ҚазҰУ бүгінгі таңда еліміздің ең жоғары оқу орны болып қана қоймай, мемлекет басшысының стратегиялық бағытын іске асыру барысында білім беру саласындағы сапалы позицияларды бағындырған университет болып саналады. Дамудың даңқты жолынан өтіп, бүгінгі таңда Қазақстанды беделді халықаралық ғылыми білім беру қауымдастықтары ретінде танытуда. Университет тарихы әрбір табысты қадамда, ғылыми ашылуда, күнделікті педагогикалық қызметте және оның инновациялық игеруінде біздің өткен тәжірибеміздің бір бөлшегі бар екенін дәлелдейді. Еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына экономиканың қарқынды дамуына бағытталған бәсекеге қабілетті мамандар даярлау университеттің басты міндеті болып табылады. Жоғары білім берудің негізгі міндеті сол саладағы мықты мамандарды даярлау ғана емес, олардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерінің жетілуіне, кәсіби мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінің жетекші оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бай дәстүрлер, оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмысындағы көпжылдық тәжірибе, жоғары кәсіби профессорлық-оқытушылық құрам – осының барлығы университетке ондаған жылдар бойы әртүрлі саладағы үздік мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі жектекші оқу орындарының алдыңғы қатарынан табылатын университет болып саналады. «Қала ішіндегі қалашық» тіркесімен танымал болған университетте студенттердің сапалы білім алуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Бүгінгі таңда университет талапкерлерге сан алуан мамандықтар ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешен болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттік өмірі мен әлеуметтік бағдарламалары да сан алуан. Университетте студенттерге бүкіл әлемнен дарынды ғалымдар мен студенттерді тарта отырып, спортпен, мәдени іс-шаралармен және Орталық Азияда айналысуға мүмкіндік беретін көптеген клубтар мен ұйымдар жұмыс жасайды. Университет студенттердің интеллектуалдық дамуы үшін қолайлы жағдай жасауды және олардың оқу және ғылыми қызметінің барлық аспектілеріне, атап айтар болсақ, жақсы оқитын білім алушыларға шетелде оқып келуге мүмкіндік беріп, барынша қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігіне одан әрі дамуға, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған университеттің орасан зор білім беру, ғылыми, рухани-ағартушылық, инновациялық және өндірістік әлеуеті бар.
ҚазҰУ – шынайы достық пен сыйластықтың, адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін білім ордасы.
Рысбаева Рахатай,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ақпараттық технологиялар факультеті
Интеллектуалды басқару жүйелері
мамандығының
1 курс магистранты
Куралова Алтынқыз,
Филология факультеті
Шет тілдер кафедрасының
оқытушысы