Дүниежүзілік су күні қарсаңында (World Water Day немесе World Day of Water) әлемде жыл сайын 22 наурызда атап өтіледі.
2024 жылғы 13 науырызда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Роза Ережепқызы «Су – тіршілік көзі» атты 6-шы ТДМ «Су ресурстары мен санитарияның бар болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету» жүзеге асыру аясында ғылыми семинар өткізді.
Ғылыми семинардың мақсаты — су ресурстарының қазіргі жағдайына баға беру, қорғау, рационалды пайдалану. Қазақстан Республикасының су ресурстарының жай-күйі, жалпы су қоры, олардың тапшылығы және су ресурстарының негізгі мәселелері туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, аталған мәселелердің алдын-алу, оларды шешу жолдарын талқылай отырып, су ресурстарына жүргізілетін мониторингтің түрлері және функциялары жайында деректермен бөлісті. Су — адамзаттың өмір сүруі үшін ең қажетті ресурстардың бірі. Сондықтан, су ресурстарының тұрақты дамуы, біздің ұрпақтарымыз үшін жарқын болашақтың кепілі болып табылады. Ғылыми семинар тақырыбы бойынша көптеген қызықты сұрақтар қойылып, алдағы жоспарлары белсенді талқыланды
Роза ЕРЕЖЕПҚЫЗЫ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының
аға оқытушысы, философия докторы (PhD)