Home » Жаңалықтар » Батыс Қазақстан облысындағы апатты және үшауысымды мектептер бойынша ақпарат

Батыс Қазақстан облысындағы апатты және үшауысымды мектептер бойынша ақпарат

Облыста 11 356 оқушыны қамтитын 7 үшауысымды мектеп (Орал қаласында №47 ЖОББМ, №10 ЖОББМ, №20 ЖОББМ, Эстетикалық бағыттағы гимназия, №18 ЖОББМ, Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ, Теректі ауданында Подстепной қазақ ЖОББМ) және 1 үшауысым алдындағы (Орал қ. №46 ЖОББМ) жұмыс жасайды. Жалпы оқушы орнының тапшылығы – 2 281 орын.

Жалпы 3752 оқушы білім алатын 8 апатты жағдайдағы (Орал қ. №33 ЖОББМ, №31 ЖОББМ, №8 ОДБММ, Қазталов ауданы Казталов ауылы А.Оразбаева атынд.ЖОББМ, Жұлдыз ауылы Хұсайынов атын. ЖОББМ, Сарықұдық НМ, Ақжайық ауданы М.Өтемісов атын.ЖОББМ, Чапаев ауылы Абай атын.гимназия) және 2 мектеп күрделі жөндеу жүргізу орынсыз қорытындысын алған (Бәйтерек ауданы Достық ЖОББМ, Щапов ЖОББМ) жұмыс жасайды.

2020 жылы 3 мектептің құрылысын бастауға және аяқтауға республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер бөлінді:

  • Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп, Нысанды 2020 жылы пайдалануға беру жоспарлануда (апатты мектептің орнына).
  • Орал қаласында 900 орындық №51 ЖОББМ. Нысанды 2020 жылы пайдалануға беру жоспарлануда (үшауысымды мектептер санын қысқарту үшін).
  • Казталов ауданы Казталов ауылында 600 орындық мектеп. Жалпы құны — 2319,2 млн.теңге. Нысан 2021 жылға өтеді (апатты мектептің орнына).

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында 1047132,0 мың теңгеге 4 білім беру нысанының құрылыс және қайта құру жұмыстары жоспарлануда:

  • Орал қаласында 300 орынға арналған №33 мектебі;
  • Бәйтерек ауданы Зеленов ЖОББМ ғимаратын қайта құру;
  • Бөкей Ордасы ауданы Бөрлі ауылындағы М.Бегалиев атындағы ЖОББМ екі ғимаратының арасына жабық өткел құрылысы;
  • Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында А.Оразбаева атындағы орта мектебінің спортзал құрылысы.

2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 4 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 782 235 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол қартасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 8 245 719 мың теңгеге 26 білім беру нысанын күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі Үміт Жәңгірова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.