Муханова Халзия Амановна
№6 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жақсылық дегенде,кез-келген адамның қуанышты күлкісі езуіне келіп,тек жақсы жағдайлар мен жақсы істерді,жақсы сөздерді ойлайтыны рас.Жақсылық-адамның көңілін көтеріп.қуанышқа бөлейтін әсерлі сәттерің бірі.
Жақсылық жасау дегеніміз – адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды атауға болады.Жақсылық жасау-адамды жақындастырады, достастырады.Бір-біріне деген сыйластығы артады.Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмтылмайды.
Жақсылықтың ісі ең алдымен жақындарыңнан,туысыңнан,достарыңнан басталады. Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек.Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді.Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады.Біз де сондай болуға тиіспіз.Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
“Жақсылық отқа күймес,суға батпас,
ГауҺар тас жарық қылмай жерде жатпас,
Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,
Жақсылықты еткендер жаман таппас”.
Жақсылық жасасаң,әрқашанда құдайдан қайтады деп те айтамыз.Онысы рас та! «Біреуге жапқан шапаныңмен өзіңнің жүрегің жылиды» демекші, расында өзгеден жақсылық көргеннен гөрі, біреуге жақсылық жасаған ләззаттырақ.Мұның сыры, бәлкім, жақсылық жасаудың өзге үшін ғана емес, өзіңнің де Ақыретіңе есепсіз көп пайда келтіретініңде жатқан шығар.
Әрқашанда кез-келгеніміз жақсылық жасасақ,бізге тек жүрегімізге жылылық ұялайды.Көмек беру-әр тұлғаның бойына дарыған күштің иесі.Көмек көрсету-ұлы сезім ұялату.Адамның нәсіліне,ұлтына,түріне қарамай жақсылық жасау-әр адамның рухани байлығы,адамгершілігінің деңгейі,көңіл көтерудің басты байлығы.Осыны ешқашан ұмытпаған жөн.