Home » Мақалалар » «Менің мамандығым-тәрбиеші»

«Менің мамандығым-тәрбиеші»

 Шығыс  Қазақстан облысы  Семей қаласы
«Panda Child» балабақшасы
тәрбиешісі: Тилектесова Дария Асқарқызы

Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға
Абай Құнанбаев

Мен  таңдаған мамандық    тәрбиеші.  Бұл мамандықты  бала  күнімнен  армандадым. Себебі: тәрбиеші болып  балаларға  қамқор  болғым келді. Тәрбиеші  болу  үшін  ең  бірінші  балаларды  жақсы  көру керек. Бұл мамандық  үлкен  жауапкершілік  пен  төзімділікті  қажет  етеді. Тәрбиеші мамандығы  маған  өте  қызықты. Осы  мамандықтың  арқасында  ата-аналармен  тіл табысуды  да  үйрендім.  Бұл мамандық  маған  көп  нәрсені  үйретті.  Әсіресе тілдері  балдай  бүлдіршіндердің   сыңғырлаған  күлкілерін  естігенде  менің  бойымда  керемет  әсер  болады.  Баланың  баладан  ешқандай  айырмашылығы жоқ.  Сондықтан да балаларды  бір-бірінен  бөліп  қарауға  болмайды.  Керісінше   топтағы  балаларға  ұйымшыл  болуды  үйрету  керек.  Кішкентай  бүлдіршіндерді  көрсем  бірден бауырыма басып  құшағыма    алғым   келіп  тұрады.  Мен  өзімнің  тобымдағы  балаларымды  күнде   құшақтап,  беттерінен  сүйіп,  бастарынан  сипап  жүремін.  Сонымен қатар «мен  сендерді  қатты-қатты жақсы  көремін»  деп  жиі  айтып  отырамын.  Менің  балаларымда  соған  үйреніп   алған.  Оларда  маған  «бізде  сізді  қатты-қатты  жақсы  көреміз»-деп айтып  жүреді.  Оларда  күнде  мені құшақтап, сүйіп  жүреді.  Бүлдіршіндерімнің ата-аналары  «сізге  рахмет!»  баламыз  сізді  жақсы  көреді   үйде  ауыздарынан  тастамай  сізді  айтып  отырады»-деп  алғыстарын  білдіреді.  Міне мен үшін  үлкен  бақыт  осы.  Балапандарым  жараланбай  аман-есен   үйлеріне  қуанып  қайтса  менде бақытты да  қуанышты  боламын. Әр баланың  тілін тауып, тілдесе білудің  өзі үлкен жауапкершілікті   қажет  етеді.  Балалардың  санасы  ақ  парақтай  тап-таза   сана  сезхімге  дұрыс  тәрбие  беріп  алғашқы  адамгершілік  пен  мейірімділік   нұрын  сеуіп, жақсы  білім мен өнер  нәрімен сусындату  біздің міндетіміз.  «Балалар  өмір  гүлі»  деп  бекер  айтылмаған. Әр бала  мен  үшін өте  үлкен  қуаныш. Оларды  тәрбиелеу  мен  үшін  үлкен  бақыт. Тәрбиеші жан-жақты  болу керек. Тәрбиешінің  міндеті-  балаларды  қарап жақсы  тәрбие  беру ғана емес, сонымен  қатар  ертеңгіліктер мен ашық  сабақтарды  өте  жоғары  деңгейде  ұйымдастыра  білу керек. Балалар  әр  түрлі  әдістермен сурет салғызу, мағыналы  тақпақтар жаттату, қызықты  ойындар мен ғадайып ертегілерді  айтып   балалардың  саналарын  жоғарлата  білуі керек. Әсіресе балалар сергіту жаттығуларын  жасай  отырып, тақпақтардытез  қағып  алады. Кейбір  тілі енді  шығып  келе  жатқан  балалар  сергіту  жаттығуларының  тақпақтарын айта алмаса да  іс-қимылын тез  қағып  алады. Оқу іс әрекеті  өту  барысында балалар  қызығатындай  түрлі-түсті  ашық  түстерді алданумен   қатар  ертегі кейіпкерлерін  қолдана  отыорып, оқу әрекетін  өтсе  өте  тамаша  болады.  Тәрбиеші  мамандығын  таңдағаныма  еш  өкінбеймін.  «Ел есіңде бір жыл қалғын келсе — ас бер, он жыл қалғын келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғын келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз.Баланың ой-өрісін дамытуға,олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан.Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек  бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік.Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.