Home » Айтарым бар » Отбасы-бақыт мекені

Отбасы-бақыт мекені

Қазақ отбасында әжелердің орны ерекше әрі қадірлі болған.
Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы болып, ағайын-туыстың ауызбіршілігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы.
Абайдың Абай болып қалыптасуы — сол әжесінің берген тәрбиесінде болар.
Аталар мен әжелердің тәрбиесін көрген ұл да, қыз да елдің мақтанышы бола алады. Өйткені, олардың бойында бабалар салып кеткен сара жол-
дара жолдың жалғастырушылары аталар мен әжелердің тәрбиесі, өнегесі бар.

Дәл осындай дәстүрімізді ұлықтап отырған Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №194 бөбекжай-балабақшасы
баланың бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңірту, әженің отбасыдағы рөлінің қандай екенін түсіндіру мақсатында әжелермен кездесу өткізді.

Әжелеріміз камзол, кимешегін киіп,
салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың бала тәрбиесіне қаншалықты ықпалы бар,
қай кезде қолдануға болатыны туралы әңгімелеп берді .

Балаларға ұршықтың шығу тарихын
тереңірек түсіндіріп және оның жасалу
жолдарын балабақшаның кішкентай балапандарына ұстатып, жасатып үйретті. Балалардың қолөнерге деген қызығушылығын оятты.

Сондай-ақ әжелеріміз балаларды
ою-өрнек түрлерімен таныстырды.
Ою-өрнектерді бірге құрастырып, қолдарын жаттықтырып, шеберлікке үйретті.
     

Қазақ халқы өте қонақжай халық болғандықтан, әрі қарай әжелеріміз ұлттық тағамдарды пайдалана
отырып, балаларға олардың қандай
еңбекпен жасалатынын түсіндірді.
Балаларды ұлтжандылыққа,
көрегенділікке, терең ойлай білуге,
жан-жақтылыққа тәрбиеледі.
Әжелеріміз баталарын беріп, келген қонақтар риза болып үйлеріне тарады.
     

Осындай керемет іс-шараны ұйымдастырып, ұлттық тәрбиені балалардың бойына сіңіріп жатқаны үшін «Лашын» тобының тәрбиешілері Нурышова Куралай Кызайбаевна мен Ибраева Раушан Жумагазиевнаға алғысымызды айтамыз.

«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Елназ Тұрсынғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.