айтқан ақылдары мен өсиеттерін үлгі  тұтып, ата-анамыздың бар болғанына мақтана білуіміз керек екендігін әрқашан айту керек.

Бау-бақшада өсіп тұрған  жеміс ағашын  баптап, оны үнемі  күтіп суғарсақ қана жемісіне кенелеміз. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті екені аян.

Қазіргі заман  шындығына жүгінетін болсақ, тәрбиенің бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен  нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты. Қазіргі қоғамда біздің ата-аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы «Баланы киіммен, тамақпен қамтамасыз етемін, білім, тәрбие беру – мектептің ісі» деген жансақ  көзқарастарында елеулі қателіктер орын алып жатыр. Бала тәрбиесін тек мектепке  ғана аударып қоймай, ата-ана, мектеп болып бірлесе отырып жұмыс жасау,  ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де тиімді екені белгілі.

Әрбір жас толқын қай жағынан болсын,  тамаша, жан-жақты келісті азамат болып қалыптасып,  еңбекқор, адал, білімді, ақылды ғана болмай, тәрбиелі, ибалы болуы керек. Қазіргі таңда басты назарға ұсынылатын бір қағида деп айтатын болсақ мектеп қабырғасында тәрбие алып жатқан өскелең ұрпақты отбасында тәрбиелеп отырған ата-аналармен,  отбасымен тығыз байланысты болудың ең негізгі жолы мектепте өткізіліп жүрген әртүрлі мерекелер, жиналыстар, сайыстар, ашық есік күндеріне ата-аналарды, балалармен бірге әртүрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, көңілді ойындарға қатыстырып отыру керек.

Ұстаз ретіндегі мақсатым,  алдыма келетін саналы әрі тәрбиелі жас буындарға ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге  қабілеті жететін азамат тәрбиелеу үшін, біз оларды өз беттерімен білім алуға, терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретуіміз керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.