Home » Мақалалар » Көліктер.

Көліктер.

Бесбаева Ақбота Мейрамбекқызы
ІІ — ші кіші топтағы  ұйымдастырылған  ашық  оқу қызметі

Тақырыбы: Көліктер.

Білім беру саласы:Таным,шығармашылық.

Бөлімдері:  Қарапайым математикалық ұғымдардықалыптастыру,жапсыру, мүсіндеу.

Мақсаты:   — Балаларды  зейінділікке тәрбиелеу, сөз қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту, толық жауап беруге дағдыландыру .

Міндеті: :   —  Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету.

  • Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту,олардың түрлерін танып атауға үйрету.
  • Көліктердің нақтылы  атқаратын қызметі  жайлы балалардың білімдерін кеңейту,дыбыстарын сала білуге дағдыландыру.
  • Салыстырмалы түрде есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін дамыту.
  • Фонематикалық естіп қабылдауын дамыту.

Көрнекілік: —   суреттер, ойыншықтар ,үлестірмелі материялдар.

Құрал жабдықтар:   желім, сүрткіш, түрлі – түсті баулар, сіріңкенің қорапшасы, түрлі – түсті картондар, қалдық  заттар.

Сөздік жұмысы: көліктер, поезд,  ұшақ,  кеме.

Билингвизм:  көлік – машина,  ұшақ – самолёт.

Әлеуметтік инклюзия: —сөздіктерді  жаңадан тілі шығып келе жатқан   Айлинмен  қайталау.

Іс-әрекет кезеңдері

Ынталандыру,бағыт бағдар беру

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

— Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті  даламыз

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң қонақтар

Деп сабақты бастаймыз! 

Ғажайып сәт.

Қызыл, сары, жасыл шар ұшып келеді.

Артынан құмырсқа   қуып кіреді, ой балалар мен аялдамада тұр едім, қолымнан шарым ұшып кетті, шарымды ұстайын деп  анамнан адасып қалдым, енді үйіме қалай қайтамын.
Балалар құмырсқаға көмектесеміз бе? 

Құмырсқа сен уайымдама , біздің балалар саған  үйіңді тауып беруге көмектеседі.

Балалар құмырсқаға қуана  көмектесуге келіседі.

Ұйымдасқан ізденушілік 

  • Олай болса бізге құмырсқаның үйін табу үшін бізге неше түрлі көліктер керек.

Біздің бүгінгі оқу  ғызметіміздің тақырыбы да «Көліктер»

Экран алдына отырмас бұрын , көзімізге жаттығу жасап алайықшы.

Біз бірінші көлік түрлерімен танысып алайық.

  • Көлік, автобус, поезд, ұшақ, кеме бұлардың бәрі көліктер деп аталады.
  • Балалар біз құмырсқаны үйіне апару үшін қандай көлікке бірінші мінеміз?
  • Автобусқа.
  • Автобусқа міну  үшін біз  мына тапсырманы тапсырмаларды орынауымыз қажет, сонда ғана сен үйіңе жетесің.
  • Біздің балаларда саған көмектеседі.
  • Балаларға   АКТ арқылы көліктің  түрлерін көрсете отырып, түсінік беру.
  • Балалар алыс жолдарға қандай көліктермен шығамыз?
  • Автобус,ұшақ, поезд, т.б.

І тапсырма

  • Балалар мына жерде  заттарды көлеңкесіне орналастыр дейді
  • АКТ арқылы құрастырады.
  • Қандай көлік қайда жүреді?
  • Машинанаың терезелерін пішіндер арқылы құрастыру.
  • Машинаның түсі қандай екен?
  • Ал терезелерінің пішіні қандай екен?
  • Көлемін,пішінін,түсін айтады.

ІІ тапсырма

Не артық?

Тілге  жаттығу жасаймыз

  • Көлік қалай дыбыстайды екен?
  • Шш-ш

Ал  көлік балшыққа түскенде қандай дыбыс шығарады?

—  Дзз-дзз

Мотоцикл қанай дыбыс шығарады  екен?

  • Д-д-др

Ұшақтың  дыбысы қандай?

—  Ррр-рр

Ал поездің дыбысы қандай екен?

—  Пуп – чух-чух

Сөздік жұмыс

көліктер, поезд,  ұшақ, қайық.

Билингвизм

көлік – машина,  ұшақ – самолёт. 

  • Балалар біз көлігімізді дайындадық, енді бізге құмырсқаның анасына сыйлық керек.
  • Біз енді не істейміз?
  • Олай болса біз құмырсқаның анасына сыйлықты тез жасау үшін  біз үш топқа  көліктердің суреттері ақылы бөлінейік.
  • Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

Ал балалар біз автобустың құрылымын біліп алдық, сыйлығымыз дайын  енді жүрумізге болады, жолға шығуға дайнбыз ба?

Ал олай болса кеттік.

-Ой балалар, автобусымыз дың дөңгелегі тесіліп қалды, енді не істейміз?

Маған көмек керек.

  • Не көмек керек?
  • Маған өлең шумақтарыңды айтып берсеңдер менің дөңгелегім жөнделеді.

Қаламызда қырандай,

Самғар көлік табылар,

Троллейбус пен трамвай,

Автобустар тағы бар.

Автобусқа асығып,

Жолды кесіп  өтпеймін.

Доп тепкендей асырып,

Бос қалбырды теппеймін.

«Машина: бип!, бип! — дейді,
Жолдан былай кет!- дейді»
Күшікті басуға,
Болмайды машина.

Жолда жүру әліппесін,

Білгенің жөн бес саусақтай

Сонда ғана жүре аласың

Сен өзіңді сау сақтап

Жұмбақ

Құстан аумайды,
Көкке заулайды,

(ұшақ)

Жүйіткіген дәу үйінде,

Жүйрік деп ел сүйінді

Тас жолда жұртты тасып жүр,

Жылдамдыққа басып жүр.

(автобус)

Қара нар қатарынан бір озбаған,

Боз інген ботасы жоқ  құр боздаған.

Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап,

Аяғын  анда – санда бір қозғаған.

(поезд)

Жарайсындар балалар, енді біздің автобусымыздың дөңгелегі жөнделді жүреміз енді.

Тыныс алу  жаттығуы;

Салфетканы   үрлейміз

  • Мінекей енді құмырсқанын үйіне де келдік, құмырсқаны анасы қуанып қалатын болды.
  • Құмырсқа енді рұқсатсыз үйіңнен кетесің бе, олай жасауға болмайды.
  • Балалар енді біз, өзіміздің үйімізге қайтайық.

Дидактикалық ойын;

Көліктерден пазылдар құрастыру.

Балалар біз құмырсқанын үйіне дейін келу үшін біз қандай тапсырмалар жасадық.

Кері байланыс  жане түзету

Оқу іс –әрекетіне талдау жүргізіп, қортындылау.

 

Күтілетін нәтиже:

Қайта жаңғыртады:  — Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра білуі.

Түсінеді: — Тапсырмаларды орындайды.
Қолданады: — Қолданады.: Күнделікті өмірде көлік қызметін қолданады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.