Home » Жаңалықтар » ОҚУШЫЛАР СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫМЕН ОНЛАЙН ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ЖАСАДЫ

ОҚУШЫЛАР СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫМЕН ОНЛАЙН ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ЖАСАДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының баспасөз қызметі

       «Жазғы демалыс — 2020» бағдарламасы аясында 12 тамыз күні білім басқармасының Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары спорт жұлдыздарымен кезекті онлайн таңғы жаттығу жасады.
     Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдерге денсаулық баға жетпес байлық екенін түсіндіру және бос уақыттарын тиімді пайдалану.
Спорттық шара барысында Орта Азия чемпионы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Каратэ-до Шотаканнан Қазақстан Республикасының спорт шебері Айгуль Таймаганбетова оқушылармен қашықтықтан бірқатар жаттығулар жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өзіндік үлесін қосты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.