Адамзатқа қауіп төндірген аты жаман індеттен қатаң сақтанбақ керек! Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы төтенше жағдай жариялағанған бері орта білім беру ұйымдары да 2020 жылғы 6 сәуірден бастап қашықтан оқыту форматына көшіп, бала денсаулығы мен соңғы тоқсанның білім бағдарламасын меңгерту мақсатында республика көлемінде рухани-әлеуметтік маңызды істердің жасалып жатқан белгілі. Көп кешікпей әркімді алаңдатқан қашықтан оқытудың сан түрлі мәселелері біздің ұжымды да ойландырды. Осы орайда Жетісу ауданы, Құлагер ықшам ауданында орналасқан №148 мектеп-гимназиясы да осынау сын сағатта мәселені бірлесіп шешті.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау және білім беру үдерісінде электронды немесе қашықтан оқыту технологияларын кеңінен қолдану бұл ЖОО-на емес, әсіресе, орта білім беру мекемелері үшін тың жаңалық болды.Ұстаз бен шәкірттің әдеттегідей жүзбе-жүз емес, қашықтан оқытып ғаламтор арқылы байланысқа шығуы арқылы тақырыпты меңгертудің қиындығы ұстаздарға белгілі. Телеарнадан, ғаламтордан көрсетілетін медиа сабақтардан бөлек, өздері бейнепрезентация, бейнеролик жасап жүрген ұстаздарымыз балаларды баурап алатын сабақ жоспарларын дайындап, жаңа жүйені толық түсініп жұмыс жасау үшін барын салып келеді.
Біз, дәріс беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні – шәкірттер үшін күрделі де қызық пән. Бірі-бірімен байланысқан лексикалық, грамматикалық тақырыптарды түсінбей қалса, кейін меңгеру қиынға түсетінін әрбір ұстаз жақсы біледі. Сондықтан, біз, №148 мектеп-гимназияның қазақ тілімен әдебиеті ұстаздары әр тақырып бойынша бейне-сабақтар түсіріп, шәкірттерімізге «WhatsApp», «Telegram» желілері арқылы жіберіп отырсақ, «Zoom» бадарламасымен кейбір тақырыптарды ауызша талқылауға,сондай-ақ, мектеп басшылығының қатысуымен ұстаздар арасындағы жиналыс-конференцияларда байланысқа шығамыз. Әр сабақ сайын тың әдіс қолданып, сабақ беру платформаларын қосымша қолданып отыру мұғалім шеберлігіне байланысты. Сонымен қатар, «Google ClassRoom» арқылы тікелей эфирге шығып балаларға тапсырма берсек, өздері түсінбеген сұрақтарына кері байланыс ала отырып,оқушы баяу меңгерген тақырыпқа жаңа әдіс қолданамыз. Сондай-ақ, шәкірттеріміз «Kundelik.kz-тен» өтілетін тақырыптарды, үй тапсырмалары мен бағаларын бақылап отырса, «Bilimland.kz», «Mektep.edu.kz», «I-mektep.kz», «Daryn.Online» сайттарынан балалар қосымша білім алады. Байқағанымыздай, дәстүрлі оқытуға қарағанда қашықтан оқытудың ерекшелігі мен машақаты жетерлік, әйтсе де ұстаздар тарапынан білім беру үдерісі тоқтамай үлкен жұмыстар атқарылып жатқаны шындық.
Осындай кезеңде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас айқын көрінетіні кәміл. Мемлекет басшысының мәлімдемесіне үн қоса отырып, қауіпті індетті таратпауға, гигиена талаптарын орындауға атсалысу – баршаның қасиетті борышы деп білеміз!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі: Омарғазы Айгүл Машенқызы