Home » Жаңалықтар » Республикалық Тамыз кеңесі On-line форматта

Республикалық Тамыз кеңесі On-line форматта

 Орынбасар Абусағитқызы Бегалина,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан
қаласы бойынша ПҚ БАИ

2020 жылғы 12 тамызда «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы республикалық Тамыз кеңесі аясында «Қашықтық форматында педагогтердің біліктілігін арттыру: жағдайы, проблемалары, келешегі» тақырыбында секция жұмысын ұйымдастырды. Секцияның пленарлық бөлімінің модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы.
Пікірсайыс алаңының жетекшілері: Мақатова Ж.А., ПҚРБАИ директоры, п.ғ.д., профессор; Шпигарь Н.Н., Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары; Аймұқатов А.Т., Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары; Кұсаинова А.И., ПҚРБАИ педагогика және инклюзивтік білім беру кафедрасының аға оқытушысы
Секция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстық Білім басқармаларының басшылары, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, Білім басқармалары әдістемелік кабинеттерінің жетекшілері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.
Пленарлық бөлімде Гүлнас Кенжетайқызы «Қашықтан оқыту жағдайындағы педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі» тақырыбында баяндама жасады. Гүлнас Кенжетайқызы қашықтан оқыту жағдайындағы педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі, қашықтан оқыту жағдайында мектептерді басқарудың, білім беру жүйесін қашықтан басқару форматының ерекшеліктері мен қашықтан оқудағы педагогтің кәсіби өсуінің жаңа мүмкіндіктеріне тоқталып, білім беру процестерінде, оның ішінде қашықтан оқытуда Microsoft цифрлық қосымшаларын пайдалану бойынша мұғалімдердің цифрлық құзыреттіліктерін арттыру және сертификаттау, қашықтан оқытылатын сабақтарды өткізу үшін оңтайлы ортаны таңдау және динамикалық интернет платформалардың мүмкіндігі, қашықтан оқытылатын сабақтарды ұйымдастыру технологиясы, қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімдегі жетістіктерін бағалау, оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын ұйымдастыру тәсілдері мен қашықтан оқыту форматында мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы кері байланысты ұйымдастыру әдістері сөз болды.
Сондай-ақ, пікірсайыс алаңының жұмысы «Қашықтан білім беру менеджменті», «Қашықтан оқыту форматы жағдайында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ерекшеліктері», «Қашықтық режиміндегі инклюзивтік оқыту: проблемалары, шешу жолдары» және «Қашықтан оқыту сабақтарын құру құрылымы және ұйымдастыру әдістері» тақырыптарында 4 шағын секция жұмыстарымен жалғасты.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.